Құдалықта құдашамен билеп жүрген күйеуін қызғанып, келіншекті итеріп жіберген әйелдің әрекеті ғаламторда қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Instagrаm әлеуметтік желісінде пайда болған видео желі қолданушыларын қыран-топан күлкіге қарық қылды. Онда ер адам барын салып, құдашамен билеп жүргенін көруге болады. Қызыл көйлек киген келіншек те жақсы көңіл көтеріп жүр.
Сол сәтте күйеуін қатты қызғанып кетсе керек, әйелі атып шығып, құдашаны итеріп, шетке ығыстырып тастайды. Әрмен қарай ол күйеуімен ортада биін жалғастырады. Қызғаншақ әйелдің әрекетіне қатысты пікір жазып жатқандар көп.
"Билеп жатқанда, ортадан келіп бөліп билеу мәдениетсіздік", "Күйеуімен емес, құдашамен айналып билеп кету керек еді", "Осы жасқа келіп қызғанғаны несі?! Күйеуі жүргіш біреу болып тұр ғой", "Құдаша әдемі билейді екен. Өзі де сүйкімді", "Құдашадан ұят болды", — деп жазды желі қолданушылары.