Әлеуметтік желіде Маңғыстауда өткен тойдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Беташарда бума-бума ақшаны көкке лақтырғандардың видеосы көпке ұнаған сияқты. Себебі пікір білдіргендердің көбі өз тойында да осындайды көргісі келеді екен.
"Болды, Маңғыстаудың баласына тиемін", "Маңғыстаудағы кез келген беташар осындай болады", "Шымкентте тастай кәмпит лақтырады ғой", "Нағыз беташар екен, бізге де бұйырсын", "Маңғыстаулық жігіт іздейміз енді", "Аспаннан ақша жауу деген осы ма", — деп жазып жатыр бойжеткендер.