Он мыңнан астам ер азаматпен төсектес болып үлгерген жеңіл жүрісті әйел Гвинет Монтенегро өз тәжірибесінен қандай ой түйгенін айтып берді. Бұл туралы deadbees.net порталы хабарлайды.
Гвинет Монтенегро жезөкшелік жолында он мыңнан астам ер адаммен жыныстық қатынасқа түскеннен кейін бұл әдетін тастап, кітап жазуға кіріскен.
"Шебер эскорт қызметкері атанғысы келетіндерге арналған оқулық" деп аталатын кітабында әйел ер азамат пен нәзік жандының қарым-қатынасында болатын бірталай құпияларды жайып салған.
39 жастағы әйел ер азаматтар қатып қалған сұлулық стандарттарына сәйкес мінсіз мүсінді қыздарды іздемейтінін айтуда.
"Төсіңнің үлкендігі де, жас болуың да, мінсіз сұлу болуың да маңызды емес. Ер азаматтардың сұлулыққа деген көзқарасы әрқалай. Дегенмен олардың бәрінің ортақ бір қалауы бар. Олар әйелдің де өзін қалап тұрғанын, төсек қатынасынан ләззат алып жатқанын сезінгісі келеді", - дейді Гвинет.
Ол төсек қатынасында әйелдерге ер азаматты бақытты етудің жолын да айтып берді.
"Әйелдер ер азаматты шексіз қалап, оның әр қиымылынан керемет ләззат алып жатқанын көрсетуі тиіс (тіпті олай болмағанның өзінде)", - деп кітабында кеңес берді ару.
12 жыл бұрын жезөкшелік жолына түскен Гвинет күнделік жазуды бастапты. Нәтижесінде 10 091 ер адаммен төсектес болғанын санап шыққан ару отбасылы азаматтардың көңілдесі болғанын жасырмады.
"Менің клиенттерімнің 90 пайызы отбасылы азаматтар болса да, өзімді кінәлі сезінбеймін. Егер ер адам жарымен бақытты болса, ол өзгемен төсектес болғанның өзінде әйелін сатпайды. Некеге тұрған ер азамат табиғатынан үздіксіз төсек қатынасын қалап тұрады. Алайда әйелі шалғайда болған жағдайда олар шыдап жүре бермейді. Өз биологиялық қалауын қанағаттандырады", - деп ақталды Гвинет.