Салеметсіз бе? Менің ішімде алай дүлей болып жатыр. Ішімдегіні айтайын десем анамнан қысыламын. Мен 2018 отау құрып ажырасып кеттім. Күйеуім жақсы бірақ анасының сөзінен аттап шыға алмайды. Енем мені аңдып отыратын әр қадамымды.Сөзбен тисіп, кейде жасай алмай қалған ісімді көріп боқтап та кететін. Бірақ сол үйден көпті үйрендім рахмет ол үйге. Қазір бөлек тұрамын. Күйеуімді қатты сағынамын. Күнде ойымда, жақсы көремін, ол мені жақсы көреді. Ажырасқан себебім менің біраз адамдарға қарыз болғаным үшін енем сендерден отбасы шықпайды сен адам емессің деп бізді ажырастырып жіберді. Өкініш ішімде. Алдағы өмірімді жақсы парақтардан бастағым келеді. Қазір қарыздардан құтылдым. Бірақ күйеуімді сағынамын. Маған ақыл ой айтсаңыздар екен. Ұзақ болса кешірім сұраймын.
Аноним