Өмірдің қызығы мен шыжығын небары алты жарым жыл ғана көрдім

©azh.kz фото

«Алаш айнасы» газетінде «бәйбіше», «тоқал» мәселесі біраз уақыттан бері қызу талқыланып жатқанын соң, дәл сол оқиғалардың ішінде жүрген кейіпкер ретінде өз басымдағы жайттармен бөлісуді және пікірі қосуды жөн санадым.
19 жасымда тұрмыс құрып, 26 жасымда үш баламен жалғыз қалдым, жолдасым кездейсоқ апаттан көз жұмды. Ол кезде менің құрбыларымның ішінде тұрмысқа шығып үлгермегендері қаншама?! Ал мен болсам ерлі-зайыптылық өмірдің қызығы мен шыжығын небары алты жарым жыл ғана көріп, жас босанған қалпымда жесір атанып қала бердім.
Алғашқы айларда жарымды жоқтап жыласам, кейінгі кезеңдерде шиеттей үш баланы қалай асырап жеткізем деп жылайтын болдым. Әрине, ешкімге көрсетпей. Ол кезде туған-туыс, қайын жұрт жақтан оқуға келген студенттер үйде бірінен кейін бірі тұрып жататын. Біраз уақыт өткен соң балаларды солардың бақылауына қалдырып, жұмысқа шықтым. Кейде үйде кішкентайларымның өздері ғана қалатын кездері де болды. Жандарына ұшып баруға қанатым жоқ, тек сөз ұғатын үлкеніме телефонмен ақыл айтып, тапсырма берумен балаларды тәрбиелеп өсірдім десем де болады. Олар балабақшаға да барған жоқ. Қазір ойласам, төлейтін қаражатынан қашып, балабақшаға берейін деп талпынбаппын да ғой. Оның да салдарын кейін көргенімді жасырмаймын.
Сөйтіп, жылдар жылжып өте берді. Балалар мектепке ілініп, ес жия бастаған шақта, яғни 30-дан асқан жасымда өзімнің жалғыздығым, әйел бақытынан мақұрым қалғаным, ешкімге керек еместігім – бәрі-бәрі жанымды жегідей жей берді. Қаншама түндерді азаппен өткізгенімді өзімнен өзге кім білсін?! Көп ашуланатынмын, оған кейде үйде тұрып жатқан жас туыстарымды да кінәлайтынмын. Олар менің үйімде емес, мен олардың үйінде жүргендеймін, үнемі солардың қабағына қарап, асты-үстіне түсіп тұруың керек. Бұл мен үшін ауыр еді және жығылғанның үстіне жұдырық болды. Қатты ашуланғанда кейде бар ашуымды балалардан алып, қол жұмсайтын кездерім де болды. Қазір ойласам, соның бәрі үлкен қателігім екен. Балалардың мінезінің тұйықталып, кез келген нәрсеге агрессия танытанын байқағанда өз кемшіліктерімді анық көрдім. Бірақ, өкінгенмен пайда жоқ. Сол қателіктерімнің салдарынан балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз жайттарды әлі күнге түзетумен келемін.
Бірде республикалық журналдардың бірінен актриса Гүлжамал Қазақбаеваның да жастай жесір қалған тағдыры туралы сұхбатын оқыдым да, сол кісіге хат жазуға бекіндім. Сонда «маған қандай кеңес бересіз? Не істесем екен?» дегендей ақыл сұрап жазбақпын. Кейін ол ойымнан айныдым.
Бірақ жесірлік ғұмырымда басымды тауға да, тасқа да соққан кездерім болды, қателігімнен сабақ алдым, соның бәрі менің тұтас ғұмырымды құрады. Жолдасым барда өмірді тек «алқызыл көзілдірік» арқылы көріп келгенімді, өмір өзінің шынайы бет-бейнесі енді көрсеткенін түйсіндім. Мен асқар тауға балап жүрген адамдардың пендешілігін көрдім, өзімді қорғауды үйрендім, қалай болғанда да мені дұрыс жолдан тайдырмайтын қорғаным - балаларымның барына мың шүкірлік еттім.
Шынын айтқанда, өзім қатарластармен, неге екенін, әңгімем онша жараса бермейді. Өзімді олардың жанында әлдеқайда есейіп кеткен, тіпті қартайып кеткен адамдай сезінетінмін. Мен өмірден көрген-түйгені мол, кез келген мәселеге философиялық тұрғыда байыппен қарай алатын, өрелі, парасатты азаматты жолықтырсам деп армандадым. Мені аялайтын бір адамның жолығарына көңілімнің түкпірінде сендім және күттім. Расында, бір күні мен ол Адаммен жолықтым. Дәл мен армандаған, мен Алладан сұраған, тілек-дұғамда сипаттаған адам. Жаны таза, мейірімі мол, мінезі жұмсақ, жүрегі кең, нағыз азамат. Шынында мен тек дәулетті болса деп тілеген жоқ едім, расында да ешқандай бай да, бақуатты да емес, өзім секілді қарапайым жан болып кезікті. Мен оған жолыққанда, Алланың «Пенделерімнің дұға етіп, жайған қолдарын бос қайтаруға ұяламын» дейтінінің мәнісін түсіндім, түсініп отырып ағыл-тегіл жылаған да шақтарым болды.
Екеуміз мешітке барып, некемізді қиғыздық. Оның достары, менің сырлас құрбыларым, ет жақындарым – бәрі бізді ерлі-зайыпты деп біледі. Бірақ қоғамдағы үлкен орта емес. Оның себебі – мен оның екіншісімін. Екеуміз о баста қарым – қатынасымызға байланысты үлкен үйдегі туындаған мәселені ер азамат ретінде өзі шешеді, оған мен араласпаймын деп келістік. Дегенмен оның шаңырағының тыныштығы, татулығы, берекесі мен үшін де маңызды.
Оны азаматым, ерім деп күтемін, сыйлаймын, ең бастысы – өзімнің бір жанға керек екенімді, сүйікті бола алатынымды, сүйе алатынымды сезінгеніме бақыттымын. Оның балаларды дұрыс жолға бағыттаудағы ақыл-кеңесінен, балалармен тіл табысу тәсілдерінен көп нәрсе үйрендім. Жақында дүниеге келетін сәбиімізді асыға күтіп жүрміз. Алла осы бақытымнан айырмаса екен деймін.
Анам алдынан өтіп барған күйеу баласына «қызыма өмірде жетпей жүргені мейірім, азаматтың сүйіспеншілігі, басқасының барлығы өзіне жетеді деп ойлаймын» деген еді. Шынында дәл солай. Адамнан сұрама, Алладан сұра дейтін қағидамен өмір сүретін, тірлікте өзімнің күш-қуатыма сеніп үйренген адаммын. Мен одан ешқандай материалдық көмек талап етпеймін, махаббатымызды онымен өлшемеймін. Өзі ниет етіп, ұсынып жатса, ол өз еркінде.
Қазіргі қоғамда «көп әйел алу керек пе, жоқ па?», «бәйбішенікі дұрыс па, тоқалдікі дұрыс па?» дегендей кейде жөнсіз талқылаулар көп болып жатады. Оларда екінші әйелдерді кінәлау басым екені байқалады.
Сонда неге оң жақта отырып қалған қыздар, жастай жесірлік азабын тартқан келіншектер өмірінің соңына дейін отбасы бақытын, әйел бақытын сезінбей өтулері керек?! Біздің де бақытты болуға құқығымыз бар емес пе? Бір азаматтың мейірімін бөлісу – қылмыс па? Екі шаңырақтың да берекесін тілейтін, үлкен үйге зәредей зиянын тигізбеуге талпынатын, тіпті кең жүрегімен барлығын тұтас отбасыдай сезіне алатын әйелдер барына мына қоғам неге сенгісі келмейді?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста