Көзіме шөп салғаны есіме түсе береді
Сәлеметсіздер ме! Біздің үйленгенімізге 1 жыл болды, арамызда 1 ұлымыз бар. Күйеуім мені екі-ақ рет көріп алып қашқан, Артымнан сөз ермесін деп қалдым, кейін оны жақсы көріп кеттім. Бірақ күйеуім екі қабат кезімде көзіме шөп салмақшы болды, бірақ ұстап алдым. Сол кезде ол ант су ішті, енді бұлай болмайды деп сөз берді. Кешірдім. Босанып, 2 айдан соң тағы да жүріс жасады онысын білмедім. Біраз уақыт өткен соң білдім.
Бірде оның букмекерге ақша тігіп жүргенін біліп қойып үйден кетіп қалдым. Ол мұны мойындамайды. Мен кеткен күннің ертесі бізге келіп алып кетудің орнына өзінен 9 жас үлкен қатынға барып, оны қонақ үйге апарған. 3 күннен соң туылған күнім болды, онда да келмеді, келудің орнына мен оның телефонын прослушкаға қойғанымды біліп, жай телефон сатып алыпты, дәл сол күні әлгі қатынға тағы да барды. Осының бәрін білген соң ажырасуға өтініш жаздым. Ол соны біліп есін жиды, ата-енем келіп кешірім сұрап алып кетпекші болды. Бірақ 1 ай төркінде болдым. Ол кешірім сұрады, ортадағы баланы тірі жетім еткім келмеді, қазір бірге тұрып жатырмыз.
Күйеуім менен 8 жас үлкен. Ақыл тоқтатқан адамға ұқсамайды, тез ұрсысып қаламыз, арамызда махаббат жоқ секілді. Мен оны қатты жақсы көрдім, ол мені сүймейтін сияқты. Ондайы бар неге алып қашты екен. Отбасымды сақтап қалғым келді, бірақ бүгін байқап қалдым, инстаграмнан бұрынғы жүрген қызын қарап жүр, білмеймін, мен тым қызғаншақпын ба, әлде мені соншалықты қызғаншақ еткен оның іс-әрекеті ме? Не істесем болады, көзіме шөп салғандары есіме қайта-қайта түсіп кетеді. Көп жазып кеттім ренжімеңіздер.
Аноним