Күйеуім екен деп масқара болдым...

Күйеуімнің көзіне шөп салам деген ойым түгілі түсіме кірген емес. Оған қыз боп тигенмін.

Осылай деп басталатын хат иесі ар азабын тартып жүргенін айтып, зорлықшыдан қалай құтылуға болатынын сұрап, кеңеске жүгінеді.

«Қап-қараңғы. Жерде қатар-қатар жатырмыз. Теріс қарап жатқан мені күйеуім қапсыра құшақтап алды. Қолын итеріп жібердім. Қонақтардан ұят емес пе? Тағы да қолын созды. Аямай салып-салып жібердім. Енді ол төменгі жағыма көшті.

 

Берілмесе болмайды. Істі тез тындырып, ұйықтаса екен дедім, тағы бір жағынан.

Бір уақытта басталып кетті. Екіленген сайын қарулы қолдары кеудемді қыса түсуде. Ернімді тістеп алдым. Дыбыс шығаруға болмайды. Қымтырылыс сәт болған соң ба, маған ұнап барады. Шекемнен шып-шып етіп тер шықты. Денем балқып барады. Ах деп дауыстағанымды өзім де білмей қалдым. Ұят-ай деп көрпеге басымды тықтым. Бір уақытта барлығы қалың ұйқыға көшті. Мен көрпені ақырын сырғытып, тысқа шықтым. Жуынып алайын дедім. Ал орныма қайта оралғандағы көрініс төбемнен суық су құйып жібергенмен бірдей әсер етті.

Табалдырықта мелшидім де қалдым. Өз көзіме өзім сене алар емеспін…

Дулы кеш аяқталып, еркектер қайта-қайта далаға шыға берген соң дастарқанды жинап, төсек салғанмын. Бәрі ішісін доғарып, жатып, тезірек ұйықтап қалсыншы деп ойладым. Екі бөлмелі үй. Өз төсегімізге Көкшетаудан келген Жанасылдың досын әйелімен жатқыздым. Ал қалғандарымызға қонақ күткен кең бөлменің жеріне көрпе төседім. Табалдырыққа таман күйеуім екеуміз жатамыз деп қойдым. Солай еттім де. Сырттан досымен құшақтаса кірген күйеуімді бергі жаққа алып ұрып, жатқызғанмын. Жанымда күйеуім. Иә, бұған дейін солай болды деп ойлағам. Бірақ жуынып келгенде менің қасымда күйеуім емес, оның досы жатыр екі қолын жоғарыға созып рақаттанып.

Сонда мен күйеуіммен емес, мынаумен болғанмын ба?.. Өз ойымнан өзім шошып, жиіркеніп кеттім…

Екі бөлмеге жапсарлас тамақ пісіретін аядай қуысқа келіп отырдым. Мүмкін мен жаңа далаға шығып кеткенде екеуі орнын алмастырған шығар. Осылай деп өзімді алдаусыратуға тырыстым. Бірақ төсек қатынасын алдай алмайсыз ғой. Ол жағы күйеуіме ұқсамайды. Кеудем емес, ол шашыммен алысып кетуші еді? Миым әбден ашыды. Бетім де дуылдап барады. Не істеп қойдым деген сұрақ ішіме жегі құрт боп түсті. Бұдан кейін қалай ұйықтайсыз? Күйеуімді оятып алып, сұрағым да келді. Бірақ оны ана арадан қалай сүйреп шығамын. Сөйтіп бақырайған көзбен таңды аттырдым. Мұндай ұзақ түн менде болған емес.

 

Ахылап қонақтар тұрды. Еркектер жағы «басым-айлап» қояды. Шайды баяғыда сақылдатып қайнатып қойғам. Түннен қалған етті сорпасымен жылыттым. Барлығы дастарханға отырды. Қас қылғанда әлгі менің жанымда жатқан маған қарама-қарсы отырып алмасы бар емес пе?.. Көзіне тікке қарай алмадым. Ал Жанасыл әлі аунап жатыр. Тамаққа шақырғанда: «Қатты ауырып тұрмын, мазаламашы» — деді. Түсте қонақтың барлығы кеткенде арқамнан бір жүк түскендей болды. Өмірімде қонақтан тез құтылуға бұлай асығып көрмеппін.

Кетіп бара жатып, әлгі ши бұт сары белімнен қысып қалмасы бар ма? Қаным басыма шапты.

«Кетші-ей, басың істей ме» деп баж ете түстім. Ербиіп қарап қалыпты. Тулағыш болсаң, түнде неге солай туламадың дегені шығар. Бір уақта бетін жыбыр еткізді де ол да қонақтардың соңынан шығып кетті.

Содан күйеуімді айналдырдым. «Түк білмеймін, басым-ай, басым-ай» дей береді ол. Оған енді қалай айтамын? Айтсам маған орден тағып, медаль бере ме? Қой, ақымақ болма, ешкім білмейтін сияқты, бәрі мас болған, өз ішімде қалсын сол түн деп шештім.

Бірақ айтқанға оңай. Өң жоқ, не түс жоқ бір апта есеңгіреп жүрдім. Бірақ уақыт өте келе бәрі ұмытыла бастағандай болды. Бұрынғы өмірдің күйбең тірлігі. Қандай жақсы, миың тыныш. Бір күні Жанасыл Астанаға командировкаға кетті. Сол күні кешкісін ши бұт сары салып ұрып, жетіп келіпті үйге.

— Жанасыл жоқ үйде, — деп есікті ашқан күйі табалдырықта қайқайып тұрып алдым.

Ол мені итере-митере үйге кіріп, құшақтап көтеріп алды. Есім шығып кетті. Айғалайын десем, ана бөлмеде балалар. Ұрлық жасап жатқан адам сияқтымын. Ол қолымнан ұстап, сыртқа қарай сүйрелей жөнелді. Мен көндім. Не де болса, мәселені далада шешіп алайын дедім. Үйдің бір қалтарысына апарып, ол мені аймалауға көшті. Итеріп жібердім.

 

— Короче, басты қатырмай тайып тұр… Ары қарай сөйлетпеді. Ерні келіп ерніме қадалды. Өз еркіммен берілмесімді білген ол зорлауға көшті. Зорлады да. Қақпа бар, әйтеуір ешкім көрген жоқ. Ызадан тұншығып жылап жібердім.

Одан мені енді мазамалауымды өтіндім. Енді бопсалауға көшті. Күйеуіне айтамын дейді. «Айтсаң сен де, мен де тірі қалмаймыз, саған не пайда» деймін.

— Ақыры ажырасып тынасыңдар, бір таяқ жермін, есесіне сен мәңгілік мендіксің, — деп қарап тұр әлгі. Оны сөзбен жеңе алмадым.

Жиі келмейді, тек Жанасыл жоқта осылай тұтқиылдан келіп зорлап кетеді. Біреуге айтсаң құрыды ғой бәрі. Ал мен күйеуімді сүйемін, балаларыммен мәңгі бақытты болсам деймін. Ал ана ши бұт сары әлі менің мазамды алып жүр. Ол келіп-кеткен сайын бір өліп, бір тірілгендей боламын. Енді не істесем болады екен?..» 

365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста