Мен де сүйгім келеді, сүйікті болғым келеді

Мен де сүйгім келеді, сүйікті болғым келеді

Құрметті замандастар, əпкелер, оқырмандар, сіздермен ішімдегі алай-дүлей болып жатқан өзіме де түсініксіз сезіммен бөліссем деймін. Қысқаша ғана жазайын. Бір сөзбен айтқанда балалық шағым керемет өтті. 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Осы кезден өмірім түбегейлі өзгерді.

Бастапқы 3 ай тамаша болды. Аяғым ауыр болып төбеміз көкке жетті. Бірақ жүрегімнің астындағы жүрек соқпай, дамымай қалды. Жолдасым күрт өзгеріп шықты. Ұрды, соқты, көзіме шөп салды. Əскери адам болатын, жақсы жұмыстан да шығып кетті. Қарызға да батып кеттік. Шыдадым. Көп ұзамай екінші мəрте жүкті болдым. Жолдасым есітгенде қуанған да жоқ. Өміріміз аяқ асты өзгеріп сала берді. Ұру, соғу қайталана берді.

Ақшаның тапшылығы нансыз отырған күндер. Барлығына шыдадым əйтеуір бір күні жеңіп шығамыз деген үмітпен, сеніммен жүрдім. Аман-есен босанып қызымды қолыма алдым. Ештеңе де өзгерген жоқ сол баяғы таяқ, көзге шөп салу. Ең соңында мойныма пышақ қойып өлтіре салайын ба дегенді де көрдім.

Кетемін, болды дегенімде əпкем "қызыңды ойла, қызың жетім өседі" деп тағы қыз үшін қалдым. Осылай 1 жыл да өте шықты. 3 жыл бармаған төркініме кеттім. Төркінімде жатқанымда соншалықты сенген күйеусымағым ашынасын тұрып жатқан үйімізге алып келіп тұрып жатыпты. Қиналғанда мынау мені басқа əйелге айырбастады деп емес соншалықты сенген адамым опасыздық жасағанына қиналдым.

Ақшаның жоқтығы киімнің нашарлығы мен үшін проблема емес еді. Жүрегіме батқаны – сенген адамыңның сеніміңді ақтамағаны. Заң жүзінде ажырастым. Міне 2жыл болды. Қызым жанымда. Аллаға сансыз шүкір. Екінші ата-анам, бауырларымның арқасында аяғымнан тік тұрдым. Өз-өзіме қараймын. Сырттан көргендер мені сондай өмірді көрді деп ойламайды да. Бір қынжылтатыны, жүрегімде бір түсініксіз нəрселер бар. Оны өзім де білмеймін. Бір ер адамның бақыты болғым келеді. Əйел бақытын сезінгім келеді. Бірақ ол болмауы да мүмкін ғой. Мен кімге керекпін деп ойлаймын, бір қызбен мені қайтсін? "Қызыңды ойла, байды ойламай" дейтән боларсыздар. Ол да дұрыс. Тағы бір жаман қасиетім деймін бе, білмеймін, маған əскери жігіттер ұнайды. Əскери жігіттің жары болғым келеді. Бірақ мені кім алады? Түсініксіз болып кетсе ренжімеңіздер. Ішімдегіні жазбасам болмады. Менде басқалар секілді сүйгім келеді, сүйікті жар болғым келеді.

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста