Өзге жігітке өлердей ғашықпын

 Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым. Маған да кеңес беріңдерші, жасы үлкен әпкелер.

Жасым 25- те.Тұрмыстамын.Тұрмыс құрғаныма 4- жыл болды.1- балам бар.Күйеуім жайлы айтатын болсам,күйеуімді бұрын қатты жақсы көретінмін.Қанша қол жұмсаса да кешіре беретінмін. Әлі күнге дейін қол жұмсап келеді. Түсінгенім, бір қол көтерсе, сол әдет болып кетеді екен. Қояды деп үміттену бекер екен...

Қазір күйеуімді сүймейтін сияқтымын. Өйткені оны көргенде ашуым келеді.Қаншама рет кешірдім деп ойлағаныммен, іштей бір нәрсе бершімек болып жинала беріп, жек көрушілік сезімге ұласып кеткен сияқты. Өйткені сәл нәрсеге бола қол көтереді. Адам деп әңгіме айтып, бір дастархан басында шүйіркелесіп шәй ішкен емеспіз.

Ер адамнан мейірім көрмеген әйел баласы, сырттан мейірім іздейді ғой. Жылулық іздейді. Мен де солай табиғат заңына қарсы келе алмадым. Бір жігітке сырттай ғана ғашықпын. Ол жігіт менің ұнататынымды білмейтін де болуы керек. Бірақ...әттең менің күйеуім сондай болғанда ғой деп армандаймын. Оның танымы,түсінгі мүлде бөлек жаратылыс. Болмашы қабақ шытқаныңды сезіп қояды. Не болды?- деп сұрап жатады.

Ғашық болуға болмайды деп ақыл айтып ұрыспаңдаршы.Білем балалы әйел екенімді,күйеуім барын. Баламды әкеден айырып бақытты боламын деп те ойламаймын. Бірақ сезіміме тұсау қоюға да шарасызбын.Күйеуім әлі күнге қол көтереді. Ана жігітке сезімімді білдірсем бе екен? Әйел жолы жіңішке екенін де,күйеуі бар әйелге олай болуы мүмкін емес екенін де білемін. Бірақ...тағдырыма қарсы келе аламын ба? Не істеймін?

Аноним
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста