"Өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді таңау" дұрыс па?

Сәлем сұлу да сымбатты құрбылар! Мен сіздермен сыр бөліскім келіп еді. Мен жалпы "өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді таңда" деген ұстанымды ұстанатын жанмын. Мүмкін осы кезге дейін ешкімді құлай сүймегесін бе көзқарасым солай.

 

Жалпы осы кезге дейін сөз айтқан жігіттер аз болмады. Бірақ білесіздер ғой қазіргі жігіттермен аздаған уақыт сөйлесесің ұнататынын айтады, бірден ия демитінің анық қой. Жоқ деп сынайсың. Осы жауапты естіген соң із-түссіз жоқ боп кетеді. Былайша айтқанда сезімдері "made in china", бұндай жігіттер мүлде ұнамайды.

 

Осыдан 1 жарым жыл бұрын бір жігітпен сөйлесе бастадым. Ол жігіт те сөз айтып жүрді. Бірақ ол бұрын менің құрбымды ұнатқан болатын (содан 2-3 жыл бұрын). Сондықтан аса мән бере қоймадым. Бетін қайтарсам ойы өзгерер деп сөйлесіп жүре бердім. Бірақ ол ондай жігіт болмай шықты. Қаншама рет бетін қайтарғанмен, сөз салуын доғармады.

 

Сөйтіп жүріп жарты жылдай уақыт өтіп кетіпті, өзімде бауыр басып қалдым. Оның үстіне ауылдық жерде тұрғасын кімнің қандай екенін қандай отбасынан шыққанын жақсы білесің ғой. Оның жақындары жақсы адам көрінді.

 

Сонымен аса ұната қоймасамда келістім. Жүре бастағаннан ақ көңілімді аулап әртүрлі тосынсыйлар жасап жүрді. Оны жақын тани бастадым. Ол өзі айтады оқу бітіргесін үйленеміз деп, мен де келісетінімді айттым.

 

Бірақ жақын таныған сайын отбасының былықтары туралы да біле бастадым. Оның екі нағашы ағасы жүріс жасайды екен. Бір ағасы әр әйелмен бір жатып, ойнас жасаса, екінші ағасы әйелі бола тұра бір бойдақ әйелмен ерлі-зайыптылар сияқты болып бірге жүреді екен. Оған қоса өзінің атасының басқа әйелден балалары бар.

 

Мен оны құлай сүйе қоймасам да өзімнің болашақ жарым ретінде көретін едім. Бірақ мыналарды білгеннен соң, ол да соларға ұқсап кетеді ме деп қорқамын. Мүмкін осы бастан доғарсам ба екен, әлде олай еткенім қате ме?

 

Әпкелер ақыл қосыңыздаршы. Мүмкін бұл сіздер үшін болмайтын бір проблема шығар. Бірақ мен үшін өте маңызды. Осы ой ішімді жегідей жеп барады. Сондықтан ой қосуларыңызды сұраймын.

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста