Сəлеметсіздер ме, құретті қауым! Менің тұрмыс құрғаныма 5 жыл болды, менің мәселем күйеуім екеуміздің арамыздағы интимдік қарым-қатынасымыз. Ұят та болса айтайын,осы соңғы жылдарда күйеуіммен жақындасқым келмейді, тіпті жай құшақтағанын да қаламаймын.
Күйеуім ішпейді,шекпейді, жаман әдеттері жоқ, өзі жуас жігіт. Өзім намаз оқимын, қарсылық көрсетуге болмайтынын да білем, бірақ солай жасаймын. Күйеуім екеуміздің түсінігіміз көп жағдайда сай келмейді. Кейде ойлаймын ешқайда шыға бермейміз, жолдастары жоқтың қасы. Осылардың да əсері бар шығар деп. Себебі көңілің бөлінбейді, күйбең тірліктен шаршап, стресске түсіп кеткен сияқтымын. Осындай себептер төсек қатынасына да əсерін тигізеді ме деп ойлаймын.
Дипломым бар, бірақ ата-енем жұмысқа тұрғызуға асықпайды. Жаспыз, ел-жұртпен араласқым келеді, бірақ оны түсінетін ата-енем емес. Ал күйеуім, әке-шешесіне бір сөз айта алмайды, мақсатым қарсы қою емес, тек өз пікірін айта алса екен деймін. Күйеуімді сол үшін де мойындағым келмейді.
Балаларым да менің қасымнан шықпайды, ата-əжелерін алдайды, бірақ қастарына жатпайды, тартыншақтанып жүреді. Күйеуім жалғыз ұл, бірақ жалғыз деп қарамайды. Өзі мұғалім, кейде жұқмыстан ерте келсе, келсе бақшасы бар сыртта соған бар дейді, онан қалды малға да қара дейді жанашырлық танытпайды. Жуас екен деп басынуға да болмайды ғой. Өздерінің емес, біреудің баласындай қарайтындарына таңғаламын, өз балаларына салқын адамдар келініне қалай қарайды дейсіз. Ақыл қосарсыздар деген үміттемін.
Аноним