Некесіз жақындасып, сорлап отырмын
Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар!! Менің басымдағы жағдайға бей-жай қарамассыздар деп ойлаймын. Айтайын деген мәселем өзімнің қателігімнің жас өмірімді қор қылғаным. Жасым 23-те, жігітіммен жүргеніме 5 жылдан асты. Бес жыл бойы тек қыз бен жігіт ретінде кездесіп, ардан аттамаған едік. Өзім ылғи да некесіз жігітіммен жақындасып қойдым деген қыздарға жыным келетін. Мен мұндай әрекетке ешқашан бармаймын деп ойлаушы ем. Бірақ мұның бәрі бекер екен. Мен де бір сәттік ләззатқа беріліп, жігітіммен некесіз жақындасып қойдым. Енді міне, мен де өзімнің қателігімнен сорлап отырмын.
Жақыннан бері "тірі өлікке" айналдым. Сол күні өлуге қадам басқан едім, бірақ жан тәтті екен, қолым бармады. Әлі есімді жия алар емеспін. 5 жыл бойы сеніп жүрген адамным арамызда төсек қатынасы болғаннан кейін-ақ менен айнып қалды.
"Мен сені бақытты ете алмаймын, саған лайық емеспін" деген секілді сөздер айтады. Осы сөзді 5 жыл бойы неге айтпады, сондағы ойы пайдалану ма... Махаббат көр соқыр қылады екен. Кінә менен де бар. Өзіме сауап өзіңе сол керек деп, өзімді жеп біттім. Өзім түскен ордан, шыға алар емеспін (жылап әрең жазып отырмын).
Мені сөксеңіздер де, балағаттасаңыздар да сіздердікі дұрыс. Тек менің қателігімді қыздар, қайталамасаңыздар екен.
Өзім көңілді жүретін, жұмысым бар, сүйкімді қыз едім... Өмір 1-ақ сәтте өзгертіп жіберді. "Қыздың жолы- жіңішке" деген осы екен... Кейде қайтарып алу үшін сұрқия ойлар келеді "аяғым ауыр деп өтірік айтайын ба деген" сияқты. Бірақ, олай өтірікпен өмір бастағым келмейді... Не ойларымды білмейм, сіздердің ойларыңызды білгім келді. Рахмет!
Аноним