«Күйеуім зорлай береді, сол үшін алдыртып тастайын деп жатырмын...» - ауруханаға түскен келіншектің әңгімесі

«Күйеуім зорлай береді, сол үшін алдыртып тастайын деп жатырмын...» деген келіншектің даусын естігенде қиналып жатсам да, еріксіз бұрылып қарадым...

Бұл әңгіме ERNUR.KZ сайтында жарияланды.

Ап-арық, бетіндегі секпілі күтім көрмей әбіржіген ақсары жүзіне өзіне ғана жарасатындай әр беріп тұр. Арсыз көздерім де лезде оның киімін түгелдеп шықты. Оңып кеткен халат, ескі тәпішке мен күн жылы болса да аяғына кигені қыстық шұлық екен. Жағдайы мәз еместігі бірден байқалады.

Өзімнен өзім ұялып, соншалықты тінтіп кеткеніме ыңғайсызданып теріс қарадым. Әлгінде ғана наркоздан оянғанмын, соның әсері шығар естігенім деп өзімді жұбатып қоямын, тағы... Бірақ құлағым сол сөзды анық естіді. Бір палатада жатқан бес келіншектің төртеуі бұрылып қараппыз ғой оған. Ал ол қысылған да жоқ. Әдетте, бәрін басынан өткеріп, ендігі қорқатын ештеңесі қалмаған жағдайда бармаушы еді мұндайға әйелдер?! Өз түсінігім солай... Бәлкім қате...

Үш айға басқанда құрсағымдағы шаранамның жүрек соғысы тоқтап, амалсыз ауруханаға жатуға тура келген. Көптен сәби иісін сағынған, жоспарлы түрде құрсақ көтерген маған да, күйеуіме де ауыр тиген еді бұл. Өмір қызықсыз, уақыт тоқтап қалғандай күй кешкенімде «ана үш балаң бар, соған шүкір демейсің бе?» деп ұрысқаны да әсер етпеген еді. Өмір мен үшін әділетсіз, түнек көрінгенде «күйеуім зорлайды, баламды алдырып тастаймын» деген келіншекті жаратушы да әдейі жібергендей көрінді.

Кешкісін сүлдерімді сүйреп, асқа бардым. Мұндайда ешкімнің келмегенін қаласам да, ауылдан жеңгем бір табақ етіп ет асып әкепті. «Алып кет» дегеніме қарамай, «қасыңдағыларға берерсің» деп тастап кеткен. Екі күн аш жүрген мен табақтың бетін ашқанда ғана асқазаным шұрылдап сала берді. Қасымдағы төрт келіншектің ортасына қойдым. Көппен ішкен ас қашанда тәтті емес пе, жан-жақтан қол созып балбырап піскен қойдың етін қамырымен қоса біраз жәукемдеп тастадық.

Осы кезде назарым тағы да әлі секпілбет келіншекке ауды. Қарны ашып қалғаны, үйдің асын сағынғаны көрініп тұр. Еш қысылмастан қалған асты соңына дейін тауысты. Қайтсін, құрсағындағы шарана да іштен сорып бара жатқан шығар. Сөйтті де, «түуу, біраздан бері жеген дәмді асым осы болды-ау» деп шекесінен шыққан терді сүртті. Қасымдағы үш келіншек дәрі ектіретіндерін айтып орындарынан тұрып кетті де, үстел басында екеуміз қалып қойдық.

Надира деп таныстырған оның алдырғалы отырған шаранасына қызғанышпен қарап отырдым бір сәт. «Неге, осы керек еместердікінде бәрі жақсы болады да, неге менің балам...» деген ащы өксік тағы тырнады тамағымды. «Неге алдырмақсың? Құдайдан қорықпайсың ба?» дедім шыдамай. «Обалы күйеуіме... Қоймады, алдырып таста деді. Оның үстіне өткенде қан кетіп қатты қиналдым. Бүйтіп ертеңгі күні бір жері ауру бала туғанша осы бастан құтылғаным дұрыс. Үйдегі үш балама құдай өмір берсін», дегенде денем түршігіп кетті. Үйдегі үш құлынымды ойладым ба, әлде мына келіншек шынымен мені күйзелістен шығару үшін жіберілген бе?!

Екеуміз таза ауа жұтуға аулаға шықтық.

«Бәріңіз таңғалып қапсыздар маған... Менің күйеуім сондай... Ауырып тұрмын, қолым бос емес, үйді кісілер бар десең де қарамайды. Ол қалағанда мен дайын болуым керек. Бұрын есігі жоқ бөлмеде жататынбыз. Арғы бөлмеде ата-енем мен қайындарым... Сол кезде қысылып ұйықтағанын күтейін десең де, қоймайтын. Жүкті кезімде де талай рет қарсы болып көрдім. Бәрібір сол.. Төсекке атып ұрады да, қинап тұрып керегін алады. Жұрттар айтып жатады ғой, «төсек ләззаты, бірдеңе» деп... Мен ондайдың бірін де сезінбегенмін. Әйтеуір менің денемді ауыртып қинағанды жақсы көріп тұрады. Өзін ұстай алмай қалады кейде...»

Жыпылдап сөйлеп келе жатқан сол менің сұрағым келгенін өзі-ақ айтып берді. Түріне көз қиығыммен қарап қоямын. Жылау, қиналу дегеннің белгісі білінбейді. Еті өліп қалған секілді. Жәй бір дүкенге барып келгенін әңгімелеп келе жатқан тәрізді.

«Неге олай? Мүмкін денсаулығында бір ақау бар шығар?! Есі дұрыс па өзінің?», - деп шыдай алмай мен де сұрақты төтесінен қойдым.

«Дені сау ғой. Бірақ кейде мен де ойлаймын, ақыл-есінде кеміс бар шығар деп... Бірақ басқа шаруаның бәріне келгенде тап-тұйнақтай. Жұртқа мақтаулы. Мені ұрмайды, соқпайды. Балаларына да мейірімді. Тек сол түнде... Аямайды. Басында қатты ауырып, азанда төсектен тұра алмай қиналатынмын. Оған жүкті екенімді айтсам да қайтпайтын, қинай беретін. Бір түнде екі-үш рет қайталағанда, жаным шыға жаздайды. Жарығы бар екен, үш балам келді ғой өмірге. Соның зардаптарын енді көріп жүрмін-ау. Осыны көтергелі қан кете береді. Дәрігерлер де денсаулық үшін алдыру керек деп отыр. Бірдеңе білген соң айтады ғой. Көтергенде бір айдай күтіну керек деген. Оған да қарамайды ғой... Ойына түскен кезде төсекке қарай тартады. Содан болып отыр ғой енді. Зорлай берген соң әйел құрсағындағы бала оңсын ба?!»

Осы жерде әйелдік сезімінің жұрнағы қалған болуы керек, көзі жасаурап, кірпігі дірілдегендей болды.

«Жақсы көресің бе, өзі? Ондай адаммен қалай бірге тұрып жатырсың?»

«Жақсы көру деген не ол?! Енді бойжете бастағанымда танысып, үйлендік. Сырты ұнайтын еді. Көп танығам да жоқ оны. Білмеймін, күйеуге тигім келді ме?! Махаббат, жақсы көру, сезім дегендерді де түсінбеймін. Маған сол үйдің шаруасын бітіріп, балаларым аман болса жетеді. Тек соңғы кездері төсектен кейін қатты ауырамын. Басым, белім, тіпті астыма дейін қақсап кетеді. Ауырды десем де тоқтамайтынын білген соң жата беремін. Қырыққа келгенде сәл қояды дейді ғой еркектерді. Сол кезде демалатын шығармын, енді...»

Мына әңгімесінен соң оның өзінің дені сау ма деп ойланып қалғандай болдым да, бойымды тез жидым. Ақыл айтпадым, соңын да сұрамадым.

Сол күні оны басқа палатаға ма, әлде босандыру залына алып кетті. Қайтып көрген жоқпыз. Ертеңіне менің де жағдайым дұрысталған соң үйге қайттым.

Бірақ сол келіншектің тағдыры көпке дейін есімнен кетпеді. Бірде оңаша отырғанда күйеуімнен еркектердің сондай болуы мүмкін бе екенін сұрап көргенмін. «Садизмнің белгісі бар біреу шығар... Садизм де ауру емес пе?» деп қысқа қайырды. Адамдарды қинау, зорлық-зомбылық жасауға бейім тұратын жандар жайында көп естиміз. Ол оның емі қандай? Емі бар ма екен өзі?

Бойында сезімі қалмаған әйелдің қылығы да болмайтынын көрсетіп кеткен әлгі келіншек сияқты қаншама тағдыр бар екен әлемде?! Үндемей көз жасына тұншыққандар да жетерлік-ау... 

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста