Отырған қыз орнын табар

Отырған қыз орнын табар

Сіздердің отбасылық мәселелерге арналған айдарларыңызға өз ойымды қосқым келеді. Қыз бала өз жолын табу керек деп көбі ерте күйеуге шығып жатады, ал 25-30 жасқа келгендер кәрі қыздар қатарына қосылады. Осыған орай өз оқиғамды айтайын.
Біздің ауыл өте кішкентай. Ауыл тұрғындары бір-бірін жақсы таниды, жақсы араласады. Менің 1-сыныптан бері дос болған Мақпал, Қуаныш, Жадыра деген құрбыларым бар. Төртеуміз тату, бір үйдің баласындай өстік. Мектеп бітірген соң, әрқайсымыз әр жаққа кеттік. Менің және Жадыраның үй-іші жақсы тұрғандықтан екеуміз Алматыға оқуға кеттік. Мақпал мен Қуаныш облыс орталығындағы медучилищеге оқуға түсті. Бір-бірімізбен хат алысып, сағынысып, араласып тұратынбыз. Көп ұзамай Мақпал тұрмысқа шығып, күйеуінің айтуымен оқуды тастап кетті. Күйеуі өзінен 13 жас үлкен еді, сол үшін аса бізбен де араласпайтын. Тойына, кейін үйіне қонаққа барған кезімізде ол бізді аса жақтырмады. Кейін Мақпал семьялы болғанын сылтауратып, бізбен де араласпай кетті.
Жадыра екеуміз диплом алған соң, Алматыда қалдық. Бірге пәтер жалдап тұрдық. Ісіміз алға басып, ауылда қалған туыс-бауырларға көмек беріп тұрдық. Қуаныштың да Алматыға келгісі келді. Бірақ, оның жағдайы келмеді. Жалғыз анасын тастап кете алмаған соң, ауылға кетті. Жұмыс таба алмай көп жүрді. Жарты жылдан кейін оның тұрмысқа шығып кеткенін естідік. Көрші ауылдың баласы үшінші кездесуде алып қашып кетіпті. Барған жерінің жағдайы болмаған соң, тек неке қиюмен шектелді. Қуаныш тұрмысқа шыққан соң, бізге «Қыздар, қыз бала 25-ке дейін тұрмысқа шығыңдар, тойларыңа шақырыңдар тезірек» деп бізге әр кез смс хаттар жіберіп отыратын. Жадыра екеуміз жұмыс басты болған соң, оның сөзіне аса мән бермейтін едік. Ауылға да көп бара бермейтінбіз. Кейін Жадыраның анасы ауырып, ол жұмыстан сұранып, 2 ай ауылда болып қайтты. Ауылдан келген соң, Жадыра өзгере бастады. Бар ойы тек күйеуге шығу болды. Асығыстық жасап, 1,5 ай ішінде өзінен 8 жас үлкен, бұрындары ажырасқан Берік деген жігітке тұрмысқа шықты. Ол да Мақпал секілді тұрмысқа шыққан соң, бізбен араласпай кетті. Мен пәтерде жалғыз қалдым. Тек Қуанышпен араласып тұрдым. Уақыт өтіп жатты. Қуаныш күйеуімен ажырасып, 1,5 жасар баласымен төркініне кетті. Күйеуі наркоман екен, отбасылық өмірде өтірік, жетіспеушілік, ұрыс-керіс көп болған деді. Үйіне келген соң, баласын бағып, жұмысқа тұра алмай, үй шаруасында қалды.
Мақпал мен Жадыраның қалын ата-анамнан, Қуаныштан ғана біліп тұрдым. Ауылға ара-тұра барғанымда мені көргендер: «Күйеуге тимейсің бе?! Ойбай, 29-ға келіп, отырып қалдың! Енді сені кім алады? Бала туа алмай қаласың» деп жан-жақтан сөйлеп кететін. Тіпті, ажырасып келген Қуаныш та күйеусіз қалғанымды бетіме басатын. Бұл сөздер ата-анамның да көңіліне қатты тиетін. Сол үшін де ата-анам бұл сөздерді маған да айтатын. Ол маған ұнамайтын. Ауылға осы сөздерді естімес үшін барғым келмейтін. Алматыдағы достарым да, жұмыстас кісілер де, туыстарым да менің тұрмысқа шыға алмай қалатынымды, оң босағада отырып қалғанымды айтатын. Шыны керек, менің жеке өмірімде еш жаңалық болмайтын. Туыстарымның сөздерінің жаны бар. 29-ға келсем де бір жігітпен қолұстасып, қыдырған емеспін. Болашақта жақсы жігітке тұрмысқа шығатыныма сендім. Бірақ, жан-жақтан қаумалаған адамдардың күйеуге шықпай қалғансың деген сөздері жаныма бататын, сол себептен көп жандармен араласпайтынмын. Жұмысымды істеп, жағдайымды жасап жүре бердім. Жасым 32-ге келгенде өзіммен жасты күйеуім Жанғалимен аяқ асты танысып, бір жылдан кейін тұрмыс құрдым. Ата-анамыздың батасын ғана алып, үлкен той, құдалық жасамай, үйлендік. Қазір Астанада тұрамыз, екі ұл, бір қызымыз бар. Жолдасым екеуміз банкте жұмыс жасаймыз. Биылғы демалыста менің ауылыма бардық. Көптен бері көріспеген туыс-ағайынмен, мектептегі құрбыларыммен кездестім. Кезінде күйеуге тимей қалғанымды бетіме басатын барлығы жолдасымды, балаларымды көріп, таңырқап жатты. Жүріп-жүріп, жақсы жігітке жолығыпсың деп айтты. Кішкентайдан тату болып, бірге тең өскен құрбыларымның тағдыры әр түрлі болғанын жүрегім ауырды. Қуаныш анасын қарап, баласын өзі жалғыз өсіріп жатыр екен. Жадыраның ата-анасынан оның жалғыз қалғанын естідім. Берікпен 2 жылдай тұрып, балалы бола алмай, ажырасып кеткен екен. Алматыда бухгалтер болып жұмыс істейді екен. Мақпал көрші ауылда тұрып жатыр екен. Жолдасы ішімдікке жақын дейді. Оның балалары есейіп, студент болыпты.
Ауылда жүргенімде Қуаныш құрбым бір өзімді қонаққа шақырды. Маған: «Асықпау керек екен ғой. Төртеуміздің арамызда сен ең соңғы күйеуге шығып едің, бақытты екенсің. Саған бұрындары ақылды адам болып күйеусіз қаласың деуші едім, енді өзім жалғыз басты анамын. Сенен сол сөздерім үшін кешірім сұраймын. Ойланбастан айта беретін едік, енді басыма келіп отыр. Балаңмен болса да күйеуге тиіп ал деп айтатындар көбейді. Ал мен тағы қателескім келмейді. Екі қана кездесіп, күйеуге шығып кетіп едім, ол болса шөп шегетін болып шықты. Ажырасқалы бері бір араласпадық. Баласына да қарамайды. Сен секілді жүмысқа тұрып, уақыт келгенде неге тұрмысқа шықпадым деп көп ойланамын» деп ағынан жарылды. Мен оны қатты аяп кеттім. Расында да төрт қыздың ішінде ең көп сөз естіген мен едім, менің ғана жолым болыпты. Бірақ, мен тұрмысқа шыққым келмегендіктен кеш шыққаным жоқ. Орайы солай болды. Жағдайымды жасадым, сөз салған жігіттер болмады. Кеш шықсам да орнымды таптым. Жолдасым өте жақсы азамат. Кезінде сөздерімен көңіліме, намысыма тиетін жандар қазір маған басқаша қарайды. Айтқым келетіні, қызға пәленше жаста күйеуге шығу керек, отырып қалады, кәрі қыз деген сөздерден арылу керек. Мұндай сөздер адамның көңіліне тиеді. Олай айтуға ешкімнің хақысы жоқ деп ойлаймын. Елден қалмайын деп тұрмысқа ерте шығып, сан соғып қалмау керек. Үйлену ойыншық ойнау емес. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тұрмысқа ерте-кеш шықсаң да, өкініп, ажырасып, балалардың обалына қалмау керек деп ойлаймын.
Қымбат,
Астана қаласы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста