Күйеуімнің әруағы риза болмай жүрген сияқты....

Күйеуімнің әруағы риза болмай жүрген сияқты....

"Отбасы – ошақ қасы" айдарына мен де ішімдегі сырыммен бөліссем деймін. Мен 25 жасымда бір жасар баламмен жесір қалдым. Балам өте аурушаң болды. Айлап ауруханада жатып жүрдік.

 

"Əйелдін қырық жаны бар" деген ғой тынымсыз жұмыс істедім. Талай күндер таң атқанша Алладан жалбарынып, балам ауырғанша мен ауырайын деп жылап таңды талай атырған едім. Қаратпаған жерім жоқ, құдайға шүкір балам қазір 7 жаста. Ауруынан құлан таза айығып кетті.

 

Жүгіріп жүріп жұмыс істеп Астанадан шағын бөлме сатып алдым. Сөйтіп араға 5 жыл салып екінші рет тұрмыс құрдым. Құдайға шүкір қызым бар. Ендігі мəселе өзімде.

 

Енеммен бірге тұрам, қыстай қайынағам да бізбен бірге тұрды. Бəріміз бір бөлмелі үйде тұрдық. Білмеймін, осы қалай екінші рет тұрмыс құрдым солай аурудан көз ашпадым. Өкпемнің қабынуынан бастап мойныма без шықты, тістерім ауырды невралгия, мигрень, мастит не керек ауыра бердім.

 

Өзім бала ертіп  келген атым бар, үндемей іштен тынып жүре бердім. Ауырып жата берейін десем алдымда енем мен қайынағам жатады. Өзі тар үйде ынғайсыз. Содан ауруларымды асқындырып алдым ба, жоқ алде жоғарыда айтқандай тілегім қабыл болып қалды ма, əйтеуір не керек ауыра бердім.

 

Қазір өкпе аурулары ауруханасында жатырмын. Диагнозым түсініксіз, сондықтан күнде қан талдауын жасайды. Мұндағы дəрігерлер аурудың  бəрі күйзелістен дейді. Ұзақ уақыт басымдағы қиын жағдайларды ешкімге айтпай іштен тынып жүре бергендікі ме?

 

Сеніп жүрген жолдасым да бас кезінде жүріс жасады. Оның үстіне бұрын марқұм болған күйеуім ылғи: «Егер сен біреумен кездесіп қосылсаң мен саған разы болмаймын» дейтін. Құдай сақтасын əрине əруаққа тіл тигізгенім емес бірақ кейде содан ба екен депте ойлап қоям. Əруағы разы болмай жүр ме? Өйткені бұрын ешбір жерім ауырмаған еді.Ал қазір ауруханада жатырмын, енді қол аяғыма шейін сырқырайды.Түнімен бастырылып айқайлап жайсыз түстер көріп шығам.

 

Қазір екі балам екі жақта. Ұлым анамда, қызым ағамда. Күндіз-түні жылаудамын. Мынандай аурумен ауырғасын тіпті жолдасыммен де жиі ренжісетін болдық. Ауыра бергесін жалығынқырап жур ме деп ойлап қоям.

 

Сіздерден ақыл кеңес сұрағалы отырмын. Бəрін тастап жолдасымды жайына жіберсем бе екен? Әлде бұл уақытша сынақ па? Не істеу керек мұндай жағдайда?

 

 

 

Айжан, Астана

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста