Ішіме сыймаған соң осында жазуды жөн көрдім. Қатты қиналып жаным қысылып отыр. Неден бастарымды да білмей отырмын.
Осыдан біраз жыл бұрын жолдасыммен танысып жүре бастадық. Сол таныстығымыз үлкен махаббаиқа ұласты 2жыл жүрдік. Ұлы сезімді бастан кешірдік сонымен не керек солай екі жақтын ата аналарымыздың шешімімен үйлендік. Барғаннан енемнің қысыр сөздері, қайын əпкеммен қайын сіңлілерімнің түртпегін көріп жүрдім. Содан не керек аяғым ауыр екенің білдім жолдасым екеуміз қуанышымызда шек болмады. Үй тіршілігі, əртүрлі түртпектер Солай мен 2 рет қатты ауырып, жүктілігіме қауіп төніп, ауруханаға түстім, бірақ енем мен күйеуім мін берген емес. Бірақ ауруханаға жатсам болды жолдасым кешірім сұрап келетін. Кешірші, сен ауырып жатырмын дегенде мəн бермегенім үшін, үйдегілер жəй өткінші ауру деген соң мəн бермедім. Дəл қазір үйдегілермен ұрсысып, барма десе де келіп отырмын балам үшін сен үшін дейтін. Мен кешіретінмін.
Солай жүріп бөлек шықтық, ешкімнен кем болмай тұрып жаттық. Бірақ жолдасымның үйіне барсақ болды маған суық сөйлеп, қабағын түйіп ашпай қоятынды шығарды. Мен қойшы деп бəріне көз жұмып өзім жолдасымның көңілін аулап жүрдім. Сөйтіп арада бір келіспеушілік болып, ол мені ұрды. Ұруғада өзім мəжбүрлеген шығармын, себебі менікі қай жерім қате ал айт дедім, осы сөзім үшін ашуға салып ұрды. Мен қатты ызаланып жыладым. Жолдасымды жамандыққа қимаймын, бірақ оның мынандай əдеті бар, қит етсе өз шешеме мені жамандап жазады, өтірік өзі əдемі сөйлеп менің ашуланып отырған кездегі сөздерімді басып алады, мен қайда барсам да не істесем де менің шешеме мені жаман атты қылып отырады, түсінбеймін сонда менің шешем оған басқа қыз əперетіндей тегі. Сосын сəл кемшілігімді жасырудың орнына енеме бəрін айтады ол ол ма, екеуміздің арамыздағы сырларды да жеткізетінді шығарды.
Мені ұрған соң, өз шешесіне хабарласып, менімен тұрмайтынын айтыпты. Менің анама да ажырасатынын айтып смс жіберіпті. Бірден енем мен қайын әпкем келіп өзім таяқ жеп отырсам, олар маған айтпағанды айтып ұрысты. Өздерімен бірге күйеуімді алып кетті. Ертеңінде жолдасым менің ата-анам әперген көлікті біздің үйге апарып беріп, әке-шешеме тағы мені жамандаған. Сол кезде әкем шыдамай оны ұрып жіберіпті. Анам маған хабарласып, бірден үйге қайт деді, өйткені күйеуің сенен өшін алар деп қорықты. Жүрегім дүрсілдеп жолдасымды ойлап жылдам жеттім. Сөйтіп енем мен келем дегенше мамама хабарласып, болмаған нəрсені болды қылып айтып жатыр екен. Менн келіп өз аузыммен болған жайды ата-анама айттым.
Негізі күйеуім екеуміздің арамыздағы жағдайды ешкімге айтатын ойым жоқ болатын. Екеуара шешіп алса, ештеңе де болмас еді. Ал оль болса, мені ұрғанымен қоймай, жұрттың бәріне жайды. Енді ата-аналарымыз бізді ажыратпақ. Мен ішімдегі баламды ойлапқатты қиналып отырмын, ай күнім жақындап қалды. Осы күнді екеуміз қанша күттік. Баламды тірі жетім қыламын ба. Өзі ажырасам деді, мен қалайша ажыраспашы деймін. Анам кеше көзіне жас алып отырып ертең інілерің үйленсе келіндермен мына үйге балаң екеуін қалай сиясыңдар деді. Мен сендерді сидырамын ау, келіндер ше дегенде жүрегім езіліп кетті.
Аноним