Алматының көшелерінде аш қасқырдай жортып жүрген көп таксистің бірімін. Күндіз-түні көшеде қаңғып, адам тасып жүрген соң, неше-түрлі оқиғаға куә боласың, талай тағдырды көресің.
Соның ішінде, мына екі жәйтті айтпай кетпеске болмады. Өйткені, қазір қоғамда қазақ қыз-келіншектерінің арсыздығы жиі сөз болып жүр. Сол пікірлерге менің көзбен көрген екі оқиғам тұздық болсын дегенім:
Үндіс Шахруктың қойнына кірген қазақ қызы
Бірде ұзақ «таксоват» етіп шаршадым. Темекі шегіп, сусын алып ішейін деп, көпқабатты үйлердің бір шетіне тоқтадым. Темекімді шегіп, «дизи» деген арзанқол сусынды сыңсыта ішіп тұрмын. Түн ортасы болып қалған. Бірақ көшеде ағылып жатқан көлік. Дәл күндізгідей. Сенбінің түнінде басқа қаланы білмеймін, Алматы ұйықтамайды. Көшеде өріп жүрген адам. Негізі, жастар. Суымды ішіп, темекімді шегіп алып, көлігіме отыра беріп едім, зу етіп, бір «Лексус» джип жаныма тоқтай қалды. Ішінен жап-жас қыз бен жігіт түсті. Шамасы, жігіт қызын әкеп тастаған сынды. Жігіт қыздың ернінен қадала сүйіп, қоштасып, көлігіне мініп, жүріп кетті. Подъезге қарай беттеген қыз жігітінің көлігі ұзай сала, кері жүрді. Енді қозғалып бара жатқан маған қолын көтеріп, «аға таксиссіз бе?» деді. Басымды изеп едім, «онда ана машинаның артынан қуып жетейікші» деді. «Ана машина» дегені — жаңағы «Лексус». Менің астымда «Лексус» болмаса да жапонның желмен жарысқан көлігі. Демде «Лексусты» қуып жетіп, артынан еріп отырдым. Байқаймын, рөлдегі жігіт ұялы телефонмен біреумен сөйлесіп, жай кетіп барады.
— «Оның үйі «Орбитада». Үйіне бармай, басқа жаққа кетіп барады. Мені үйге әкеп тастап, енді білдірмей, қыдыра беремін деп, ойлап бара жатыр ғой. Қыздармен көп қыдырады. Үйленейік деп жүрміз. Олай емес, қыдырған былай болады», — деп, ашулана сөйлеген қыз телефонын алып бір нөмерді тере бастады.
«Бітті. Жігіті ұсталды», деп ойлағаным сол еді, қыздың дауысы өзгеріп,
«Шахрук, где ты? С кем? Я до утра свободна. Давай отдуши отдохнем», — деп әлдебір еркекке қылымси, тіпті, төсекте жатқандай, ыңырси сөйледі.
Басқа біреуге звондағанын білдім. Ар жағындағы еркек «кел» деді-ау деймін, қыз маған:
«аға «Синий Фантомас» деген түнгі клубқа апартып тастаңызшы» , — деді.
«Жігітіңді аңдымайсың ба?», деп едім, — «пускай гуляйт, мен де ерегескенде гулят етемін. Менде де жігіт көп. Кез-келгеніне бір телефон шалсам алып кетеді. Шахрук индус, екеуміз мед институтта бірге оқимыз. Үндістаннан келген. Митхун Чакробортидан аумайды. Красавчик. Құшағында жата бергің келеді. Біраз болды екеуміз жүріп жүрміз. «Тұрмысқа маған шық» дейді. Мен келісім бермедім. Осылай кездесіп, көңіл көтеріп, жүре бергенім жақсы. Ал ана «Лексус» мінген жігітке тұрмысқа шыққым келеді. Өйткені оның отбасы бай. Ақшалары көп. Алматы мен Астанада бірнеше коттедждері бар. Қымбат көліктерінің өзі төрт-бесеу. Содан болар, ол үнемі шалқып, қыдырып жүргені», — деп қыз біраз әңгіме айтып тастады.
Айтқан жеріне жеткізіп тастадым. Машинадан түскен бойда күтіп тұрған қара домалақ индустың қойнына
«О, Шахрук, как я без тебе скучаю», — деп кіріп бара жатқан әлгі қыздың соңынан бір қарап, басымды амалсыз шайқадым.
Өйткені, бүгін жігітін алдап, өзгемен жатып жүрген қызды ертең жақсы жар болады деп айту қиын.
Бұл — бір.
«Ойбай, байым, үндеме!». Бөтен еркекке санын сипалатқан келіншек
Екінші бір оқиға былай болды: Тағы сол таксоват етіп, Алматының көшелерінде жортып келе жатқанмын. Бір үйдің ауласынан екі кішкентай баласын жетелеп шыққан бір келіншек қол көтере қалды. Тоқтадым. Баратын жерін айтты. Отырғыздым. Отыздың ар жақ — бер жағындағы әдемі келіншек екен. Өте сымбатты. Шорты киіп алыпты. Әппақ саны, жұп-жұмыр балтыры еркекті «кел-кел» деп, шақырып тұрғандай. Ойнақшыған көздерінің өзі керемет. Артыма қарайтын айнаны сәл төмендетіп, тура келіншектің бетіне қаратып қойдым.
— «Түй, мына құдайдың күні күйіп кетті ғой», — деп, әңгімені келіншектің өзі бастады.
Мен қалам ба, қостай жөнелдім. Әңгімеміз жарасып кетті. Шымкент жақтікі екен. Аты Сабина. Алматыға көшіп келгендеріне бір жылдай уақыт болыпты. Күйеуі мент екен.
— «Азанда кетеді. Түннің бір уағында келеді. Тамақ іше салып, қор ете түседі. Не қылған жұмыс екенін білмедім. Басқа жаққа ауыс десем, көнбейді», — деп, күйеуін біраз жамандап тастады.
«Мына екі ұлыңның біреуі өзіңнен аумай қалыпты. Екіншісі, әкесіне тартқан болу керек. Танауы қоңқиып, өзгешелеку екен», дедім.
— «Кімге ұқсаса да таптық қой. Осы мұрын үшін күйеуіммен талай төбелестік. «Танауы қоңқиған кавказдықтардікі секілді. Кавказдықпен жатқан сияқтысың» деп тиіседі. Өзі жұмыс-жұмыс деп шапқылап, төсекке көңіл бөлмейді. Онымен қоймай, ренжиді, кімнен таптың, — деп. Жасасай өзің, сосын ренжі. Менің жүрісім мынау, екі баланы сыртқа шықсам да, үйге кірсем де сүйреп», — деп келіншек шешіле сөйледі.
Өзін өте еркін ұстайды екен.
«Жігітіңіз көңіліңізді таппай жүрсе, араласайық», — деп қойып қалдым.
Келіншек көзін ойнақшыта, айнадан маған ішіп-жеп қарады. Сосын:
«бір жерге тоқтап салқын сыра алшы. Подрушкамның үйіне қонаққа келіп едік, тамақты көп жеп қойдым ба, шөлдеп отырмын», — дегені.
Маған да керегі осы еді. Бір дүкеннен сыра және балаларына сусын алып, көлікті оңашалау, бір талдың түбіне қойдым.
«Балалар еркін отырып, сусын ішсін, алдына отыр. Кішкене әңгіме айтайық», — деп едім, Сабина қарсы болмады.
Санын жарқыратып жаныма отырған соң, тіпті, жаман болдым. Бір шөлмекті лезде тауысып, екінші шөлмектің жартысын тартып жіберді.
«Түу, әбден шөлдеп қалыппын» дегенде, мен батылданып, «аяқтарың қандай әдемі», — деп, санынан ақырын сипап едім, ол мүлдем қарсыласпады.
Тіпті, соны тілеп отыр екен. «Қолыңыз қандай отты. Күшіңіз көп секілді ғой», — деп қылымси сөйлей бергенде, кенет қалта телефоны шыр ете түсті.
«Ойбай байым, үндеме» деді.
Сосын дауысын құбылтып,
«Ау, папасы не болды? Біз Раушанның үйінен келе жатырмыз. Мына ұлдарың әкемізді сағындық қашан келеді», — деп тыным бермей келе жатыр еді. Қашан келесің?», — деді.
Күйеуі бірдеңе дегендей болды.
Сабина
«қазір, қазір. Міне, таксимен жетіп қалдық», — деп, сасқалақтай сөйлеп, телефонды өшіре салды.
«Өлә, күйеуім ауырып үйге келдім дейді. Біз мында кайфавайт етіп отырмыз. Тезірек бізді жеткізіп тастаңыз. Телефон нөмеріңізді беріңіз, өзім звондаймын. А то сен үйде күйеуім бар кезде хабарласып, масқарамды шығарасың. Асқар деп емес, Айша деп жазып қоямын. Күйеуім тексерсе, білмей қалады. Екі-үш күнде балаларды ауылға апарып тастап келемін. Сосын қолым бос. Онда да кешкілік емес. Күндіз. Күйеуім жұмысқа кеткен кездерде кездесіп тұруға болады», — деп, Сабина асыға сөйледі.
Оларды тұратын жерлеріне зыр еткізіп, жеткізіп тастадым.
«Екі баласының көзінше сыра ішіп, бөтен еркекке санын сипалатып отырған мына келіншек, сау сиырдың боғы болмады-ау», — деп іштей ойладым да қойдым.
Бірақ енді Сабинаның хабарласқанын шыдамсыздана күтемін. Ары қарай не болғанын оқырманның өзі де түсініп отыр ғой…
Мұны мен неге жазып отырмын? Өйткені қазіргі қазақтың қыз-келіншектері, бәрі деп айтпаймын, бірақ басым көпшілігі жеңілтек, бір сәттік сезімнің арбауынан шыға алмай жүр. Бұлай жалғаса берсе, әлі талай отбасының ойран болары анық. Сондықтан қыз-келіншектерімізге сана берсін, дегім келеді.