Кейінгі кезде көңілім жабырқап, қатты құлазып жүрмін. Жанымның жай таппайтын бір жөні бар. Қайда барсам да "неге" деген сұрақ көкейімде тұрады. Әр адамның өмірі кино немесе роман ғой. Менің де аз ғана гұмырым бірнеше томнан тұратын роман. Отбасым, оқуым, ағайын арасындағы алауыздық олар бір бөлек одан ешқашан құтылмайтын шығармын.
Ал қазіргі айтпағым, өзімнің жеке өмірім, сол баяғы махаббат біреуге қуаныш, біреуге қайғы әкелетін.
Менің жасым 20-да. Мен өзімнің махаббатымды осыдан екі жыл бұрын жолықтырдым. Мұнша ғашық болам деп кім ойлаған.
Осдан біраз жыл бұрын бір керемет жігітпен таныстым. Көзі ашық, иманды, ел, жер көрген жігіт екен. Баста елемеуші едім, бірақ жақынырақ білісе келе мен оған ессіз ғашық болып қалдым.
Қазір менің сүйген жігітім менімен бірге емес, бірақ әлі күнге дейін оның келбеті көз алдымда, дауысы құлағымда. Оны ойлсам болды, көз алдыма жанары келеді. Оған ғашық болғаным соншалық, әрбір сөзіне сенетінмін. Екеуміз көбінесе хатпен тілдесетінбіз. Бірақ ол мені алдаған екен, кейін білдім, өзінің жүретін қызы бар болып шықты.
Ол менімен біраз жүргеннен кейін мән-жайды айтып хат жазып жоқ болды да кетті. Сол жылы менің туған күніме қарсы сол қызды алып қашып үйленіпті . Маған үйленіп, үй боламыз, күт деген еді. Бірақ бәрі өтірік екен. Ол үйленді, мен көз жасыма тұншығып қала бердім.
Бірде екеуміз кездесіп қалдық, ол менен кешірім сұрады, бірақ не пайда, "кешірдім" деп ауыз айтқанмен жүрек қарс айрылды. Күндер зулап өте берді, әйелі босанды, ол әке атанды, ал мен оны әлі күтіп жүрмін, қайта келетін сяқты.
Қатты сағынам көрмегелі неше жыл. Басқа жігітке қарай алмаймын, жатсам тұрсам йымнан кетпейді, түсіме жиі енеді. Кейде қатты ашуланғанда қызы бола тұра өзгеге сөз бергенін әйеліне айтқым келеді. Маған жазған хаттары алі менде, соны айеліне корсеткім келеді. Бірақ одан не пайда? Әйелі мен баласының не кінәсә бар деп ойлаймын ла, өзімді тоқтатамын.
Анда-санда жасырын нөмірмен ғашығыма телефон шалып дауысын естимін, бірақ сөйлей алмаймын. Не істесем болады? Қалай ұмытам? мен үшін өмірдің еш мәні қалмады. Барлық жігіттер алдайтын секілді болады да тұрады.
Құрбыларыма қарап қызығам, жігіттерімен бакытты кыдырады бірге, мерекелерде бір-біріне сыйлақ жасап жатады. Ал мен жалғызбын. Менің де солай жүргім келеді. Біреумен сөйлесе бастасам бұрынғы жігітімді түсімде көрем. Көзден кетсе көңілден де кетеді деуші еді ғой, бірақ мен оны қанша уақыт көрмесем де күннен күнге сағынышым артып, көргім келіп тұрады?
Жанна, Алматы