Опасыз жігіттің кесірінен жас өмірім қор болды

Опасыз жігіттің кесірінен жас өмірім қор болды

 Амансыздар ма, құрметті оқырман! Мен юұл жазбамды біреудің сырын ашаын деп жазып отырғам жоқ. Тек жастарға сабақ болса екен деймін..Менің бір танысым бар еді. Ол менен 1 сынып төмен оқыды. Жақсы араластық. Өз ортамызда салмақты еді.Өзі бойы кішкене, томпақ келген сары қыз болатын.Қыздар жинала қалсақ, бәрімізді  күлдіріп отыратын.Мектеп бітіргесін араласпай кеттік.Мен ерте күйеуге тиіп кеттім.

Осыдан бір апта бұрын оны жолықтырып қалдым. Мен білетін Жазира жоқ. Көзі толған мұң. Бұрынғыдай күлмейді. Мені көріп құшақтап көзіне жас алды. Мен баламды алып қыдырып жүргендіктен қолым бос еді.Оған қоймай бір кафеге отырайық дедім. Ол келісті. Аман-саулық сұрасып болған соң жеке өмірі жайлы сұрадым.Тұрмыс құрмапты. Ары айтқысы келмеді.

Өзі томпақ болса да сүйкімді еді.Томпақтығынан, бойы кішкентайлығынан ұялатын. Бір уақытта ол маған: "саған айтып жеңілдейінші,əйтпесе жарылармын" деді. Мектеп бітіріп қалаға оқуға түскен екен. Қасында екі сыныптасы бар пәтер жалдап тұрған. Алғашында қалаға үйрену қиын болды.Тез араласа алмадым. Қасымдағы қыздардың қасында өзімді төмен санадым. Оларға жігіттер көп əңгіме айтатын. Қатты қызығатынмын. Солай жүріп бір жігітпен таныстым. Бойы ұзын, сүйкімді жігіт еді. Басым ауды да қалды. Қыз жігіт болып жүрдік. Ақша беріп тұратын. Бірде ол əпкесімен таныстырам деп шақырды. Бардым. Əпкем қазір келеді, отыра тұрайық, әпкемнің үйі деді. Мен солай шығар деп ойладым. Ол тисе бастады. Қанша қарсылассам да жібермеді. Ол мені зорлап тынды. Мен оны танымай қалдым. Сөйтсем ол мені жалдамалы пәтерге әдейі әкелген екен. Істерін істеп алып, "ал кет енді, кімге керексің сен, менен басқа ешкім алмайды" деді. Мен жылап кетіп қалдым. Кейін өзі хабарласып, маған үйленетінін айтты. Міне содан бастап мен өзгердім. Адам емес айуанға айналдым. Ол ойына келгенін істеді. Мен боқтайтын, намысыма тиетін сөздер айтатын.Мен сөз қайтарсам бəріне айтам деп қорқытатын. Солай жүріп екі қабат болып қалдым. Оны 4 айлығында білдім. Ол кезде 18 жаста едім.Балалық па, ешкімге айта алмадым. Кейн мамам, әпкем апам жеңгем білді. Әлгі жігіт босанғанша алам ақша табайын деп жүріп, босанған соң тастап кетті. Әпкем баламды асырап алатын адам тауып қойыпты. Босанған соң 2 апта жаттым перзентханада.Қызымды ешкімге бермеймін дедім. Әпкем папаң білсе өлтіреді деп қоймай қызымды басқаға берді. Солай жылап-еңіреп қайттым. Қазір қатты өкінем.Əттең сол кезде бермегенде қазір қасымда жүрер еді деп. Амал қанша, адам күнахар болам десе демде екен. Қазір жастықпен жасаған қателіктерім алдымнан шығады. Жас өмірім қор болды. Шіркін-ай, дегеннен əттең-ай деген күндерім көп деп жылып алды. Не айтарымды білмедім.Кімді кіналарымды да білмедім.Тұрмысқа шығатын ойым жоқ. Мені кім алады дейсің. Енді жұмыс істеп сіңілдерімді оқытам деп қояды. Иә, қиын.Құрметті ата-аналар, балаларыңызға, қыздарыңызға мұқият болыңыздаршы.Мен ешкімді кіналамаймын.Бар адамның қателесуге, қатесін түзеуге қақысы бар. Ойланайық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста