Қайырлы күн, қыз-келіншектер, құрбылар. Мен де сіздермен ой бөліссем деймін. Мен 2 баласы бар жігітке тұрмысқа шықтым. Күйеуім балаларына қарайласып, ай сайын ақша беріп тұрады. Менің оған еш қарсылығым жоқ, балалары ғой, обал ғой деп ештеңе айтпаймын.
Біздегі мəселе, бұрынғы əйелі. Үйленгенімізге 3 жыл болса да, бірінші әйелі əлі күнге дейін тыныштық бермейді. Күйеуіме телефон шалып қарғап-сілеп отырады.Анда-санда маған да смс жазып жібереді, жаман сөздер жазады. Күйеуім екеуі тіпті ресми түрде үйленбеген де, тек біраз уақыт бірге тұрған. Күйеуімнің ата-анасы екеуіне үйленуге рұқсат бермей қойған екен. Себебі ол əйел күйеуімнен 10 шақты жас үлкен.
Ал мені ата-енем қатты сыйлайды. Ауылға барған сайын жандары қалмайды. Жиі-жиі хабарласып, қал-жағдайымызды біліп тұрады. Күйеуімді қатты сүйемін, әбден бауыр басып қалдым. Біз үйленбей тұрып, екеуміз кездесіп жүрген кездің өзінде ол əйелмен араласпайтын. Оған сенімдімін. Күйеуім ол туралы: "Бұл менің өмірдегі ең үлкен қателігім" деп қатты қиналады, балаларын ойлайды. Мен не істесем болады, сол әйел әбден шаршатты, Осылай үндемей жүре бергенім дұрыс па?
Аноним