Мәйітті жерлеудің орнына жағып жіберген дұрыс деп ойлаймын

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақтың салт-дәстүріне байланысты адам өлген соң денесін жер қойнауына тапсырады. Өйткені, қазақта «адам топырақтан жаралған, қайта топыраққа айналуы керек» деген наным бар. Алайда бұл дұрыс емес сияқты. Себебі, адам қайтыс болған соң оның жаны денеден бөлініп, көкке ұшып кетеді. Сондықтан өлгеннен кейін адам денесінің не болатыны аса маңызды емес. Бүгін «Алаш айнасы» арқылы мәйітті жерлемей, өртеп жіберген дұрыс екенін дәлелдеп көрейін.

Таяуда Алматы маңында крематория салынатыны жайлы сөз болды. Ондағы мақсат – жерді үнемдеу, далада өліп жататын ит, мысықтардың ауру тарату қаупін жою. Бұл орынды.
Отқа табынушы елдерде адам қайтыс болған соң оның денесі өртеп жіберіледі екен. Кей елдерде оның күлін қорапқа салып сақтап қойса, енді бір елдерде күлді суға ағызып жіберетін көрінеді. Байыптап қарасақ, отқа табынушылық қазақта да бар. Күйеу жігітке, жаңа түскен келінге отқа май құйғызу салты қазір де сақталған. Демек отқа табынушылық бізге де жат емес.
Мәйітті жерлемей өртеп жіберудің тиімді тұстар да бар. Тарихқа үңілсек, бұрынғы заманда жұқпалы ауырумен ауырған адамдарды жерлемей, өртеп жіберген. Өйткені жерленген денені кеміргіштер жеп, ауруды қайта сыртқа алып шығып, тарату қаупі жоғары. Ал қазіргі уақытта қандай аурумен ауырып қайтыс болса да, мәйітті өртемей, жер қойнауына тапсырады. Демек бұл қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Сондықтан мәйітті өртеуді санитарлық тазалық деп қарауға болады. Сонан соң өлген адамның денесі құрт құмырсқаға жем болып, қорланбайды. Өйткені, кей жағдайда қабірді түлкі, қарсақ сияқты аңдар мен кеміргіштердің қазып, адам сүйегін сыртқа шығарып тастағанына өзіміз куә болып та жүрміз. Сонымен қоса, қазір қала маңында үй тұрғызуға жер жоқ, алайда жерді бірнеше гектарлап алып жатқан зираттар бар. Бір ғана Алматы қаласының маңында 41 зират бар. Орын болмағандықтан олардың 27-сі жабылған. ЖЭС-2 ауданында орналасқан ортақ зиратттың аумағы 293 гектар жерді алып жатыр.
Егер зираттар болмаса, ол жерлерде тұрғынүй құрылысына пайдаланып, баспана мәселесін жеңілдетуге болар еді. Оған қоса, жыл сайын зираттардың аумағы артып, жер жетпей, талас-тартыс көбейіп жатыр. Бұл өз кезегінде біреулерге зираттан орын сатып, кәсіп жасап, ақша табуға, күнәға белшеден батуға жол беріп отыр. Қазіргі кезде өлген адамды жерлеу үшін зираттан орын алу оңай емес.
Тағы бір мәселе қазіргі уақытта зират басына мәрмәрдан зәулім ескерткіш орнату, күмбездеп үй тұрғызу бәсекеге айналды. Қарапайым адам үшін зираттан екі шаршы метр жер алуы қиямет болса, ақшасы барлар зәулім күмбез тұрғызу үшін он шаршы метр жер алады. Ал шариғат бойынша өлген адамның бәрі тең болуы тиіс. Қабірді қоршауға, үй тұрғызуға тыйым салынады. Алайда оны амалға асыруға ешкімнің шамасы жетпейді. Өйткені, сананы ақша билеген мына заманда, қалтасы қалыңдар қалағанын жасайды.
Қалтасы қалыңдардың қалағанын істейтіні жайлы естіген бір әңгімені мысал ретінде айта кетейін. Осыдан біраз жыл бұрын, ауылда тұратын, ақшасы мол беделді кәсіпкердің әйелін өз иті қауып алады. Асыл тұқымды итін атып тастауға қимайды. Арадан бірнеше күн өткенде иттің ауырғанын байқап, ветеринар шақыртады. Мал дәрігері «ит құтырған болуы мүмкін» дейді. Тексеру қортындысы иттің құтырғанын дәлелдейді. Арадан тағы бірнеше күн өткенде әлгі ақшалы азаматтың әйелі ауырады. Алайда, дәрігерлер әйелдің құтырған ауруына шалдыққанын, уақыт өткізіп алғанын, енді жазылмайтынын жеткізеді. Ауруханада бірнеше күн жатқан әйел қайтыс болады. Алғашында дәрігерлер мәйітті бермей, өртеп жіберу керек екенін айтады. Десе де кәсіпкер ақшаның күшімен алып шығып, жерлейді. Ауыл адамдары да ауыл зиратына жерлеуге қарсы болып, жергілікті билік өкілдері мен құқық қорғау органдарына шағымданып, бөлек жерге жерлеуді талап етеді. Алайда олар да ештеңе істей алмайды. Сөйтіп ақшалы кәсіпкер өз дегеніне жетіп, әйелін ауыл зиратына бетоннан қабір жасап жерлепті. Осы әңгімені айтушының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде сол қабірдің басында мәрмәрдан ерекше ескерткіш тұрған көрінеді.
Егер мәйітті өртеп жіберсе, онда ондай бәсеке туындамайды, өлген адамның бәрі де тең болар еді. Сондай-ақ ауру-сырқаудың қайта таралуына жол берілмес еді.
Әрине бұған қарсы дау айтушылар табылар. Бірақ олар мәйітті өртемей, жерлеудің тиімділігін айтып бере алар ма екен? Мені имансыз деп сөкпеңіз. Балағаттамаңыз. Мен де ешкімді балағаттап, кінәлап отырғам жоқ. Тек дәлелді ойымды ғана жеткізіп отырмын. Егер осы айтқаныма қарсы дәлеліңіз болса, пікіріңізді жазыңыз. Егер сіздің дәлеліңіз нанымды болса, неге иланбасқа!

Исахан Момбек, Алматы облысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста