Күйеуім бедеулігімді бетіме басып, аяусыз ұрады

 Сәлеметсіздер ме?Мен сіздермен сырласып, пікірлерінізді білейінші деген едім. Тұрмыс құрғанымызға осы жылдың жазында бес жыл болады. Жолдасым өзімнен 13 жас үлкен. Бұрын үйленіп ажыраскан. Танысқан кезімізде өзін өте жақсы жағынан көрсетті. Ішпейді, шекпейді, жұмысы бар. Менің адамым осы шығар деп ойладым. Жарты жыл жүріп үйлендік. Той жасамаймын деді, жарайды тойға тірелген еш нәрсе жок қой деп келістім.

Қысқасы мен онымен тек бір айымды бақытты өткіздім. Бір айдан соң қолын көтеруді шығарды. Өзі намаз оқиды.  Осы уақытқа дейін сәби сүйе алмай келеміз. Қаралмаған жерім қалмады, жатыр түтікшелері бітелген.  ЭКО жасатуға келіспеді күйеуім. Бала бағып алуға да келісім  бермеді. Бар айтатыны тоқал алам дейді. Жарайды деп оған да келістім.

Енді сен кет, қыздар келіспей жатыр дейді. Ал мен үмітімді үзгім келмейді. Бала болып қалар деумен келемін. Жиі қол көтереді, үйде аптасына бір ақ рет отырады. Спа, монша,бильярд, карта айтатыны. Бір жазда үш ай бойы үйде қонбады. Айгүл деген қызбен кездесіп жүріпті. Сен бедеусін, аурусын деп бетіме басады. Онысымен қоймай аяусыз ұрады. Намазханға бұндай әрекет жат емес пе? Не істесем болады? Кеңес беріңіздерші.

Зульфия, Алматы облысы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста