Күйеуден жылу көрмегендіктен өзге еркектің құшағына құлай кеттім

 Сəлəмəтсіздар ме, құрметті оқырман! Небір қызығы мен шыжығы араласқан өмір атты теңізде қыз-келіншек, апа-сіңлі, құрбыларыма тек бақыт атты кемемен жүзулеруіңізді тілеймін. Мен сіздердің араларыңызда өмірлік тәжірибесі бар, барлығын ақыл таразысына салып, саралап, дұрыс кеңес береді деген оймен өз басымнан өтіп жатқан жағдайды айтпақпын.

Барлығы мен ЖОО бітіргеннен кейін басталды. Ал оған дейінгі өмірім ертегідей болды. Мен оқу бітірген жылы анам мен əкем маған мен күтпеген бір жаңалық айтты. Төбеме жай түскендей болды. Себебі, анам мен əкемнін жас кездерінен бастап жақын туыстардай араласып, ұзақ көрмесе сағынып іздейтін достары бар еді. Ол адамдарды менде кішкене кезімнен танимын. Олар біздің ауылға келіп, біз оларға барып қыдыратынбыз. Сол үйдің менімен құрдас баласы бар. Ол да екі қыздан кейін келген үйдің кенжесі. Айтпағым, мені сол балаға айттырып қойған екен. Мен қанша жерден іштей қарсы болғанмен ата-анамды сыйлап, жақсы көргендіктен, оларды жерге қаратпайын деп көндім. Мүмкін, жақсы болып кетерміз деп ойладым.

Арада уақыт өте отбасылық өмірді де бастап кеттік. Ата-енем өте керемет жандар. Өзімнің ата-анамдай болды. Мүмкін бір заманның адамдары болған соң ба, адамгершілік пен ұятты, татулық пен адалдықты, шыншылдық пен шыдамдылықты алға қоятын. Ал енді өзімнін жолдасыма келсем, ерке, еріншек, тəкəппарлау болды. Ол да басында қарсы болған екен. Мені сыйламайтынын бірден көрсете бастады. Қаншама рет көңілінен шығуға тырыссам да жақпайтынмын. Келін болып түскен күннін өзінде де достарымен тойлап кетті. Тіпті некемізді тіркеуге де барған жоқпыз соның кесірінен. Арада жыл өтті. Сабайтынды шығарды бедеусін деп. Бірақ, ата-енемнін күшімен қалаға апарып анализ жасатқанда кінәрат өзінен болып шықты. Емін алса бұл ауруынан айығуға болатынын дәрігерлер айтты. Мен емделетініне өте қатты қуандым. Бірақ ол емделуді кейінге қалдарып, сол күйі бармай қалды. Тағы да бір жылдан кейін əкем оқыс оқиғадан көз жұмды. 5 айдан кейін анам да бақилыққа аттанды. Сол кезде есімнен алжасып кете жаздадым. Қайта-қайта талықси беретін болдым. Қайта ата-енеме рахмет. Ал сол кездерде жолдасым жаныма бір келмеді, өзінін достарымен болды. Қаңғуында шек болмады. Ата-анасының да айтқандарын тыңдамады. Содан кейін қалаға барып тұрайық, түзелем, жұмыс істеймін деді. Бір қайын апам қалада тұрмыста еді. Сол адам бізге тиімді бағаға пəтер тауып берді. Жездесі жұмысқа орналастырды. Атам мені досымен сөйлесіп, мамандығым бойынша бір мектепке мұғалім етіп орналастырды. Енем ай сайын ауылдан етін, сүтін, ауысқан жинақ ақшадан салып жібереді. Өзімнің табысымды пəтер ақысына, азын-аулақ керегімді алып, қалғанын жинап жүрдім. Бар ойым жолдасымнын белсіздігін емдеу. Ал жолдасым болса тапқан табысынан бір тиын бермейтін. Ия, ол түзелмеді. Сол баяғы қаңғу, ішу. Букмекерге ақша шашумен болды. Оған қоса шегуді де бастапты. Телефонынан басқа қыздармен сөйлескендері, смстері, тіпті бірге түскен фотолары да болды.

Мен ата-енеммен сойлескенде бəрі жақсы деп амалсыздан өтірік айтатын болдым, олар уайымдамасын деп. Ал ол көзі қызарып, аларып, арақ сасып келіп, мені сабап, жинақ ақшамды да алып кетіп жүрді. Маған сенен бала керек емес, ақшаны шығар деп талай соққыға жықты. Үйге апталап келмейтінді шығарды. Телефон соғып іздесем, үйге келген кезде мен саған баламын ба деп тағы да ұрды. Мен де сезімге беріліп, ашумен бәріне қол сілтеп жұмысымды жасап жүре бердім. Тіпті іздемейтін де болдым. Ол өзі анда-санда бір келіп кетеді. Əбден бұзылған....

Соңғы кезде мектептегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары маған ерекше көңіл бөліп жүргенін байқадым. Жасы 47-де. Көңіл-күйім болмай, ауырып отырсам үйге жүре бер деп, кейде жұмыстан бір уақытта шықсақ үйіме дейін апарып, жылы сөздер айтып, білмей жатқан жерім болса көмектесіп жүрді. Осы жақында 2 ауысымнан кештеу шығып, ол мені үйіме апарып тастайын деді. Үйге жақындағанда ол машинасын сөндіріп, маған əңгімесі бар екенін айтты. Содан ол маған ғашық боп жүргенін, қалай ұнатқанын, өзімен бірге болуын, басқалар сияқты пайдаланып, тастап кетпейтінін, аялап, құрметтеп, бағалап өтетінін, тағы да сондай сияқты сөздерін айтты. Оның айтуынша əйелі бар, бірақ бала көтере алмайды екен. Шыны керек, жолдасым маған 4 жылда бір жылы сөз айтпаған. Маған ол адам өтірік айтпайтындай көрінді. Бірақ, мен есімді жиып не айтып отырсыз, жоқ арине дедім де машинаның есігін аша бергенім сол еді, ол менің қолымнан ұстап ең болмаса ойланшы жаным деді. Сосын қайтадан манағы əңгімесін айтты. Оған сенуге болатынын айтты. Мен жақсы ойланам деп шығып кеттім.

Үйге келсем, жолдасым үйге келіпті, жалғыз емес. Қасында 2 жігіт пен 1 қыз бар. Арақ ішіп, темекімен үйдің ішін көк түтін қылыпты. Онысымен қоймай келген екі жігіттің біреуі класстасым, енді біздін үйде тұрады дейді. Мен армандапсын дегенім сол еді жұдырығын ала шапты маған қарай. Бір салып қалғанда құлап түстім. Тағы да соғайын деп жатқан, достары сүйреп алып кетті. Мен далаға қашып, жылап алдым. Ойлана отырып қайын апама бардым. Олар сау болсын жылы шыраймен қарсы алды. Қонып таңертен басқа пəтер іздеп, 1 бөлмелі пəтер таптым. Жұмысқа бармадым, ағайға телефон соғып ескерттім. Ол ағай аңқылдап, көмек керек пе деп дымы қалмай жатыр. Үйге барсам жолдасым мен бір досы жоқ. Екінші досы мен ана қыз екеуі жалаңаш ұйықтап жатыр біздің төсекте. Үй іші сасып жатыр темекі арақтан. Содан не керек заттарымды жинап, такси шақырып жаңа пәтеріме кеттім. Келіп орналасып, отырып бірер сағат жыладым. Əбден ойландым. Бәрін ойладым. Сол аптаға жұмыстан демалыс алдым. Екі күннен кейін ғай телефон соғып, не болып қалғанын сұрады, уайымдап жүргенін айтты. Табельге күндерімді салып, жалақым жүріп жатқанын айтты. Мектепке келіп кетуімді өтінді, қағаздарың, жоспарларың керек деп. Мен дүйсенбі шығамын жұмысқа дедім. Кешке жұмыстан шыққасын ала кетермін онда деді. Мен жаңа адресімді айттым. Содан кешке ол телефон соғып, үйдің алдында екенін айтты. Мен пəтер номерін айтып, көтеріліңіз деп, домофонмен есікті аштым. Кіре берісте тұрғызып қойғаныма ұялып, шəйға шақырдым. Үстел үстін дайындап жатқанымда, ол сыртқа шығып бара жатыр екен. Құр қол келіппін деп дүкенге бара жатыр екен. Мен дым керек емес дегеніме қарамастан шығып кетті. Бір пакет толы сауда жасап келіпті. Ұялғанымды-ай сол жерде. Содан шəйға отырып, пакеттен вино мен шоколад жəне сок шығарды. Қалғаны өзіңе деп пакетті ысырып қойды. Содан неше түрлі қызықты əңгімелер айтып, мені күлдіріп, көңілімді бір көтеріп тастады. Содан ол менің не ойлап, не шешкенімді сұрады. Мен əлі де болса білмеймін, өзімнің басым қатып жүргенін, жолдасым жайлы, өзім жайлы мұңымды айтып, бір жылап алдым. Ол құшақтап, бауырына басып, жұбатты. Кешірім сұрады əп-əсем отырғанда есіме түсіріп, жылатқаны үшін. Сосын өз-өзіме келіп, жинақталдым. Ол маған сені бағаламаған адам үшін жылама деді, шын бағалайтын, сүйетін адам ешқашан жылатпайды деді. Ол сенің бір тамшы көз жасына да тұрмайды. Жылама, бəрі жақсы болады. Байқасаң сен солып бара жатсын. Өзіңді күт. Сен əлі жассын. Сен бақытты болуға лайықсын, мен сені бақытты етемін деді де құшақтаған күйі ернімнен сүйді, мен абдырап қалдым. Бір жағынан мен де сүйгім кеп тұр, бір жағынан білмеймін бір нәрсе ұстап тұрды. Сосын орнымнан тұрып кеттім. Мен дұрыстап ойлануым керек дедім. Ол шығып кетті.

Ия, ол да маған ұнайтын сияқты. Маған керек адам да осы болу керек шамасы. Ол мені құшақтағанда бір түрлі өзімді басқаша сезіндім. Ол кеткесін құшағын аңсадым. Бәрібір оған жауабын айту керек деп əбден ойландым. Бұрынғымнан күдер үздім. Ол мені ойламағанда мен оны ойлап қайтемін. Содан дүйсенбі жұмысқа шығып түстен кейін үйде болдым. Кешке тағы да телефон соқты. Есік алдындамын, шығасынба деді. Мен пәтерге көтеріліңіз деп шəй дайындап кеттім. Ол кішкене кешігіп кірді, қолында торт пен гүл. Тағы да əңгімелер айтып жатқан, бірақ менің ойым басқада, жартысын тыңдап жартысын тыңдамай. Содан ол менің қолымнан ұстап, қандай шешімге келгенімді сұрады. Мен қалай айтарымды білмей үнсіз отырмын қобалжып. Екеумізде үнсіз. Бір сәт ол маған жақындап ернімнен сүйді. Мен қарсылық танытпадым. Керісінше қолым дірілдеп, оны да құшақтадым. Ол менің көзіме қарады, көздері қуаныштан жайнап, екі езуі екі құлағына жетіп тұр. Маған рахмет деді, сен бұл таңдауыңа ешқашан өкінбейсін деді. Сені бақытты етемін деді. Қайтадан ернімнен сүйіп, көтеріп алды. Содан ол мені төсек рахатына бөледі. Шынымды айтсам, төсекте де андай етіп ләззат алуға болатынын білмеппін. Келесі күні таңертең жұмысқа бірге шығып кеттік. Сонда маған айтқаны жаным, мен сенен балалы болғым келеді. Екеуміздің ортақ сəбиіміз болғанын қалайсын ба? деді. Əрине дедім. Ешкімнен ештеңе жасырмаймыз, əйелім де, бəрі де білетін болады. Бəрі заңды түрде деді. Саған күшті үй алып берем. Сонда барып тұрасын. Тек біреу емес, мүмкін екеу, үшеу болып қалар деп жаным қуаныштан мəз болып жүр. Бірақ кеше енем телефон соқты. Қалімді сұрап болғасын, баласын айтты ауылға қайтып барыпты. Жұмыстан шығып қалыпты. Ақша сұрап жүр дейді қалаға кері кетем деп. Мені сұраса бəрі бітті деп айтыпты. Сол енді менің амандығымды білейін деп, сосын баласы үшін кешірім сұрап жатыр. Мен кешірім сұрамаңыз деп енемді қатты аяп бара жатырмын. Көзімнен жас кетіп жатыр. Солай телефонды қойдық. Қайдағы бір жарым бала үшін қор болған ата-енемді аядым. Осы енеммен сөйлескеннен кейін завуч ағайыммен де қанша қаласам да қатынасымызды үзу керек деп ойлап отырмын. Міне осы соңғы төрт жыл жарымда тас-талқан болған өмірім. Ұзақ кеткеніме айып етпеңіздер. Менде қазір стрессовый период. Эмоциямен қате қадам жасап қалармын мүмкін. Қыздар кеңес беріңіздерші а? Не істеймін енді? Нені таңдайын? Тек қатты сөкпеңіздерші.

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста