Күйеуім бірінші әйелін үйге әкеп алды

Күйеуім бірінші әйелін үйге әкеп алды

Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым, қыз-келіншектер! Менің сіздермен бөлісетін сырым бар. Ішқұса болып әбден қиналып кеттім. Ешкімнің менде шаруасы жоқ.

Былтыр біраз уақыт сөйлесіп жүрген жігітке тұрмысқа шықтым, некемізді қидырып, отау құрдық. Үйленген соң оның ата-анасымен бірге тұра бастадық. Отбасы болған соң анда-санда кикілжіңдер болып тұратын, бірақ мен күйеуімді сыйлап, жақсы көргендіктен ұрыс-керісті ушықтырмауға тырысатынмын.

Күйеуім маған дейін бір рет үйленген,  алғашқы әйелінен қызы бар. Әйелі осыдан 3 жыл бұрын кетіп қалған екен. Алайда олар заң жүзінде ажыраспапты. Мен күйеуіме ылғи да бұрынғы әйелімен заңды түрде жарысып, екеуміз некеге тұрайық деп айтып жүретінмін. Ол да қарсы болмаған сыйңай танытқан. Енді міне, ол маған күтпеген жерден "тосынсый" жасап отыр. 

Ол жақынлда әйелімен қайта жарасқанын айтып, оны үйге әкеп алды. Төбемнен жай түскендей болды, не істерімді білмеймін. Енем  маған "олардың арасына түспей, өз еркіңмен кетіп қал" деді. Ал күйеуім болса, екінші әйелім болам десең шыда, саған өзім барып тұрамын, шыдамасаң өзің біл дейді. Сонда олар үшін менің өмірім ойыншық болғаны ғой. 

Осындай сұмдық жағдай менің басымда болады деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Сонша уақыт сөйлесіп, көріп , біліп, Алланың алдында некемізді қиып, бірге тұрып алып, енді мені керексіз зеттай лақтырып жіберді. Күйеуімді мүлде дұрыс танымаған екенмін. 

Енді не істеймін, жүгімді алып мүлде кетіп қалғаным дұрыс шығар? 

Аноним 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста