Сізге осы хатты жазсам ба, жазбасам ба деп көп ойландым. Ақыры жазуға оқталдым. Айтайын дегенім, мен мүмкіндігі шектеулі қызбын 2 топтағы.
Жасым 27-ден асты. Өз теңімді тапсам деймін. Қыз баласың ғой, ұят қайда, намыс қайда деп сөге көрмеңіздерші. Білемін, қыз қылығымен көрікті. Ол қасиеттердің бəрі баршылық Аллаға шүкір!
Дегенімен, өзімнің сіңлілерім мен інілерім отбасылы болып жатқанда, менде өз сыңарымды тапқым келеді. Сіздердің " Сырласу" клубына осы өтінішімді анонимді түрде шығарсаңыз екен. Оңтүстік өңірлерден танысамын деген жан табылса, тек отбасын құрамын деген шынайы ниетте танысамын. alau-alau@mail.ru почтама хат арқылы хабарласса болады.
Еріккендер мазақ етіп,мазамда алмауды өтінемін.