"Отбасым ақ батасын берді" - қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы

Әлеуметтік желіде қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақстандық қалыңдық қызу талқыға түсті. Ұзату тойы кезіндегі суреттер Instagram-дағы бірнеше топта тарап кетті. Суретке түрлі пікір жазылған. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықпен байланысып, ата-анасының қалай қарағаны және ұзату тойы қалай өткені туралы сұрап білді.  

Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздың есімі - Заида. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тумасы. "Теңізшевройл" компаниясында үш тілді аудармашы болып жұмыс істейді. Заида болашақ жарымен қалай танысқанын әңгімелеп берді. 

"Ол кісі - Атырауда ағылшын тілі мұғалімі. Өзім 28 күндік вахтада жұмыс істеймін. Сосын үйге келген кезде Атыраудағы білім орталығының бірінде он күн жұмыс істейтінмін. Яғни он күн бойы 9-дан 18.00-ге дейін сабақ беремін. Жолдасым да сол орталықта істейтін. Бірақ менің сабағым аяқталған кезде ол кісінің сабағы басталатын. Көбіне дәлізде кездесіп қалатынбыз. Амандасып, таныстық. Бірде оқу орталығы WhatsApp-та топ ашып, бәрімізді сол топқа қосты. Сол жерден ол кісі менің номерымды біліп алған. Былтыр пандемия басталғанда үйде карантинде жаттық. Сыртқа шығуға тыйым салынды. Мен карантинде болған кезде ол кісі де қашықтан онлайн істеп жүрді. Бастапқыда қал-жағдайымызды сұрасып, 2-3 айдай телефонмен сөйлесіп жүрдік", - дейді Заида. 
 
 
Артынша кездесіп жүргендеріне 7-8 ай уақыт шамасында, яғни биыл қаңтарда үйленуге ұсыныс жасаған екен.

Заиданың ата-анасы олардың бас қосуын бастапқыда ауыр қабылдаған екен. 

"Енді жүріп жүрген кезде ата-анам "ойланбайсың ба" деген сияқты айтты. Басында аздап қарсы болды. Артынша ұсыныс жасағаннан кейін таныстырдым. Жолдасым - Нигерияның тумасы, адамды бірден баурап алады. Ата-анам ол кісімен танысқаннан кейін жүректері орнына түсті. Менің болашақ жарым "Қазақстанда азаматтық алуы үшін ұсыныс жасаған" деген сияқты сөздер болған. Бірақ олай емес. Жолдасымның Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар. Одан бөлек, жолдасымды өз елінде "әйелі тастап кеткен" немесе "сотталған" деген сияқты сөздер болды. Бірақ біз барлық құжатын алдырып, ондай емес екеніне көзіміз жетті. Мен үшін бастысы ата-анамның, інілерімнің, ағаларымның батасын алу болды. Отбасым ақ батасын берді", - дейді Заида. 


Заида мен жары әзірше Қазақстанда тұратынын айтады. Ал ұзату тойы үйде шағын түрде өткен.

"Анам 11 ағайынды, әкем 7 ағайынды. Анам жағынан, өкінішке қарай, бәрі келе алмады. Әкем жағынан туыстарымыз келді. Жалпы 40 адамдай болды. Жолдасым жағынан екі адам: жеңгесі мен інісі келді. Олар біздің салт-дәсүрімізді жақсы қуана қабылдады. Бастапқыда дәстүрімізбен таныстырдым. Анасы сүті деген секілді ғұрыптарды түсіндірдім.

Бізде батыс аймақта қалың мал жоқ, бірақ ана сүтін, той малын алып келді. Үйлену тойымызды әзірше Атырауда шағын өткіземіз. Өз еліне баруға пандемия салдарынан мүмкіндік болмай отыр. Жағдай жақсарғаннан кейін, шекара ашылса Нигерияға да барамыз. Жолдасымның ата-анасы келе алмадық деп өкініп отыр, анасы бір жылап та алды", - дейді Заида.       


Заида шекара ашылса, жолдасының еліне де барып, үйлену тойын жасайтынын айтады.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста