Неке түні пәк болмай шыққан қыз қалай жазаланған?

Неке түні пәк болмай шыққан қыз қалай жазаланған?

Қазақ халқында алғашқы неке түні жігіт пен қызды жеке отауға кіргізіп, өздеріне төсек салып алаңсыз, жайлы жатуына жағдай жасайтын әйел, әдетте, жігіттің жеңгесі болады. Ол жастарға бақыт тілеумен
бірге, әзіл-қалжыңды араластыра жүріп, алғашқы төсек ләззатының жөн-жосығын, әдет-ғұрпын түсіндіреді. Ертеңіне келіннің пәктігіне де осы жеңге куәлігін береді. Бұл күн – жұптың, некелік өмірдің ұмытылмас сәттерінің бірі. Сондықтан бұл түнді көңілді әрі жайлы өткізудің орны мүлде бөлек. Бұл үшін барлық өнері мен қабілетін жұмсайтын жақсы жеңге келер таңды асыға күтіп, қайнысының жылы төсектен тұрған сәтін күтіп тұрып, «ерініңді жібіттім, қойыныңды жылыттым, енді жолдығымды бер» – деп назданған.«Қазақтар қалыңдықтың қыз күйінде, таза, абыройлы келуіне көп мән берген. Алғашқы неке түні қыздың астына «неке жаулық» деп аталатын жайма төсеген. Ертеңінде күйеу ұйқыдан оянып, төсектен тұрып кетісімен екі жеңгетай киіз үйге кіріп, ақ жайманы тексерген, қыздың тазалығының белгісін тапса, оның шешесінен сүйінші алып, бұл хабарды бүкіл ауылға таратқан. Егер күйеу ұрын келіп жүргенде қалыңдығымен жақын болса, жеңгетайларға бұл жайында алдын ала ескертуге тиіс. Бұндай жағдайда қалыңдықтың құрбылары күйеуді ортаға алып, айып төлемесең, атыңның қарнын жарып, өзіңді жаяу қалдырамыз деп қыстайды, күйеу жігіт айып төлеп құтылған.Қыз абыройының, ар-намысының тазалығы қашан да болса, оның пәктігінің белгісі емес пе еді? Егер қалыңдық күйеуге дейін біреумен көңіл қосып қойып, алғашқы неке түні таза болмай шықса, күйеу бұл жайды жеңгетайларға хабарлап, олар жайсыз хабарды қалыңдықтың анасына жеткізген. Сосын анасының: «бетіме күйе жағып, елге қарамастай қылдың» деген сәлемін қызына айтып барған. Содан кейін олар қыз абыройын төккен жазықтыны іздеп тауып, билердің алдына жыққан. Қызды бүлдіруші күйеуге бір тоғыз айып төлемей құтылмайды. Қыздың әкесі «қызға қырық үйден тыйым салмадың» деп әйелін сабаса, күйеу қалыңдығының кінәсін айтып, қыз әкесіне кісі салған. Егер қыздың абыройсыздығына әке-шешесі кінәлі болса, яки оны біреуге зорлап қосса, онда күйеуге кіші қызын беруге тиіс, өйтпеген жағдайда жігіт қалың малын қайтарып алуға қақылы. Қалыңдық абыройсыз болып шыққанда жасалатын түрлі рәсімдерді «қатын шықты» деп атайды. Жігіт берген қалың малын қайтарып алуы үшін куәгерлерін алдыға тартып, қыздың кінәсін дәлелдеуі керек», – деп жазды Петр Маковецкий.Егер некелескен қыз ұятты болып шықса, қазақтар оны масқаралап, бетіне күйе жағып, өгізге теріс отырғызып, тесік қазан мен шүмегі сынған шәугім ұстатып, еліне қайтара отырып, қалыңмалын қайтарып алатын болған. Өйткені пәк күйінде тұрмысқа шықпаған қыздан «әйел – үйдің шегесі» дейтіндей мықты отанасы болуды талап ету де қиын тірлік екенін білген.«Қайтып келген қыз жаман» деп, қызының қайтып келгеніне арланып, жұртқа қарауға бетін басатын халқымыздың қазір осындай жамандыққа еті өліп кеткендігі соншалықты, оған үйреншікті жағдайдай қарап, елеп ескермейтін болды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста