Кезінде күн көрсетпеген енем қазір менің қолымда отыр

Кезінде күн көрсетпеген енем қазір менің қолымда отыр

Адам кейде бір рет жіберген қателігінен өмір бойы таяқ жейтін сияқты. Әлде маған ғана осындай тағдыр тиесілі болды ма, білмеймін. Мүмкін, тағдыры ұқсас жандар болса, ақыл қосар, жас қыздар сабақ алар деген ниетпен «Алаш айнасына» хат жолдап отырмын.
Университеттің үшінші курсына дейін бір де бір рет қыз болып, жігіттермен сөйлескен емеспін. Кейде соным үшін қысылатынмын да. Құрбыларым бірнеше жігітпен жүріп, біраз тәжірибе жинап үлгерсе, мен өзімді артта қалған адамдай сезінетін едім. Бір адамдай көркім бар, сабағымды жақсы оқыдым, мінезім де жаман емес. Тек бала күнімнен өзімнің қыз екенімді сезініп, таранып-сыланып көрмеппін, ағаларымның соңынан еріп жүрген соң қыз екенімді ұмытып та кеткен шығармын. Маған сөз салған жігіттер, әрине, болды. Бірақ ешқайсысын көңілім қалаған жоқ.
Сөйтіп жүргенде Жанат есімді жігітпен таныстым. Бір-бірімізді ұнатып жүре бастадық. Шынымды айтсам, он тоғыз жасқа дейін сүйісе білмегенім үшін қатты ұялдым. Мен өзім туралы ештеңе айтпасам да, ол өзі сезген болуы керек, тіпті ол үшін бұл жағымды жайт болған да секілді.
Төртінші курста екеуміз жатақханада бірге тұрдық. Үй-ішімнен біреу-міреу келетінін білсем, оның киімдерін көрші бөлмеге тығып, бөлмеде ер адам тұратынын білдірмеуге тырысамын. Кейде Жанатқа «Қашанға дейін жасырынып тұрамыз, үйленейік те?!» деп ойымды білдірсем, «Тұра тұрайық, әзірге жағдай жоқ, алдымен оқуыңды бітіріп ал» деп қашқақтайтын. Өзі сырттай оқиды, анда-мында жұмыс істеген болады, бірақ тұрақты жұмыс емес. Төртінші курстың соңына қарай мен аяғымның ауырлап қалғанын сездім. Жағдайдың осындай арнаға бет алғанын білген Жанат көзден ғайып болды. Не ештеңені ашып түсіндірген жоқ, не кетуінің себебін айтпады, әйтеуір бір-ақ күнде жоқ болды. Сол кеткеннен мол кетіп, оралмады. Ара-тұра жанында жүретін жолдастарын көре қалсам, олар өздері қылмыс жасағандай менің алдымда қипақтап қалады, маған мүмкіндігінше көрінбеуге тырысатын сияқты.
Сөйтіп не үйдегілерге айта алмай, не тығырықтан шығарға жол таппай мең-зең күйде жүргенде сыныптас құрбым қоярда қоймай туған күніне шақырып, сол жерде артымнан қанша жүгіргенімен кезінде өзім қарамаған парталас сыныптасым Айбарды жолықтырдым. Ол бұл кезде бір балалы, әйелімен ажырасқан болатын. Баланы Айбардың әке-шешесі келіндеріне бермей алып қалыпты деп естігенмін. Туған күнін тойлағалы отырған құрбым да күйеуінің мінезіне шыдамай ажырасып кеткен болатын. Сөйтіп, «бағы ашылмаған» бірқатар сыныптастар бір-бірімізді көріп, көзайым болып бір жасап қалдық. Кейіннен түсінгенім, Айбар менімен сөйлесу үшін осында келген екен. Тура сол күні-ақ үйлену туралы ұсыныс жасады. Бірақ мен оған бәрін ашық айттым, жасырмадым. «Мен басқаның баласын көтеріп жүріп, қалай үйленемін. Осы баланы өмірге әкеліп, соны асырап ер жеткіземін, ендігі өмірім тек балама ғана арналады» дедім. Ол аз-кем үнсіз қалды. Темекісін үсті-үстіне тартып, біраз отырғаннан кейін ойланғанымның дұрыс екенін, ол баланы туған баласындай көретінін айтты. Бірақ мен ешқандай үміт күтпегені жөн екенін баса айттым, сонымен әңгімеміз тәмам болды.
Мен бір шешімге келе алмай жүргенде бала бес айлық болды, ішім біліне бастады, құрбыларым не болса да, Айбардың етегінен ұстағанымды құп көріп, ақыры көндірді.
Біз ата-енеме баланың басқанікі екені туралы тіс жармаймыз деп келістік. Айбар сөзінде тұрды, үлкен ұлымды ешқашан басқаларынан бөліп, шеттеткен емес. Мінезі қандай қиын десем де, кейіннен анда-санда қол жұмсаған кездері болса да, мен үнемі сол уәдесінде тұрғаны үшін оған басымды иетінмін, әлі де солай.
Қайынағам мен абысым екі баласымен, күйеуден қайтып келген қайын апкем бір қызымен, бойдақ қайыным бар, Айбар екеуміз екі баламызбен, ана-енемді қосыңыз – бәріміз шағын төрт бөлмелі жер үйде тұрдық. Абынысым жұмыс істейді, үйдегі тірліктің бәрі менің мойнымда, қайын әпкем істеген ісімді жақтырмайды, артымнан түртпектеп қайта істеген кейіп танытып жүреді. Ауыз суды ауылдың ортасынан, құдықтан аламыз, үйге күніне үш-төрт фляга су тасимын. Он шақты адамға нан пісіру, кір қоңын жуу, тамағы – әйтеуір бітпейтін шаруа. Оның бәрін қойшы, әйел болған соң ондай шаруаны атқаруға тиіссің, оған көндіккем. Үйдегі бар табыс негізінен енемнің қолына тапсырылады. Шынымды айтсам, іш киімге дейін өзі әкеліп береді маған. Ал анда-санда алатын басқа киімі ұнасын-ұнамасын киесің, себебі ол үйде «ұнамайды» деген сөз жоқ.
Абысыным да негізінен табысын енемнің қолына береді, бірақ ептеп-септеп өз қажетіне жаратып, шетінен тығып алып қалатын болуы керек, ол мен секілді қиналмайды. Маған жасаған қысастығының бір парасын оған да көрсетіп алады, бірақ жұмыста жүргендіктен бе, оған көп тиісіп үлгермейтін.
Енемнің қайдан, кімнен естігенін білмеймін, тұңғышымның әкесі басқа екенін білген болуы керек, босанғаннан аз ғана уақыттан кейін қысастықтың көкесі басталды. Бір таң қалатыным, Айбардың көзінше ештеңе білдіртпейді, жайраңдап жүреді, ал ол жоқта айтатын сөздері сүйегіңнен өтеді. Балам қайын ағамның балаларымен, күйеуімнің бірінші некедегі баласымен бір нәрсеге таласып қалса, «арамтамақ», «зәндеме», «сорлы» дегендей сөздердің неше атасы айтылады. Алғашында үндемей шыдап жүргенмін, біраз уақыттан кейін ішіме сыймай кетті. «Балаға неге ауыр сөздер айтасыз?» дегенім сол еді, «Қаңғып келген», «жерді құртқан», «салдақы», несін айтасың, ішіндегі бар запыранын шығарды. Сол күні бекер үйленуге келісім берген екенмін деп қатты өкіндім. Түні бойы кірпік ілмедім. Айбарға «апам сезіп қойған сияқты» деп шет жағасын айтып едім, «Олардың шаруасы болмасын, мен өзім білемін» деді, сосын ештеңе айта алмадым. Бірақ барған сайын енем екеуміздің арамыз ашылып бара жатты. Бірде Айбар іссапарға кеткенде ұлым екеумізді үйден қуып шыққан кезі де болды.
Қанша рет өле салғым келді, бірақ баламды мынадай жерде қалдырсам, күні не болады деп оны да ойлаймын. Сөйтіп жүргенде екінші балам дүниеге келді. «Өз баласы болды, мүмкін ұлымды енді бөлер ме екен» деген қорқынышым бекер болып шықты, күйеуім сол бұрынғы қалпынан айныған жоқ. Үш баламызды да жақсы көрсе бірдей еркелетіп, ашуланса, бірдей жазалайтын. Кейін қайным үйленемін деген соң, біз бөлек шықтық.
Қазір біздің төрт баламыз бар, енем біздің қолымызда тұрады, атам дүние салған. Үлкен ұлы даңғарадай үй салғанымен «Енемнің бұрынғы істеген қылықтарына тойғанмын» деп, абысыным жолатқысы келмейді. Күші кеміп, қартая бастағанда келін болып түскендіктен бе, кіші келінге енемнің тісі батқан жоқ. Ол ерке келін болды, күйеуімен ренжісіп қалса болды, үйіне кетіп қалатын. Жалынып-жалбарынып енем қайта ертіп келеді. Оған қатты сөйлемек тұрмақ, оның асты-үстіне түсіп тұратын. Бірақ сол көп «төркіндеудің» соңы ақыры ажырасумен тынды. Қазір қайным да бізбен бірге тұрады. Енемнің адуынды шағындағы бар қаталдығы мен қатігездігін үлкен абысыным екеуміз көріппіз ғой деп ойлаймын. Әсіресе, мен көрдім ғой.
Кейде істеген қылықтарын, айтқан ауыр сөздерін есіме алсам, «Мен неге енеме қарауым керек? Мені түкке алғысыз көруші еді ғой?!» деп ойлаймын да, кейіннен кешірімшіл болғаннан кішірейіп қалмайтынымды, қайта оған иіліп, қызмет істесем, өзінің бұрынғы қылықтарына ұялатын шығар, өкінетін шығар деп ақылға саламын. Кейде сөз арасында елеусіз айтқан болып «Е, бәріміз де қателестік қой, қартаймайтындай көріппіз ғой өзімізді» деп қояды, өкінетін шығар бәлкім, сол қылықтарына, кім білсін?!
Сондықтан, жаза басып, жаңылысып, оң жақта отырып жүкті болып қалған қыздарға «Өзгеге күйеуге шығуға асықпаңдар» дер едім. Басқаның баласымен бөгде босағаға сыю қиынның қиыны. Тек бағыма қарай күйеуім жақсы кезікті, бәрінен де соған ризамын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста