Күйеуімнің туыстары намысымды таптап бітті
Сəлеметсіздер ме, құрметті қауым! Мен жастайымнан тұрмыска шықтым. Жасым 18-де. Тұрмыс құрғаныма 5 ай уақыт болды. Сөге көрмеңіздеші,.алып қашудың құрбаны болғам. Аяғым ауыр, 4 жарым ай.
Менің бар мəселем енемде. Күйеуім үйдің жалғыз баласы болғандықтан мен де жалғыз келінмін. Енемнің жасы 42-де. Уйде жалғыз келін болған соң үй тірліктерінің бəрі менің мойнымда. Өзім əлі жаспын, үй тірліктеріне онша жоқ едім. Бірақ уйреніп кеттім. Бір кунде бəріне үлгере алмай қалсам, енем "ей, сен қатын сонша жай басарсын, шешеңе айтып берейн ба сені" деп қоймайды. Менің намысыма тиетін сөздер айтады.
Әкем туралы сөз айтып үстінен күліп отырады. Шыдай алмаймын..бір күні үйде жиын болды. Барлығын үлгердім барлық ыдыс-аяқ менің мойнымда. Шаршадым, өзім екіқабатпын, жакында түсік тастау қаупі боп ауруханаға жатып шыққанмын. Қайынсіңілдеріме маған көмектес деп бір айтпайды. "Өзі жуып алсын, тоңқайып ұйықтағанды біледі ғой, жусын өзі" деп ертіп кетіп қалды. Күйеуме мені қарсы қояды. Ол да анасына қарсы шыға алмай, менің айтқаныма сенбей, анасынынң бос əңгімесіне сенетініне ренжимін. Мені жамандайды. Ал күйеум келіп маған ұрсады. Негізі күйеуім жақсы адам, тек құртып отырған енем,осындай жағдайлар күнде қайталанады. Ең қиыны намысыма тиетін сөздерімен ата-анама тіл тигізнезіті. Қайтсем екен, қалай шыдаймын?
Аноним