Күйеуімнің көзіне шөп саламын….

Гаухар есімді бір келіншекті танушы едім. Екі баланың анасы, үлкені 19-да. Күйеуімен отасқанына аттай жиырма жыл болған екен.

Қырыққа былтыр толды. Шашы белінен төмен түскен, қалың, жанары оттай, қараторы жүзі жайнап тұр. Дене бітімі де жаман емес, аса арық та, толық та емес, нағыз бабында.

Былтыр мерейтойларына барған едім. Күйеуі өте байсалды, жымиып қана отыратын, көп сөйлемейтін жан екен. Күйеуінің елдің көзінше айтқан жүректен шыққан сөздерін естісеңіз ғой:

«Гаухар, қанша жылдан бері сен менің отбасымның ұйытқысысың, жылуысың, шуақ шашқан күнімсің, мен сені күні бүгінге дейін сүйемін!«.


 
Мұндай жүрекжарды сөздерден кейін тәуір жұмыстары бар, біреуден артық, біреуден кем тұрмыстары, үй-жайлары бар ерлі-зайыптылардың бір-бірін қатты сыйлайтындарына ешкім күмәнданбады. Отырыс қыза бастады. Ақты күйеуінен гөрі Гаухар жақсы сілтеп отыр. Беті бал-бұл жанып, күлкісі де дарақыланып барады. Қонақтардан тығылып, кафенің артына барып темекіні сорып тұрып айтқаны: 

«Анау жүрген сары жейдедегі кім білесің бе?». Менің жауабымды күткен жоқ. «Ойнасым, өзіммен жасты, 3 жыл болды жүргенімізге, күйеуімнің досы». Темекіні құшырлана сорып алды да, «тағы біреуі бар, ол елуде, қазір ауруханада жатыр, ауырып қапты, мәә барып қайту керек еді, кеше звондаған».
&mdash Ойбай? Қалай екеуі де ме?!

&mdash Иә

&mdash Сонда қалай? Қашан барып үлгересің? Күйеуің ше?

&mdash Кейде күйеуіме жұмысқа кеттім деймін де екеуіне звондаймын, қайсысы бос, сонымен күні бойға пәтер жалдаймыз. Күйеуім білмейді, әрине.

&mdash Не үшін сонда? Күйеуің қанағаттандырмай ма?

&mdash Жоқ, бәрі жақсы. Аналарға барып келген соң, күйеуімді ерекше жақсы көріп кетемін. Мүмкін, жиырма жыл бірге тұрып, ажыраспай, күні бүгінге дейін сіз-біз десіп келе жатқанымыз да осының арқасы шығар.

&mdash Обал емес пе күйеуіңе? &mdash Бір сәтке Гаухарға жанындай сенетін, алақанына салып, аялап келе жатқан күйеуін елестетіп, оған жаным ашып кетті.

&mdash Ойй, қойшы а, я об этом не думаю!

Мәссәған! Міне байғұс күйеуінің шаңырағының ұйытқысы мен жылуы! Ал керек болса! Әлгі әңгімеден кейін Гаухардың күйеуінің бетіне қарауға дәтім бармады. Күйеуіне көзім түссе, жаным ашып, намысының қорланып жүргенін білмейді ау, байғұс, деймін ішімнен.

Құдай қосқан қосағының көзіне шөп салу &mdash қай дінді алып қарасаңыз да, барып тұрған арсыздық пен ауыр күнә. Біздің бүгінгі қойыртпақ қоғам да осындайдың былығына әбден батқан.

Әйелдің опасыздығы атты жаңа тенденция өршуде. Қартайып бара жатқан әйелдердің елпеңдеп, қызықты өзге еркектің құшағынан іздеуінің себебі неде? Сыртта ойнас құру &ndash ешқашан кездейсоқ болмайды, дейді мамандар. Опасыздық жасаудан әйелдер де еркектерден қалыспайтын болған. Еркекті ер қылатын да, жер қылатын да әйел екен.

kaz.365info.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста