Сәлеметсіздер ме «Әйел құпиясы» газетінің оқырмандары. Менікі аса бір мәселе емес, сонда да сіздердің ойларыңызды білгім келеді.
Жасым 22 де, жақында өзімнің сүйген, 3 жыл жүрген жігітіме тұрмысқа шықтым. Құдайға шүкір бакыттымын! Бірақ мен өз өзімді түсінбей жүрмін. Күйеуіммен таныспай тұрып бір жігітпен жүрдім. Ол менің алғашқы махаббатым еді. Мен оны қатты жақсы көрдім, бірақ ол жүргіш еді. Сөйтіп ол мені тастап басқа қызга үйленіп кетті. Ол әйелінен бір қызымен ажырасып, екінші рет үйленді. Жалпы мен оның жеке өмірі туралы бәрін білемін. Неге екенін білмеймін, әйтеуір оның парақшасына қайта қайта кіріп, достарын, үйленгенде әйелінің парақшаларына кіріп, бәрін білгім келіп отырады. Парақшасына күнде кірем, не жаңалық бар екен деп. Бірақ былайынша өз күйеуімді сүйем. Өз өзімді түсінбей жүрмін. Әлде әлі оған деген сезімім бар ма, жок әлде жай ғана қызығушылық па? Сіздер қалай ойлайсыздар? Менен басқа келіншектердің басынан ондай нәрсе өтіп пе, білгім келеді. Кейде өз өзімнен жиіркеніп кетемін. Басым қатты.
Жазира, Байқоңыр қаласы
Күйеуімді сүйемін, бірақ...
Последние статьи автора