Көзге шөп салу: ​«Келінімнің «жүріп кеткеніне» баламның өзі кінәлі...»

Баласының көзіне шөп салған келінін емес, өз перзентін кінәлаған ананың сөзі бастапқыда түсініксіз болды...

Некенің бұзылуы, шаңырақтың шайқалып, іргесі сөгілуіне отбасын құрған еркек пен әйелдің тек біреуі ғана кінәлі ме? «Еркекке сенгенше екі босағаңа сен!» деген тәрбиемен өскен қазақ әйелдерінің арасында бүгінде «жүріп кету», «басқаға тұрмысқа шығып кету», «күйеуінің көзіне шөп салу» сынды жағдайлар аз естіліп жатқан жоқ.

«Итті көрсе иетін» (халық арасында айтылатын сөз) еркектердің көзге шөп салуына көз бен құлақ үйренген, ал әйелдің бұл әрекетін немен түсіндіруге болады?

Еріксіз естіген әңгімені мысалға алсақ...

«...Әр ауылдан естисің қазір мұндай әңгімені. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды... Басында менің келінім де сондай сөзге таңылып, құсадан көшеге шыға алмай қалғанмын...» деп бастады ол әңгімесін.

«Сонау кеңес заманында ауылдың дүкенші әйелі завхозбен көңіл жарастырғаны үшін ауыл болып көшіріп жібергенбіз. «Ауылдың жастарын бұзады» деп. Ол кезде ауылдың ақсақалдары, сөзімен ықтырып алатын апаларымыз болатын. Олар сөйлегенде алдынан ешкім кесе көлденең өтпеуші еді. Қазір біреуді біреу сыйлайтын заман ба? Біреудің қит еткенін ортаға салып көрші, өзіңнің басың бәлеге қалсын сосын... Ауылда не болмай жатыр? Қазір «а, құдай» деп отыратын күнге жеттік. Бұрын «пәленшенің келіні жөндеп сәлем салмады» десек болды, ертеңіне сол келіннің жүрісі дұрысталушы еді. Бүгін біреуге біреу бірдеңе дейтіндей емес. Өз басымнан өтті сол... Жетіскеннен көшті дейсің бе мына шулаған қалаға?!»

Жаулығының ұшымен көзінің қиығын сүртіп алған әйелден отырған үшеуміз ештеңені батып сұрамасақ та бір ақтарылып алғысы келгені байқалды.

«Үндемейтін-ақ келінім бар еді. Баланың кенжесі бұрын бір ажырасып, өзі тауып әкелген келін шаруасын істеп-ақ жүрген.Соңынан еріп келген баласын да бауырға бастық. Ол байғұста не кінә бар? Періште ғой. Келген соң тағы бір немере сыйлап, екі кештің бірінде ішіп кете беретін баланы да тыйып тастағандай болды. Жолы болмай жүрген ұлдың өмірі түзелді деп мен қуандым.

Бала өскен соң, үйдегі жейтін ауыз көбейген соң табыс табу керек. Сол кезде «Астана» деген сәнге айналды ғой. Ауылдың бар еркегі жұмыс іздеп кетті алысқа. Келін де жақын жердегі ауданның орталығынан мейрамханаға ыдыс жуатын болып тұрыпты. «Мейлі, перзенттерінің несібесіне істесін жұмысты, екі балаға қарайтын шамам бар ғой» деп үйдің шаруасын да қолыма алдым.

Басында балам жиі келіп тұрды. Екі-үш айда келіп табысын беріп, балаларын қуантып кететін. Келіннің де кіржиіңкі қабағы ашылып қалушы еді. Мен байғұсқа не керек, солардың қабағын аңдығаннан басқа. Бір жылдан соң ұл келуін сиретті. Ол кешіккен сайын келіннің тымыраюы көбейеді. Телефонда діңкілдеп сөйлесетінін естіп қаламын кейде. Ол жақта жетісіп жүрген жоқ шығар деп қоямын іштей балам болысып. Сөйтіп жүргенде ауылда қаңқу сөз шықты. Келінім ауданның орталығында ауылдың біреуімен көңіл қосатын көрінеді. Айтып отырғанын да танимын, жағдайы ортан қол, астында көлігі бар, жұмыстан қайтқан-кеткенінде таксилететін үлкен балам қатарлы жігіт. Отаны бар, ошағы бар азамат. Әке-шешесін танитынбыз, жақсы адамдар еді. Сөзге сенбедім, әрі-бері жүргенінде көлігіне отырған соң сөзге ілінген шығар деп келінге емеурін білдіріп, «бөтен еркектің көлігіне отырмай-ақ қойсайшы, елдің сөзі жаман» дегенмін. Соған өкпеледі ме, бір аптадай тырысып жүрді. Сөз болса да өршіп барады. Көзбен көргендер бар деген сөздер шығып онсыз да шығар жүректі қуырып кетті.

Болмаған соң баламен сөйлестім. «Бұрынғыдай қауқарым жоқ, елге қайтып отбасыңа ие бол. Елден-ақ бір жұмыс табылар» дегенімді елең қылған ол болмады. Сөз саптауынан келінмен арада салқындық барын сезгендеймін. Әйтеуір, ұл өзгерген. Осылай дүдамал күй кешіп жүре берер ме едім, бір күні үйге сілкініп әлгі жігіттің үйіндегі келін келмегенде. «Келініңізді тыйып алыңыз, 4 баламмен далада қалар жайым жоқ. Тегі байымның көлігінен түспейтін болыпты. Үйге қонуы азайды. Не деген ұятсыз еді өзі?», - деп жұлардай болып келген келін соңында жылап қалды. Не істерімді, не дерімді білмедім...

«Түнгі ауысымға қалып жүрмін» деуші еді. Күдік пен елдің алдындағы ұяттан өртеніп өле жаздасам да қолмен ұстап алмаған соң не дейін?! Ұлдың түрі анау, келгісі келмей отырған. Келінніңжүрісі мынау бір сөйлесем, бір апта тіс жармай қоятын. Болмаған соң ашық айтуға, ене болып бір ұрсуға тура келді. Сондағы естігенімді ешкім естімесін-ай...

«Немене, мені тастан жаралған деп пе едіңіз? Балаңыз етегіне намаз оқып жүр ме екен? Естіп жатырмыз, жесір әйелді тауып алғанын. Ең ақыры, тапқанын да салмайтын болған жоқ па? Оның шешесін мен бағуым керек пе екен? Мен де жүремін, мен де әйелмін. Келіп қасымда жатпаса несіне күтуім керек? Жаспын, маған да денсаулық керек...»

Бетіме осылай ашық айтты. Не дейін, көздің жасы, наладан қорқатын адам көрмедім. Тап соны күтіп тұрғандай келінім ашықтан-ашық жүретін болды. Түннің бір уағында келеді, арасында ішімдіктің иісін сезетін болдым. Балағына жабысқан балаларына қарауды да қойды. Сыланады, сипанады. Елдің сөзы қыртына кіріп шығар емес. Түн ішінде мінген көлігі терезенің түбіне тоқтайтын болды.

Ең өлтіргені баламның келіп үн-түнсіз ажырасқаны болды. Бәрін біліп келген сыңайлы, айқай да жоқ, шу да жоқ, бір күнде келін кетті төркініне. Кейін естідім, төркініне емес, ауданның орталығынан пәтер жалдап сонда көшіпті. Буынып-түйініп бала кетті. Ағаларының сөзі де, менің көз жасым да тоқтатпады. Уланып қалған секілді. Әйтеуір, далада қалдырмайтын балаларым бар екен. Осында алып келді...

Ауылда ағайын бар, басқа бар. Жиында бар әңгімені естисің ғой. Келін ақыры әлгі ауылдың жігітіне тиіп алыпты. Ол да отбасын тастап кетіпті соның соңынан. Жылаған бала, қанша жыл отасқан әйеліне де қарамапты. Көргендер «екеуінің махаббаты сұмдық, қол ұстасып жүреді» дейтін көрінеді. Тағы бір ұл туып беріпті онысына. Сондағы ненің күші деймін де?! Жас әйелдің буы соншалықты бас айналдыратын болғаны екен де. Бір жағынан ойлаймын, келіндікі де дұрыс па деп. Жас қой, оған да төсек керек, құшақ керек. Бала кеткен соң кім жылы сөйлесе, кім жайын жасаса соған еріп кеткен шығар. Алты айда бір көретін төсекті сағынған болар. Бірақ біреудің отбасын ажыратып жіберу деген әу бастан жақсы іс емес. Ертең соның керін кимесіне кім кепіл?!... Үш бөлек рудан тапқан үш баланың ертеңі не болады?!» Әрі қарайғы әңгіменің желісін «апалап» шауып келген балалар үзді. Апа соларды айналып-толғанып кетті...

Еркекті қоя тұрайық, әйелдердің сондай қадамға баруына не себеп?

Психологиялық тұрғыда некесі бола тұра әйелдің көзге шөп салуына бірнеше жағдай себеп болады екен:

Өзін өзі бағалауы тым төмен әйелдер. Бала күнінен әсері қалған күйзеліс, психологиялық соққы, жас күнінде зорлықтың құрбаны болу сияқты жағдайларға душар болған әйел заты көзге шөп салу арқылы өзіне өзін дәлелдегісі, солайша бағасын өсіргісі келетін көрінеді. Бұған себеп – іштей өзін қажетсіз сезінуден туындайды деседі мамандар.

Ішкі тепе-теңдігін жыныстық қатынас арқылы сақтап тұратындар. Бала күнінде педофилизмнің зардабын шеккендердің кейбірінде жыныстық қатынасқа деген тәуелділік (нимфомания) пайда болатын көрінеді.

Жұбайымен арадағы жан-дүниелік байланыстың болмауы. Жұбайының жұмысбастылығы, салқындығы мен бірге көп уақыт өткізбейтіндігі уақыт өте келе әйелдің өз қалауындағы басқа жанды іздеуіне алып келетін көрінеді. Әлбетте, әйел одан қалағанының (бірге уақыт өткізу, құшақтау, сүю, аймалау, өзіне қажет болған кездегі қатынас және т.б.) бәрін тапқысы келеді. Мұнда әйелдің сүйікті болуға ұмтылуы басымдық алып кетеді.

Кек алу. Күйеуінің теріс жүрісін, адал некесіне сатқындығын білген әйелдерде осындай қадамға барады екен. Жұбайы да өзі сезінгенді басынан кешуі үшін әдетте бұл типтегі әйелдер жүрісін жасырмайтын көрінеді.

Жыныстық қатынастағы қанағаттанбаушылық. Психологтардың пайымынша, әйелдердің жыныстық және жан-дүниелік жақындығы өте тығыз байланысты. Егер ол осы екеуінің бірінен қанағат таппаса, өзін қалаусыз деп санап, қалаулы ететін жанды іздейді.

Тізе берсек, себебі көп. Бірақ бұлардың қайсысы жоғарыда келтірілген оқиғаға себеп болғаны белгісіз... Сіздің ойыңызша, әйел неге күйеуінің көзіне шөп салады?

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста