Өзіме жар табылар, екі ұлыма әке табылмайды ғой...

kakimenno.ru

«Мен бір кездері сондай бақытты едім. Алайда бақыт деген көктемгі бұлт сияқты, ұшқан құс сияқты бір-ақ күнде басыңнан тайып кетеді екен ғой. Мен қазір артта қалған бақытты күндерімді сағынышпен еске аламын. Соңғы 4 жылда мен өзімді өмір сүріп жүрген адам ретінде есептемеймін, әйтеуір тірімін, кеудемде жаным бар» деп хат жолдапты Жанар есімді оқырман. «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарына Жанардың жанын күйзелткен мұңы мен сырын қалың оқырманға ұсынып отырмыз. Оқыңыз, ой қосыңыз!
«Біздің қызыққа толы студенттік өміріміз Алматы қаласындағы ҚазҰУ-дің қалашығында өтті. Туған жерім Тараз қаласында мектеп бітіріп келгеннен кейін ҚазҰУ-дің филология факультетіне оқуға түстім. Жатақханда қыздармен бірге тұрып, бірге сабаққа барған уақыттың өзі қандай бақытты шағымыз еді. Біз бір бөлмеде Анар, Венера үшеуміз тұрдық. Шымкенттік Анар атты қыз қараторының әдемісі, нағыз сылаңдаған хас сұлу болатын. Ал Семейдің қызы Венера – тықылдаған пысық қыз, жатақханада студенттер кеңесінің төрайымы. Ал мен өз тобымның «старостасы» болдым. Үшеуміздің достарымыз өте көп еді, бірақ сабақта да, жатақханада да біз үшеуміз жұбымыз жазылмай жүретінбіз.
Үшінші курс оқып жүргенімізде Венераның туған күнін тойламақ болып бір топ қыз бөлмеге жиналдық. Туған күн кешіне Виканың (Венераны солай атайтынбыз) ауылдастары келмекші болды. Вика дастархан жайып әуре болып жатқанда кезекші студент келіп астыңға қабатта туған күн иесін бір жігіттің шақырып тұрғанын айтты. Виканың қолы тимей жатқан соң қонақты қарсы алуға мен шықтым. Вахтада отыратын апайлардың жанына келіп, қонақты ішке кіргізуге рұқсат сұрап, есіктің алдына шықсам, қолында бір шоқ раушан гүлдері бар, ұзын бойлы, аққұба жігіт тұр екен. Сымбатты жігіттің алдында біртүрлі ыңғайсызданып қалдым. Сасқанымнан: «Сіз Викаға келдіңіз бе? Атыңыз кім?» деппін. Ол маған қарап жымиды да. «Есімім Айдос, Иә Венераға келдім, мен оның ауылдасы боламын» деді. Айдосқа өзімнің атымды да айтпаппын, оны ертіп бөлмеге келдік, қонақтар біраз жиналып қалыпты. Бәрі өзіміздің күнде көріп жүрген қыздар мен жігіттер. Тек Айдос қана көпшілігімізге таныс емес еді. Венера оны дастархан басында барлығымызға «Менің ауылдасым, жақсы досым Айдос. Біз кішкене кезімізден бірге өсіп едік. Айдос жақында Семейдегі оқуын бітіріп, Алматыда жұмыс істеуге келді» деді. Бұрын Вика өзінің Айдос деген өте білімді, сымбатты досы бар екенін айтып жүретін, бірақ өзін көрмегеннен кейін оның сөзіне аса мән бермеппін.
Мен Айдосты бір көргеннен ұнаттым, оның өзі өзі ұстауы, түр-келбеті, сөйлеген сөзі, мұнтаздай тазалығы мені бірден баурап алды. Өзім Айдосты қатты ұнатсам да, ол маған көз салады деп үміттенген де жоқпын. Айналамызда Анар секілді небір сұлулар тұрғанда маған қарамайтын шығар деп ойлайтынмын. Бірақ уақыт өте келе Айдостың өзіме деген ынтықтығын сезе бастадым. Ол маған раушан гүлдерін жиі сыйлайтын. Екеуміз студенттер қалашығында қол ұстасып ұзақ қыдырушы едік. Бір-бірімізді бір күн көрмесек сағынатынатын болдық. Бір жылдай кездесіп жүріп, мен 4 курсты бітіргеннен кейін отбасын құрдық. Айдос өз мамандығы бойынша банкте қызмет етті. Мен магистратураға түсіп, қосымша мектепте мұғалім болып істеп жүрдім.
Айдос өзінің отбасында жалғыз ұл, өзінен кейін екі қарындасы бар. Айдос екеуміздің тұңғышымыз Жанарыс дүниеге келгенде қуаныштан жарымның төбесі көкке жеткендей болды. Ата-енем де жалғызының ұлды болғанын, өздерінің немерелі болғанын естігенде дүркіретіп той жасап, қуаншытарын көпшілікпен бөлісті.
Айдос ең бірінші орынға отбасын қоятын жауапкершілігі өте жоғары адам болғандықтан бізді пәтерден пәтерге сабылтпай баспаналы болуға әрекет жасады. Екеуміз бөпемізді құшақтап жүріп жас отбасыларға берілетін мемлекеттік пәтер кезегіне тұрып, ұлымыз 3-ке таяғанда баспаналы болдық. Ол маған ылғи да «Жаным, мен барда ештеңеден қорықпа, аман болсақ балаларымзды ешқашан тарықтырмай өсіреміз» деуші еді.
Пәтерге қолымыз жеткен кезде барлық достарымызды шақырып тойлаттық. Достарымыз Айдосты өздеріне үлгі тұтып, «сендердің жолдарыңды бізге берсін» деп жүретін.
Жанарыс 4-ке толғанда дүниеге екінші ұлымызды әкелдім. Бекарыс туылғанда Айдос перзентханаға бір құшақ раушан гүлін әкеп, алдынан шыққан дәрігерлерге, қыз-келіншектерге таратқаны әлі есімде. Ол жұмыстан шаршап келсе де, маған көңіл бөлуге, ұлдарын ойнатуға әрдайым уақыт табатын.
Тұңғышымыз Жанарыс 6 жасқа толып мектептке баратын болды. Әкесі оны алғашқы қоңырауға өзі жетектеп апарды. Жанарыстың әкесіне бауыр басқаны соншалық, Айдос кейде жұмыстан кешіксе, ол терезеден көз алмай қарап күтіп отыратын, әкесі келмесе тамақ та ішпейді, ұйықтамайды да.
Бірде Айдос Семей қаласында бір досының туысы қайтыс болып, аяқ астынан жолға жиналды. Алматыдағы достар жиналып Семейге Айдостың көлігімен шығатын болды. Жарымның алыс жолға шыққанын іштей біртүрлі қаламай тұрсам да, амал жоқ, қимай қоштастым. Ол сапарға кеткен түні Жанарыс та ұйықтамады, Бекарыс та түнімен шырқырап жылады. Түнімен ұйықтамай, таң ата талықсып ұйықтап кеткен екем, телефонның шырылдаған дауысынан ояндым. Телефоныма қарасам, Айдос... Қуанып кетіп «Алло, жаным, жеттіңдер ме?» деп едім ар жақта біраз үнсіздіктен кейін өзге бір ер адамның дауысы: «Сіз Айдостың әйелі боласыз ба? Жанар, сіздің күйеуіңіз жол апатына ұшырап қайтыс болды» дегенін естігенімді білем. Осы сөзді естігенде төбемнен біреу мұздай суды құя салғандай денем қалтырап, көзім қарауытып есімнен танып қалыппын. Ары қарай не болғанын білмеймін. Бір білетінім, мен бір-ақ күнде сүйіктім Айдосымнан айырылып қалдым. Менің жаным неге бізді тастап кетті? Айдостың өлгеніне сенгім келмейді. Ол алыс сапардан әлі де оралатын секілді, телефоным шырылдаса, ар жағынан Айдостың дауысын еститіндей елеңдеймін. Бірақ... Айдос келмейді, ол ешқашан келмейді. Балаларыма әкесінің жоқтығын білдіртпеу үшін, көңілдеріне қаяу түсірмеу үшін мықты болуға тырысамын, бірақ түн баласы көз ілмеймін, жылай-жылай таңды атырамын. Бекарысым әлі кішкене ғой, әкесінің неге ұзақ келмей кеткенін түсінбейді. Ал Жанарысым әкесінің қайтыс болғанын, енді ешқашан келмейтінін біледі. Ол мені аяйды, білем, бала болып мазамды алмайды, әкесін сұрамайды. Бірақ әкесі қайтыс болғалы Жанарыс ешкіммен сөйлеспейді, бұрынғыдай асыр салып ойнамайды, мінезі тұйықталып кетті. Психолог мамандарға да апардым, оның көңілін табу үшін қызықты үйірмелерге де беріп көрдім, бірақ балам әлі де ашылып сөйлемейді, жарқ етіп күлмейді. Мен ұлдарымды қанша жақсы көрсем де, әкелерінің орнын баса алмайтынымды білемін. Оның үстіне балаларым бірі мектепте, бірі балабақшада. Оларды тамақтандыру, киіндіру, мемлекеттік бағдарламамен несиеге алған баспанамыздың қарызын өтеу, барлығы өз мойнымда болғандықтан балаларыма тиісінше көңіл бөле алмай да жүрмін.
Ұлдарымды әкелері секілді ақжарқын, намысшыл, саналы азамат етіп тәрбиелегім келеді. Бірақ осыған менің күш-жігерім жетер ме екен деген ой мені жиі мазалайды. Отызға толмай жарымнан айырылып жалғыз қалған мен бейбақ балаларымды аяғынан тұрғызу үшін Жаратқаннан күш-қуат сұраймын.
Күйеумінің достары, өзімнің достарым, ағайын-туыс ара-тұра бізге көмектесіп тұрады. Бірақ қазіргі заманда әркімнің өз отбасы, өз проблемалары бар, қайта-қайта біреуден көмек сұраудың өзі ыңғайсыз. Менің таңнан кешке дейін тырбыңдап тіршілік жасап жүргенімді көрген таныстарымның арасында кейбіреулер «Жанар-ау, жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Әлі жап-жассың, ақылыңа көркің сай келіншексің, өзіңе тіреу, балаларыңа әке болатын азаматқа тұрмысқа шықсаңшы» деп жатады. Тіпті кейде таныстарым, әріптестерім мені жақсы бір азаматпен таныстырайық деп қолқа да салды. Телефоныма хабарласып, кездескісі келетін жігіттер де болды. Бірақ мен Айдосымды басқа біреуге қалай айырбастаймын? Ол өмірде жоқ болса да, менің жүрегімде мәңгілік өмір сүреді. Егер мен жаңа өмір бастағым келсе, маған жар табылар-ау, бірақ ұлдарыма әке табылмайды ғой...
Жанымда Айдос екеуміздің балаларымыз барда мен жалғыз емеспін. Менің өмірімнің мәні де, сәні де – балаларым. Сондықтан мен өзімнің жеке өмірімнің соңғы парағын мәңгіге жабуды жөн көрдім. Өзімді жесір деуге, балаларымды жетім деуге аузым бармайды, бірақ Жаратқанның маңдайыма жазғаны осы болса, басыма салғанына көндім...»

Жанар, Алматы қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста