Мектеп қабырғасында жүріп қия бастым...

"Отбасы - ошақ қасы" оқырмандары, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған жайым бар. Жанымды жегідей жеп жүрген жас кезімде жасаған қателігімді айтып, шер тарқатпақпын. Бірден тарпа бас салып табаламай, ақыл-кеңес берсеңіздер екен деймін..

 

Тоғызыншы сыныпты тәмәмдап оныншы сыныпқа өткен жылы ауылда өзімнен бес жас үлкен жігітпен жүрдім. Бастапқыда құрбыларымның арасында мұны масаттанып тұрып айтып жүрдім. Осылай 3-4 айға дейін жай ғана кездесіп жүрдік. Артынан біздің қарым-қатынасымыз тіптен салмақтана түсті. Мен оныншы сыныптың үшінші тоқсанында жігітіммен төсек қатынасына түсе бастадым. Уақыт өте келе кәдімгі ерлі-зайыптылардай бола бастадық. Осылайша сайрандап жүріп, бір жылдың қалай өте шыққанын да аңғармадым. Бұл кезде біздің ара-қатынасымыз біраз адамға белгілі болып қалған еді. Мектептегі мұғалімдердің де мені атарға оғы жоқ. Былайша айтқанда мектепте әбден сүйкімім кетті. Сөйтіп жүргенде тағы бір жылға уақыт зу етіп өте шықты. Біз үшін мектеп бітіруге даярлық басталды.

 

Сондай бір қызу дайындықтың үстінде құсып, басым айналып қатты мазам кетті. Осылай бір екі ай өтті. Әбден жүдеп салмақ тастағанмды байқаған шешем, бір күні мені шақырып алып мән-жайды сұрады. Шешем бірден "жаман ауру боп қалмадың ба?" деп шошынып, ертесінде мені емханаға тексеруге апарды. Келесі күні біз өткізген сараптамалқ-талдаудың шыққанын айтып, дәрігер үйге телефон шалды, бірден емханаға келуімізді ескертті. Алқын-жұлқын дәрігердің алдына барсақ, әлгі кісі маған "сен құрыпсың ғой" дегені. Түкке түсінбеймін. Сөйтсем үш жарым айлық менің аяғым ауыр екен. Шешемнің түрін көріп "мені асып өлтіретін шығар" деп ойладым. Екеуіміз үн-түнсіз үйге келдік. Менің зәре-құтм қалмаған. Кешкісін жігітіммен кездесіп, айтуым керектігін ғана ойлап келемін. Шешем үйге келді де екі бүктеліп жатып қалды. Әкем естісе не боларымды ойласам, тіпті жаным жай таппайды.

 

Зарықтырып кешті де батырдым, ол келмеді. Келесі күні тағы күттім, келмеді. Ақыры бір досын араға салып оны шақырттым. Келген бетте мән-жайды айтып едім, үндемей тұрды да қалаға кетіп бара жатқанын он күннен соң қайтып келетінін, бәрі жақсы болатынын айтып кетті. Он күннен артық күттік, бірақ ол сол кеткеннен келмеді.

 

Осы мезетте шешем мені ел көзінен жарықтап әкетуді ғана ойлады. Сосын әкеме бір-екі малды сатқызып, "мені оқуға түсіремін" деген желеумен бір күнде ауылдан алды да кетті.

 

Қалаға келіп біраз дәрігерлердің есігін қақтық. Ол 90 жылдардың кезі еді. Медицинаның әлеуеті анау айтқандай емес. Бірде бір дәрігер жасанды түсік жасауға келіспеді. Енді не істеу керек?! Шешем мені қаланың бір шетіндегі татар әйелдің тамына орналастырды да өзі ауылға қайтты. Ауылдағыларға "қызым оқуға түсті" деген екен, әрбір ай сайын менің келіп халімді біліп тұрды. Үйіп-төгіп азық-түлігімді әкеп тастайды, татар әйелге мені қарағаны үшін қосымша пұл төлеп кететін. Осылай жүргенде айы-күнім жетіп өмірге ұл бала әкелдім. "Мені босанды" дегенді естіп алып-ұшып шешем жетті. Ол кезде есімді жип, баламды бауырыма алып, бір-екі күн емізіп те үлгерген едім. Екінші күні шешем келді де дәрігерлерге барын беріп, менімен кездесті. Кездескен бетте маған "баланы осында тастаймыз" деп түсіндірді. Мен еш қарсылық танытпадым. Ертесінде өз қолымен баладан бас тарту туралы хатын жазып, баланы тастап перзентханадан шықтым.

 

Бастапқыда мен үлкен қателік істедім деген ой мені тіптен мазалаған емес. Шешем екеуіміз бұл құпияны ешкімге жария болмауын ғана ойладық. Осылай жылдар өте берді. Жаймен педагогикалық колледжді тәмәмдадым. Мұны бітірген соң қаланың мектептерінің біріне жұмысқа тұрдым. Артынан ағылшын тілі мамандығын меңгердім. Тұрмысқа шықтым. Қазір мектепте сыйлы ұстаздардң бірімін. Әрине, барлығы бірден жақсы болып кеткен жоқ. Талай қиындықты басымнан өткердім. Қазір үлкен ұлым студент. Үш баламның әрбір жетістігіне, қуанып, соларға барынша дұрыс тәрбие беруді қалаймын. Дегенмен, соңғы жеті жыл ішінде 17 жасымда істеген қателігім жиі мазалайды. Кезінде тастап кеткен ұлым түсіме жиі енеді. Қазір соңғы үш жыл бойы ұйқыдан қалдым. Шешемнің көзі кеткен. Ол кісі бірнеше жыл бұрын бақилық болды. Бұл құпияны білетін жалғыз менмін. Күйеуім мұндай құпияның барын мүлдем білмейді. Уақыт өткен сайын мені ар азабы жиі мазалап жүр. Мен ар азабынан құтылу үшін тастап кеткен баламды іздегім келеді. Бірақ, күйеуімнен үш баламнан қорқамын. Олар менің жайымды түсінер ме екен...

 

 

Сағдат, Ақмола облысы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста