Сәлеметсіздер ме, оқырмандар және редакция! Аты-жөнім жасырын болсыншы. Менің жасым 26 да. 21 жасымда пәк болып танымайтын адамға тұрмысқа шықтым. Шүкір 2 ұлдың анасымын. Мендегі соңғы кездегі мәселе, жолдасым шөп шегеді. Шегетін шөбі болмай қалса, ұрыс іздеп, балаларға тиісіп, мені ұрады. Кейінгі кезде жиі ұратынды шығарып жүр. Мен қатты кажып кеттім, өзімнен өзім талып кұлап қаламын. Есімді жинасам, балаларым жылап қасымда отырады.Кетіп қалғым-ақ келеді. Бірақ жұмысым жоқ, сертификатымды қорғауым керек. Оғанда қолым тимей жүр. Екі ұлымның ұрыс-керісті, акесінің анасын ұрғанын, шөп шеккенін көргенін каламаймын. Шөптің иісін иіскеп, арақ ішкен әкесін көрмесе екен деймін. Оларды алып кеткім келеді. Жақсы тарбие берсем екен деймін.Себебі жолдасым шөпті үйге шегетінді шығарды. Балаларымның денсаулығына қатты уайымдаймын. Өзім де соңғы кездері аурушаң болып жүрмін. Менің бар уайымым, екі балам жамандық көрмей, аман-есен өссе екен. Шөпті қойдыру үшін ойнап та, ұрысып та, жылап та айттым, балалардың денсаулығын ойлашы дедім. Бірақ еш нәтижие жоқ. Өтінемін, маған ақыл-кеңес қосыңыздаршы.
Аноним