.. Бір ардан безген әйел сумаңдаған жылан секілді айрандай ұйыған отбасыма кірікті. Ең сорақысы ол келіншек кезінде бізге көрші болып, дастарханымнан дәм татып, менің киімдерімді киген болатын. .Сол кезден ғашық болып жүріпті менің жолдасыма. Кезекті байымен ұрсысып,бізден алыстау жерге көшкен соң ,жолдасыма ауыз салуға батылы ояныпты..Бұл туралы білгеннен кейін, мен оның жұмыс орнына барып тұрып,бүкіл әріптестерінің көзінше шаңын қақтым! Шашын бір талдап жұлар ма едім, күзетші болмағанда. Сосын, әлеуметтік желілерден оныің ауылының тұрғындарын тауып алып, бірнеше ауылдасына оның не істеп жүргенін айттым. "Оған таңғалатын түгі де жоқ!"деді олар да.
Әрине,жолдасымнан да бар. Күйеуіме де ол әйелге екінші жоламайтындай етіп ұрыстым. Бірақ "тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді" деген бар ғой. Әйелдер біреудің отбасын бұзып, опа таппайтынын неге түсінбейді? Алайда,"ойнас оттан ыстық,одан қалса боқтан сасық" боп қалатыны рас екен.
Күйеуімнен қалған арсыз маған "сен аурусың, бүкіл ауылды шулаттың" дейді. "Мен ауру қылған өзіңсің, керек кезде мен де жылан бола аламын,тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа" дедім. Менің мінезімнің қандай екенін байқағалы ол,жоқ болды.
Жағдайым келсе, әлгінің фотасын көшедегі жарнамалардың орнына қояр едім. Өйткені ондайлардың біреудің отбасын бұзуына жол бермеу керек. Егер ол тағы да алдымнан бір кездесіп қалса, оңдырмаймын.
Ханымдар, осындай жағдайды бастарыңа бермесін! Ал болған жағдайда, "Бір Алла жазасын берер" деп,отыра бермей ондайлардың көзіне көк шыбын үймелету керек.
Сәуле, Алматы