Күйеуім бола тұра...

Бір құрбым «теріс жолға түсу былай тұрсын, тіпті күйеуіңнен басқа біреумен ойнас жасауды ойлаудың өзі күнә екен» дегенді айтып еді. Ия, бәлкім солайы солай шығар. Кім білген? Менің қазіргі күйімнің дұрыс, бұрыстығын саралап беретін жан болса рахмет айтар едім. «Отбасы – ошақ қасы» айдарының оқырмандарының арасында психолог мамандар бар шығар. Ақыл айтар, бәлкім. Тек маман ғана емес, қарапайым адамдардың өзі де бүгінде психологтан кем емес қой... Сонымен...

Күйеуім былайша жаман адам емес. Ашуланған кезде қара дауыл тұрғызып, үрен сүренімізді шығаратыны болмаса қайтымы тез. Істегенін тез ұмытып бала-шағасын айналып-толғанып отырғаны. Өзім мектепте жұмыс істеймін. Бүгінгінің қағынғандары миды ашытудай-ақ ашытады ғой. Кешкісін үйге діңкелеп жетемін. Қарауылдық жұмысынан күйеуім келеді мына жақтан. Қабағын бағып отырамын. Ішпей жынды ғой біздікі. Бірдеңе дұрыс болмаса, не тамағымның тұзы кем боп қалса да табағым ұшып түседі. Әйтеуір ілік іздеп отырғаны. Өзім шаршап сіркем су көтермей тұрғанда оның айқайы тіптен жаншып жібереді. Бір ауық ерлі-зайыпты болып шүйіркелесу деген жоқ. «Ақша жетпей жатыр ма, не жетпей жатыр?» деп айқайлаған соң қайдағы әңгіме. Жәйлап сабасына түсіріп сөйлесейін десең тіптен көтеріліп кетеді. Құрысын деп сөйлемеуге тырысамын. Мен де әйел баласымын ғой бір ауық еркелеткенді, жылы сөз естігенді жаным қалап тұратын. Жоқ қайдағы, басыбайлы күңі сияқтымын.

Жылы сөзге жарымай жүргенімде мен оны жолықтырдым.

Құрбымның туған күніне барғанмын. Алыс туыстары да келген екен. Ерлі-зайыптыларды таныстырған құрбым ас үйге барғанда балалары жоқ екенін, бір бала асырап алғанын айтты. «Жақсы адамдарды өстіп қысады ғой, әйтпесе екеуі де алтын адамдар ғой» деп құрбым күрсінді.

Бұл оқиғаны ұмытып та кеткем. Арада ай өткенде мектебімізге комиссия келді. Бастап келгендердің бірі баяғы құрбымның үйінде көрген туысы Болат болып шықты. «Бір көрген таныс, екі көрген біліс» дегендей шүйіркелесе кеттік. Өте мәдениетті, кірпияз жан екен. Білмеймін біртүрлі өзіне жақын тартатындай. Әңгімеміз жарасып кетті. Келген жұмыстары бітіп, кететін кезде ол менің телефон нөмірімді сұрады. Ойымда ештеңе жоқ, бердім.

Арада апта өткенде қоңырау шалып тұр, кездесейік деп. Жас қыз құсап жүрегім лүпілдеп берсін. Көңіл қартаймайды деген осы білем. Күйеуімнің айқайынан әбден шаршаған мен барсам барайын деп шештім. Көп болса кафеде отырармыз. Сөйлескенде тұрған не бар деп өзімді идіріп баруға шешім қабылдадым.

Ертесіне бойымды түзеп айтылған жерге келдім. Шағын ғана жинақы кафе екен. Екеуміздің әңгімеміз таусылмайды. Ойымыз бір жерден шығатындай. Айтқан сайын айта түссе екен деп ынтығамын. Оның аузынан шыққан әр сөз мен үшін алтыннан артық. Білмеймін біріміз бір болып бірігіп, кірігіп бара жатқандаймыз.

Үшінші рет кездескенімізде ол мені пәтеріне шақырды. Алғашында таң көрінсе де келістім. «Шағын ғана аудан орталығы ғой, көзге түсіп қалармыз, екеумізге де тыныштық керек» деген соң келістім. Бұл өз үйі емес, пәтерші жіберетін екінші үйілері екен. Уақытша бос тұрғанға құсайды. Қашанғыдай әңгімеміз таусылмайды. «Сенімен әңгімелессем бір демалып қаламын» дейді. Мен де білмеймін ол дегенде тартылыс заңы жеңіп кете ме, көргім келіп тұрады. Сол жолыққанымызда ол маған ащы ақиқаттың ұштығын шығарды. «Кезінде уран кенішінде жұмыс істегенімнің зардабы болар, белсізбін. Қауқарым жоқ. Әйеліме рахмет, бәрін түсініп, бала асырап алып, өмір сүріп жатырмыз. Әйелімді қызғанбаймын, оны да түсінем, құрбыларымен қыдыруға үнемі жіберіп тұрамын. Сенімен жолыққанда бөтен ойың жоқ таза адам екеніңді бағамдадым. Маған сенімен әңгімелескеннің өзі жетеді. Осылай кездесіп тұрайықшы, бір сәт көңілге түскен қаяуымнан арылып қалатын» деді. Әрине белгілі, арамызда ештеңе жоқ. Бірақ осылай жалғаса берсе былайғы жұрттың жаман ойлары хақ. Мен онымен үнемі кездескім келіп тұрады. Соңы не боларын өзім де білмеймін.

Бұл істеп жүргенім күнә ма?


Айнұр, Қаратау

alashainasy.kz/

 

 

 

 

 

 

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста