Сәлеметсіздер ме! Есімім жасырын болсыншы. Ақыл кеңеске мұқтажбын. Ұзақ болса кешірім сұраймын. Жасым 25-те, тұрмыстамын, үш баланың анасымын Аллаға шүкір, жолдасым жаман емес, кішігірім кәсібі бар. Өзім ЖОО бітіргенмін, мамандығым ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 2013 тен бері мектепте істедім, бірақ биыл декреттен жұмысқа шығайын деп едім, басыма орамал таққаным үшін алмай қойды (әйел адамға парыз болған соң шеше алмаймын). Сонымен қазір үйдемін.
Ендігі мәселе жолдасымда, ақшаға өте сараң, биыл жұмысқа шықпағалы маған тиісе бастады, "үйде отыруды ғана білесің, менің мойыныма мініп алдың, жұмыс істемейсің" дейді, тіпті үйге бір нәрсе алып келсе балаларға беріп, өзі жеп, маған дәм де татырмайды. Жұмыс істеп, ақша тап та, өзің сатып ал деп тамақ істеуге азық-түлікті де үйде жейтін ештеңе қалмағанда әрең әкеледі. Тағы бір мәселе, ол маған бала туа бересің деп ренжиді. бір де бір рет балаға қуанған емес, барлығын да алдырып таста деп айтқан, бірінші, екінші, үшіншіні де...
Мен де әдейі туып жатқан жоқпын, спираль салғызып та көрдім ол бір ай ғана тұрып келесі етеккірім келгенде қан кетіп, түсіп қала берді, гормоналды дәрілер де ішіп көрдім, одан денсуоылығым сыр берді, өзі мүшеқап қолданғысы келмейді, қымбат спираль салдыруға ақшасын да қимайды, ол үшін қалаға бару керек, біз жақта тек бір түрі ғана бар.
Жақында тағы аяғым ауыр екенін білдім, 100% білдім алдырып таста деп айтатынын, бірақ ол баланың не кінәсі бар, әр баланың өз несібесі болады ғой, сонымен жолдасыма айтпай 13 аптаға дейін жүрдім, себебі 12 аптаға дейін алдыруға болады екен, 13 тен ары қарай тек денсаулық жарамаса ғана рұқсат. Сонымен кеше дәрігерге барып, есепке тұрып, қан тапсырып, УЗИ-ге түстім, келіп жолдасыма баламызға 13 апта болды деп айттым. Ол бірден алдырып таста деді, мен алуға болмайтынын, баланың өсіп кеткенін айттым. 13 аптадан жоғары ешкім алмайды екен дәрігердің рұқсатынсыз. Ол өз интернеттен жасанды түсік жасату туралы оқыды. Сонымен таңертең тұрып менің куәлігімдіі ЗАГС-ке алып кетті, ажырасуға арыз жазамын дейді. Бағана кешке киім-кешегіңді жинай бер деді. Енді не істерімді, қайда барарымды білмей отырмын үш баламен, бір тиыным жоқ. Қандай кеңес бересіздер, заңды жақсы білетіндеріңіз бар ма? Ол менсіз барып ажыраса ала ма? Мектепке орамалмен алуға шынымен рұқсат бермей ме? Өзім барып сұрайын десем, балалармен шыға алмаймын үйден, кішкентайым 1 жарымда. Тым болмаса жерік асымды да ала алмаймын.Баласы жоқтарға Алла бала нәсіп етсін!