Күйеуімнің қылығы шаршатты...

Әкем мен анам мені туыла салысымен анамның баласы жоқ інісі мен келініне беріпті. Ата-анамның менен басқа екі ұлы болған. Ал асырап алған ата-анам менен кейін тағы бір туыстарының ұлын бауырларына басыпты. Өзімнің туған ата-анам туралы мектеп қабырғасында жүргенде жанашыр туыстарымның бірі жеткізді. Мен білмеген адамдай жүре бердім, тек кейде оларға кетіп қалғым келетін кездері болған. Олардың тұрмыстары жақсы болатын. Ал асырап алған ата-анамның тұрмыстары онша емес, онымен қоймай анамның келінінің тілі де ащы, мені күні бойы отырғызбай жұмсауға бар-тын. Екінші анамның сол қылықтарының арқасында мен өте көнбіс және үй тірлігінің барлығы қолынан келетін қыз боп өстім.

 

Мектеп бітірген соң маған оқуға бара ғой деген жан болмады. Бірақ мен қалайда осы үйден құтылғым келіп Алматы қаласына кеттім. Қолымда құжаттарымнан басқа бірнеше көйлектен басқа ештеңе жоқ. Мектепте жақсы оқысамда көзіме бірінші түскен оқу орындарының біріне құжат тапсыра салдым. Бағыма қарай техникумға оқуға түсіп кеттім. Сол жылы өзімнің туған-ата-анам да Алматыға көшіп келіпті. Арасында жәй туыс ретінде оларға барып тұрам. Анам енді ғана асты-үстіме түсетін болды. Мен ештеңе білмейтіндей үндемей қайтам.

 

Мұнда оқып жүргенде бір жас оқытушымыз маған арасында әзілдеп сөйлеп, кейде тоқтап қалымды сұрап қоятын. Оған мен мән бере қоймағам. Бір күні әлгі оқытушы мені киноға шақырды. Оқытушы ретінде оны силап бір рет барайын, сосын бармаспын деген оймен келістім. Киноға бардық, кинодан шығып жаяу келе жатқанымызда алдымыздан оның таныстары кездесе кетті. Жүріңдер апарып салайық деп, ағайым ол да жарайды деп келісе кетті. Келе жатырмыз, қаланың шетіне жақындағанда мен ағайыма «біз қайда барамыз?» - дей бастадым. Ағай «біздікіне» деп жайбарақат отыр. Осылай көп уақыт өтпестен қаланың шет жағындағы бір үйдің алдына кеп тоқтадық. Ағай мені ертіп машинадан түстік. Үйге жақындай бергенде үй ішінен бірнеше әйел шыға келіп бізге қарай жүргенде, ішім бір нарсені сезгендей болды. Мені жетектеген күйі үйге кіргізіп, үй ішіндегілер менің басыма орамал салып үлгерді. Мен бойым кіші болса да қарулы қыз едім, орамалды лақтырып маңайыма ешкімді жолатпауға тырыстым. Көз жасы, аузымнан шығып жатқан сөздер, біраз уақыт өтті. Бір кезде ағайым келді. «Мені жатақханаға апар, соттаттам, құртам!» деп бар білгенімді айтып жатырмын. Ал ағайым болса, «ешқайда бармайсың, бірнарсе дейтін болсаң өзіңді оқудан шығартып жіберем. Ал қазір тыныш қалсаң, оқуыңның қалған бөлігін реттеп, дипломыңды үйге әкеліп беремін. Тек осында тыныш қалсаң болды» деді. Өзімнің артымда іздейтін адамның жоқ екенін білетін мен амалсыз қалуға келісімімді бердім. Ол айтқанында тұрып диломымды қолыма ұстатты. Бірақ мені жұмысқа шығармады. Арамыз біраз жас болғандықтан көрінгеннен қызғанатын болды. Қызымыз дүниеге келді, артынан ұлымыз туылды. Асыраған жеңгем мені іздемеді де. Керісінше өзімнің туған әке-шешем кеп тұратын болды. Қанша жерден туған болса да, олар жақсы көріп тұрса да мен оларға еміреніп жақын бола алмадым. Өзіміз күйеуімнің жұмыс орнынан берген жатақхананың бір бөлмесінде тұрамыз. Оның бауырлары көп болды, ауылдан келген туыстың бәрі біздің үйге тоқтайды. Өзі сол оқу орнының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі болып жоғарылады. Бірақ мен екі күннің бірінде таяқ жеймін. Бауырлары батып ештеңе айта алмайды. Бір нәрсе болса жұдырыған ала жүгіреді. Туған анам да ештеңе айта алмайды. Олар маған тек туыс ретінде ғана келеді.

 

Осылай жүргенде туған анам ауырып аяқ асты қайтыс болды. Ол кісінің орны сонда ғана білінді. Туғандығын білдірмесе де, маған сүйеу болған екен. Әкем анам қайтыс болғаннан кейін жас әйелге үйленді. Ол әйелі үйлене сала заңды түрде некеге тұрып, ақыр аяғында үйді сатып, аз бөлігін әкеме тастап өзі кетіп қалды. Әкем бірнеше жыл ұлдарының қолында жүріп қайтыс болды. Енді мен таза жетім болдым. Туған бауырларым мені іздемеді. Күйеуімнін қызметі де жоғарылады. Бірнеше орта оқу орындарында директордың орынбасары қызтметтерін атқарды. Қатал басшы, үйде де қатал әке, қатал күйеу болды. Қала шетінен жер алып үй бастадық. Қызым 9 сыныпта, ұлым 7 сыныпта. Сол үйдің қабырғасын тұрғызып, шатырын жапқан жүмысшылар болды. Қалғандарын ұлымыз екеуміз жасадық. Қызым тамақ жасайды. Осылайша қатал күйеудің арқасында бесаспап маман болып шыға келдік. Екі жылда екі қабатты жасап бітірдік. Қарап отырған күніміз болмады. Күйеу жұмыста. Бірақ ұлымыз екеуміз бір жақсы сөз естімедік. Көңіліне бір нәрсе ұнамаса мен таяқ жеймін. Бастықтың әйелі деген атым ғана, үйдегі бар тірлік өзімнің мойнымда. Қонаққа шақырса бастықтың әйелі боп киініп бара саламын. Үй де бітті ойымыздағыдай боп, қызым бойжетті, ұлым да ержетті. Олар әкелері жоқта маған неге үндемейсің, осылай басындырып жүре бересің бе дей бастады. Тіпті бір көрші құрбым мен үйден шықпай қалсам келіп қалымды сұрап тұрып, сен көрінбесең тағы да кемпірқосақ болып жүрген шығар деп ойлаймыз деп шымшып өтті. Олай дейтіні мен аққұба болған соң, таяқ жесем ұрған жері көгеріп, одан қызарып, одан сарғайып жүріп алатын. Соны меңзегені. Қызымыз тұрмысқа шығатын күн де жетті. Қызым мен күйеу балам біраз уақыт бізбен тұрды. Күйеу баладан тартыну деген де болмады. Қит етсе жұдырық ала жүгіреді. Бұрын үйден шықпайтын мен енді құдағимен кеттім деп кафеге барып тұратын болдым. Ол жақтан да келсем есікті іліп қойып, балаларға аштырмай қоятын болды. Осының бәрі ойлаймын, өзінің мінезі және менің іздейтін төркінім болмағандықтан шыгар деп. Бүкіл туысы бізге жиналады, құда-жекжаттың бәрі бізде күтіледі. Қай кезде қонақ келсе дастархан жаюлы. Жеріміз үлкен болғандықтан бірнеше бөлмелер салып пәтерге беріп тастағанбыз. Олармен айналысу да менің мойнымда.

 

Тіпті бір кездері телефонмен әйелдермен сөйлесіп отырып, жаным дегендерін де естідім. Сен менің сөйлескенімді тыңдадың деп тағы таяқ жедім. Сол аралықта ұлымыз да үйленді, енді келіннің көзінше таяқ жеу басталды. Құрбыларыммен ол жібермесе де шақырған жерге бара беретін болдым. Өйткені бәрібір жейтінім сол таяқ. Ол қазір жоғарғы оқу орнында декан, жасы елуден асты. Бірақ өзінің әдетін қоя алмады. Қонақ кеткенше одан жақсы адам жоқ, қонақ кеткен соң бір сылтау тауып қол жұмсайды.

 

Бір күні басыма арам ой келді, бәрібір сонша жылда жылы сөзге зар болдым. Мүмкін біреуді табармын, көңілім бөлінер деп. Бір қонаққа барғанда есебін тауып бір жігіт ағасымен танысып телефон номерімді беріп кеттім. Келбетті, отставкада, өзінің жеке кәсібі бар екен. Көп ұзамай хабарласып шайға шақырды. Мен кешке шыға алмайтынымды айтып күндіз кездестік. Кездесудің соңы қонақ үйге барумен бітті. Осылай екі рет кездесіп, үшінші рет кездескенде менің бүгін ақшам жоқ еді сен төлей салшы дейді. Мен әрине төледім, бірақ қайтып сөйлеспедім де. Бұл қылығым өзіме де ұнамады. Уақыт баяғыша өтіп жатыр, келін екінші баласына аяғы ауыр кезінде тағы оңдырмай таяқ жедім. Жылап жүріп ет қызумен ауылға баратын таксиге отырдым да кетіп қалдым. Сонша жылда бірінші рет, ол жақта кімге барарымды да білмеймін. Жасым елуге жақындағанда қанша жыл көрмеген баяғы өзіммен бірге асырап алған бауырымның үйінен бірақ шықтым. Енді үйге бармаймын деп шештім. Арада екі күн өткен жоқ, келінім жылап телефон соғып тұр. Менін екінші балаға аяғым ауыр, жерігім ұстап ешнәрсеге қарай алмаймын, үйге қайтыңыз деп. Үлкен баласы әлі бір жасқа да толмаған, келінімді аяп үйге қайта келдім. Мұны көрген күйеуім қайта құтырып кетті. Үлкен қызым қазір, мама біздің қолымызға келіп тұрсаңшы деп күнде хабарласады. Кішкентайынан әкесінің қылығын көріп өскен олар енді мені ол үйде қалдырғысы келмеді. Мен қызымның қолына кетіп қалайын десем елдің сөзінен, құда-құдағидан ұялып жүрмін. Олардың бәрі менің жағдайымды біледі, бірақ ешқайсысы бетіме ештеңең айтқан емес. Жасымыз елуден асты, күйеуімнің қызметі бар. Күйеу бала, келін бар, төрт немере бар. Осылай екі оттың ортасында жүрмін.

 

Кімнен ақыл сұрап, қалай шешім қабылдарымды білмеймін.

 

 

 

Сайра, Алматы

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста