Күйеуім мені тіпті көзіне де ілмейді
Әйел сүйікті екенін, ері үшін қадірлі жəне қымбат екенін қалай білуге болады? Осыны сұрағым келеді? Мен өмірде көп нəрсені білемін жəне бəрінің тілін тауып, отбасын берік ұстауға шамам жетеді деп ойлайтынмын. Бірақ соңғы кездері мен осал екенімді сезінем.
Күйеуіммен сүйіп қосылдым. Аллаға шүкір, екі балапанымыз бар. Ұрысып-таласып алып, бір-бірімізге кек сақтамай қайта татуласып өмір сүріп жатырмыз. Бірақ мені ерімнің кейбір қылықтары мен сөздері ажептеуір ойландырып тастайды. Қарап тұрсам, қанша ойыма алмайын десем де, мен бəрін есіме сақтап ұмыта алмай жүреді екем. Жылулық сезініп, жақсы сөз естігім келеді. Күйеуімнің айтқан бір ғана жылы сөзі қаншама қанат бітіреді. Бірақ ол оны көп айтпайды. Керісінше жаман сөздер, боқтау, төмендетуді көп естиді екем. Бір қызығы оның бəрін қалыпты жағыдай ретінде қабылдап, өзімді осыншама қорлауға жол беріп алған екем. Айта берсем өте көп. Соның ішінде көп еститінім: сен қартайып қалғансың, мен жылы жаңадан алуым керек, сенің қолыңнан бұл келмейді, сені мүлдем қызғанбаймын, қазір кете бер, ажырасқың келсе сені кім ұстап тұр, ерте үйленіп қойған екем (26 жасында үйленді қазір 31де). Кейде көшеде кездестірген жеңгелерінен, не таныстардан ана пəленшенің нөмірін берсеңші, танысайық деп соғып тұрады. Айта берсем мұндай қылықтары өте көп. Соткасы толған қыз-келіншектердің номері, танысқан қыздарының шешінген суреттері, солармен жазысқан жазбалары. Оның бəрін менен жасырғансиды. Бірақ бəрібір көрініп тұрады. Бір жаққа кетіп қайтадан келгенде менімен бет сүйісіп амандаспақ түгілі қолын да бермиді. Ал мен болсам, мені қысып құшақтап бір жақсы сөзін айтса деп күтіп тұрам. Əдейі қасына жақын отырып, жанына жақын болғым келеді. Бірақ ол телефонын шұқылап əлек болып отырады. Кейде атын атап, бір нəрсе жайында əңгіме қылсам естімей де қалады. Мен мұның бəріне кезінде өкпелейтінмін. Қазір сырттай мүлдем білдірмеймін. Бəрібір оның ойына кіріп шықпайды. Ол басқа əлемде жүргендей. Ал мен екі балама алданып, жұмысыма алданып өмірім өтіп жатыр. Кейде күйеуің шын жақсы көргені қалай болар екен, оның тарапынан қолдау көрсең қандай болар екен, жалпы ондай отбасылар бар ма деп өзімнен өзім ойланам. Сол үшін менің жоғарыдағы қойған сұрағыма жауап берсеңіздер екен. Мүмкін мен көрмей, байқамай жүрген тұстарым бар шығар.
Аноним