Оқымағаным үшін келін емес күң болдым

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Қазіргі кезде келіншектерге рақат, от жақпайды, сиыр саумайды, суық су, ыстық сулары дайын, баланың жөргегін жуып әуре болмайды, ыдысты да, кірді де машина жуады. Біз болсақ, баламызды арқалап жүріп тезек теріп, от жағып, қазан-ошақтың қасынан кетпеуші ек», деп үлкен кісілер өздерінің көрген қиындықтарын әңгімелеп отыратынын жиі естиміз. Ия, рас бүгінгі заманды бұрынғымен салыстыруға келмейді. Қазір тіпті ауылдың өзінде су тасып, от жағатын келіндер көп емес. Алайда менің ауылдағы жеңешем өткен ғасырдың адамы секілді. Ауылға анда-санда барғанда жеңешемнің бір тынбай тірлік жасағанын көріп таңғалатынмын. Аузынан сөз де шықпайды, оның қашан ұйықтап, қашан тұратынын ешқайсымыз білмей қалатынбыз. Жақында сол жеңгем салы суға кетіп қалаға келді. Біраз күн іштен тынып үндемей жүрді. Бір күні кешке шәй үстінде әңгімелесіп отырғанбыз, ол өзінің өмірі ешкімге ашпаған сырын ағыл-тегіл жылап отырып ақтарды-ау келіп. Жеңгемді аяп кеттім. Өзім «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарының тұрақты оқырманымын.  Маржан жеңгемнің мені қатты толғандырған жанайқайын қағазға түсіріп редакцияға жолдап отырмын.

Балалық махаббаттың жетегіне еріп мектеп қабырғасында соңғы сыныптарда оқып жүргенде өзімнен бір сынып жоғары оқитын бір жігітпен жүрдім. Тағдырдың жазуы шығар мектеп бітірген соң 2 жылдан кейін сол жігіке тұрмысқа шықтым. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп айтып отыратын үлкендер сөзін елемеген жиырмадағы албырт шақта жастығымның да келін атанумен бірге аяқталатынын сезбеппін ғой. Қазір өкінгенмен амал нешік тағдырдың басқа салғанына көндім. Төрт қыз дүниеге әкеліп, сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығатын елеусіз адамына айналдым. Алғаш үйленген жылдары енемнің қаталдығын «келінді бастан» дейтін өз ауылымыздың салты ғой деп елемедім. Не айтса соны істеп, еш сөзіне қарсы келмедім. Кеш жатып, ерте тұру мен үшін қалыпты жағдай болып қалды. Басымда орамал, иіліп сәлем ету жаттанды әдетіме айналды. Мұның бәрін қойшы ауылда екі келінің бірінің істейтін әрекеті ғой бұл мен үшін түкке де тұрмайтын. Менің жанымды жегені жайылып жастық иіліп төсек болып жатқанда сені қатарға қоспай, адам ретінде елемегендері.
Біздің жас жұбайлар, кейіннен ерлі-зайыптылар болып сырласып шүйіркелесіп отыратын жеке бөлмеміз болмады. Біз үйдегілер шай ішіп, тамақтанатын бөлмеде ұйықтайтынбыз. Жастықпен жүріп бұл қолайсыздықты елемедік. Бірақ кейін осы жолдасым екеуміздің арамызды суытты. Үй тіршілігімен ерте тұрамын, кеш жатамын. Жолдасыма еркелейтін де уақыт жоқ. Ауылдың күйбің тіршілігі біткен бе, үй шаруасын бітірген соң қорадағы мал жайғару да мені күтіп тұрады. Сиыр сауу была тұрсын малға шөп беру, қиын далаға тасу бәрі менің мойнымда. Су тасу тағы бар. Су тасу демекші бірде.екі иығыма инағашты салып екі шелек суды қарға омбығып көтере алмай келе жатқанмында алдымнан жолдасым шығып көтере бергені сол еді алыстан бізді бақылап тұрған енем «таста, қатынның тірлігіне араласпай» деді. Шешесінің сөзіне қарсы келмей шелекті жерге қоя салды. Жылайын десем жылай алмай өксігім өзегімді ашытып, суды әзер тасып бітірдім. Осыдан кейін жолдасым маған жәрдем біреді-ау деген түсініктен мүлдем арылдым. Енемнің қабағы ашып болсыншы деп ертелі-кеш бір отырмайтынмын. Сөйтіп жүріп тұңғыш перзентімді 7 айлығында үйде босанып қалдым. Қазақтың ескі салтымен алғашқы немере әжесінің баласы болды. Жолап кетсем, «былай тұр өзім алам» деп жүргенде омырауымнан сүт те кетіп қалды. Оның үстіне енем бала дүниеге келгеннен бастап «Қаладағылардан хабар бар ма, мына баланы асырып ал дейтін. Баласыз жүргендеріне 10 жыл болды ғой» деп қаладағы қайнысынан хабар күтіп отыратын. Естіген сайын бейкүнә періштеген қарап қорған бола алмайтын шарасыз күйімді сезіп жүрегім ауыратын. Қайта қаладағы қайным біздің баланы алмайтындарын айтты. Ал кішкене қызым тілі шыққан соң енемді «мама» деп, менің атымды атады. Мұнан кейін араға бір жыл салып тағы бір қыз дүниеге әкелдім. Аналық махаббаттың не екенін сезініп, көп аналармен бірге екіншімді перзентханада босандым. Үйге келген күні баланы бесікке салдық. Екіншімді емізіп жүрдім. Бесікте қасымда болатын. Жас босанғам. Күндіз үйдің тірлігі шаршаймын. Бір күні түнде баланың астын ауыстырып, емізгеннен кейін жаныма алып, көзім ілініп кетіпті. Енемнің «қасың алма, иісің сіңіп қалады» деген өктем үнінен шошып ояндым. Осылайша екіншімді де менен алыстатып тәрбиелеуге көшті. Бұл жолы енем тағы да «Ақтаудағы інімнің екі ұлы бар, келін бір қыз керек деп еді» деп әңгіме көтеріп еді, атам үндемейтін, сөйлесе бір ауыз сөзбен тоқ етерін айтатын кісі еді «бала таратқыш болғансың ба, бұл менің қаным» деп тоқтатты. Сондағы енемнің маған жеткізе алмағаны «ұл тумағанымды» ескеру екен. Күндер зырғып өте берді. Бар жоғы 24 жасымда 2 перзенттің анасы атанып үлгердім. Менің жастық шағым өзімідің құм басқан ауылда тұншығып өттіп жатты. Бәріне көндім. Жолдасым ешқайда қол ұстасып қыдырмайтынбыз. Бар алданышымыз мал бағу. Менің қосымша үй тірлігім бар, әйтеуір тыным таппаймыз. Сонда да енем жиі-жиі «сендер түк таппайсыңдар мен сендерді асырап отырмын» деп тепсініп қоятын.
Жазда жайлауға кетеміз. Енемді көрмеудің ең оңтайлы сәті осы кезде туады. Ерте көктемнен, қара күзге дейін сонда боламыз. Жолдасым шөп шауып, сатып жатады. Менің сол баяғы сауатын малым бар, тамақ-шай, кір қоң жуумен қабатаса жүріп, қап-қап құрт-ірімшік беріп жібермесем енемнің «бәленшенің келіні құрт жасап жіберіпі, сатып жатыр. Біздікіні құр жатыс» деген тағы бір әні басталып кетпесін деп оған да жанталасам. Кейде тіпті жібергеніңді азсынады. Күннің ыстығы, құрт жасап, ірімшік қайнатудың бейнеті оны ойландырмайды да.
Осындай көк бейнеттің арасында жүріп екінші баладан соң 7 жылдан кейін бірінің артынан бірі екі қыз тудым. Енем бала бағудан шаршады білем кішілерін үлкен қыздар қарады. Оларды да көңілі түссе бізге бала қылып, көңілі түспесе өз бауырына тартып отыратын.
Уақыт өте келе менің күң іспетті жұмыс жасай беретініме үйдегілердің бәрінің еті үйреніп алды. Әуелде жеңге деп сыйлап тұратын қайын сіңілілерім мен қайныларым да «мынаны сөйте салшы» деп ысыра салатын болды. Енем бәрін қарсы қойып тынды. «Отырыңдар, келін бар ғой» деп қыздарды тырп еткізбейтін болды. Оның үстіне соңғы жылдары жолдасым да жиі ішіп кетті. Бұл да өзі жарымжан көңіліме салмақ болды.
Биыл үлкен қызымыз мектеп бітіреді. Келін болғаныма да 15 жыл бопты. Табиғатымнан сөзге сараң адам болғандықтан осы 15 жылдың ішінде енеммен бір шай десіп көрмедім. Аяусыз жұмсаса да кешіре білдім. Сондағы бар жұбанышым «балаларым үшін» деген ойым болатын. Қазірде енем мені сол жалғыз жұбанышымнан да айырып тынды. Қыздарымды өзіме қарсы тәрбиеледі. «Мамасының баласы» деп өсірген үлкен екі қызым атымды атағаны былай тұрсын «әй», «мынаны істемепсің ғой» деп зекитін болды. Енем жоқта сөйлесейін деп оқталсам, қыздарымды оқытып қойған ба, «қойшы сен не білесің мектептен соң оқымағансың ғой» деп жандарына жолатпайды. Ұрып жібергім-ақ келеді. Әттең. Тек үйдің берекесі қашпасын дейсің.
Жолдасыммен арамыз суып кеткелі қашан... Әкесі дүние салғалы бері өз бетімен кетті. Ішеді, жиған тергенді шашып әлек. Шешесі баласынан ала алмаған өшін менен алып күнде ұрыс бастап отырады. Тамақ та батпайды соңғы кезде. Өмірімнің ертеңін елесте алай тұманда адасып жүрген жандаймын. Аядай ауылда сырласатын жақын жан да жоқ. Шешеме айтасам «шыда. Балаларын бар ғой» деп жұбатып әлек.
Жолдасымды «мынаның адам болмайтын түрі бар деп» қалаға жұмыс істеуге жіберді. Бар шаруа менің мойнымда. Тіпті кейде көрші тұратын қайын сіңілім «кір жуып жатыр екенсің ғой менікін де жуа салшы, жұмыстан қолым теймей жүр» дейтінді шығарды. Оның үстіне енем де «жұмыстан қолы тимейді сен боссың ғой үй жинап келші» деп жіберетін болды. Бәрі жүйкемді жұқартып бітті. Шыдамның да біткен жері осы-ау деймін. Сол күні кешке мал келгеннен кейін «Мама, кеше келмей қалған сары сиыр бүгін тағы жоқ» деп едім, енем бас салып ашуланып «бұл үйді қарғыс атқан, қырсық айналдырған» деп айғайлай жөнелді. Өмірімде алғаш рет енеме «Бұл үйге қырсық әкелген мен шығармын. Мен кетейін онда» дегенім сол еді, «мынаған тіл бітейін деген екен. Кетсең кет» деп кеудемнен итеріп, сыртқа бірақ шығарды. Ашуға булыққан күйі «енді ол үйдің табалдырығын» аттамаймын деп ант беріп, қақпа есігін тарс жауып кете бардым. Тұла бойым алай-түлей болса да кеудемде бір үміт «кетпеші мама» деп жүгіретін кішкентай қыздарымның құлдыраңдап жүгіргенін күтті. Бірақ ол дыбыс естілмеді.
Бірнеше айдан кейін кешірім сұрап кіші қызды ертіп жолдасым келді. Балалардың болашағы үшін «Жарайды. Бірақ мені өзіңмен бірге қалаға алып кет» деген шартпен қалаға келдік. Жолдасым сол баяғы тірлігіне қайта басты. Ішеді, ақша да жарытып таппайды. Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз. Жүйкем жұқарған ба, қазір ештеңеге төзгім келмейді. Бұл күнге де қолымды бірақ сілтеп, қазір кіші қызымды ертіп бөлек тұрып жатырмын. Бірақ аналық жүрегім ауылда қалған қыздарыма алаңдайды. Ал олардан әлі хабар жоқ. Менің жарқырап жаңа киім кимей, бой жазып отырысқа бармай ертелі кеш солар үшін сүрген 15 жылғы өмірімді қыздарыма кім түсіндірер екен. Теріс тәрбие алған олар ертең қандай келін, қандай ана болмақ? Олардың тағдырына алаңдағаным мен түкте істей алмйтындығым қынжылтады. Себебі енем оларды маған қарсы тәрбиеледі. Мені олар ана емес адам ретінде де сыйлай білмейді. Бойжеткен кездерінде шаңырақ бұзылып кетіп, қалғанымды да басқаша түсіндіріп, саналарын өтірікпен улап жатпағандығына кім кепіл? Енді менің не ісеуім керек?

Баян Сайлаубек

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста