Мас күйде кіммен болғанымды білмей масқара болдым

Мен жұмыс істейтін компанияның он жылдық мерейтойы болатын. Мейрамханада арнайы дастархан жайылды. Кешкі жетіде әдемі киініп, таранып-жасанып әріптес құрбым екеуіміз де келдік.

Көңіл күйіміз көтеріңкі, әріптестерімізбен ойнап-күліп, әзілдесіп отырдық. Мен аздап коньяк ішіп отырғанмын, бәрі жақсы басталған еді.

Бірақ, сол дастархан, мейрамханадан есімде қалған соңғы нәрсе – сағатқа қарағаным, түнгі екі жарым. Ары қарай есім жоғалған… Үйімнің есігін ашып жатқанымды білемін, бірақ аша алмай жатырмын… Тағы есім жоқ…

Бір есім кіргенде үстімде біреудің еңкілдеп жатқанын көрдім, бірақ күйеуім емес екенін анық түсінемін.

Ары қарай ұйықтап кеткен екенмін. Осылайша таңертең тыр жалаңаш күйде ояндым. Масқараланған сезімде, ұяттан өртеніп, есімді жия алмай тұрмын. Мұндай нәрсе қалай болды? Бұған дейін той-томалақтарда аздап ішетінмін, бірақ мұндай күйге алғаш рет түсуім.

Енді қалай өмір сүремін?

Ең сорақысы – кіммен болғанымды білмеймін? Кім келді үйге?

Күйеуім жақсы адам, оны жақсы көремін. Сен «корпоративкадан» қалма, көңіл көтеріп қайт деп маған сенімін білдіріп, балаларымызды Қызылордаға өзі әкеткен еді. Не үшін сол күні ішкенімді түсініп болмаймын…

Міне, күйеуіммен сөйлесе де алмаймын, жүзіне қарауға ұят. Өзімді бір салдақыдай сезініп жүрмін. Күйеуіммен жатуға батпаймын. Оған ештеңе айта алмаймын, айтсам, ол ашуланса айналаны түгел қырады.

Ішіме сыймаған соң болған жағдайды туған әпкеме айттым. Ол енді осы қателікпен өмір сүруге тура келеді, бірақ күйеуіңе айтушы болма деді. Себебі ол мұндай сорақылыққа лайық емес, жанын ауыртасың деді. Бірақ, енді менің оның көзіне қарап тұрып өтірік айтуыма қақым бар ма? Мұндайдан кейін оның жанында болуға мен лайықтымын ба?

Күні кеше ғана қандай жағдай болмасын сүйген адамымды сатпайтын адамның бірі едім, ал бүгін оның көзіне шөп салдым, енді осы шындықты қабылдаудан миым бас тартады. Өзімнің осы қылығымды қалай қабылдаймын?

Осыдан кейін ұзақ ойландым. Жұмыстағылар сол күні бәрі дұрыс болған, менің жүріс-тұрысымнан артық ештеңе байқалмағанын айтады. Тек қатты масайрап қалған соң мені таксиге салып жіберіпті.

Сонда мен кіммен болдым? Енді не істеуім керек? Бәрін ұмытуға тырысамын…
Басқа амал бар ма? 

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста