Кесір келіннің қиянаты

...Айым бүгін төсегінен кештеу тұрды. Соңғы кезде осы бір екі бөлмелі үйде жалғыз тұрғалы, түні бойы ұйықтап та қарық қылмайтын. Күндіз далаға шығып, көрші көлеммен кəкір шүкір əңгіме айтып уақыт өткізеді. Ең қиыны түн мезгілі. Өткен күндерін ойша ғана електен өткізіп, бір күрсініп қойып көрпесін көктеп отыра береді.
Айым бес ағайынды еді. Сол бес баланың екіншісі болды. Əкесі өмірден ерте кетті, ағасы колхоз жұмысымен жетім баладар мен жесір анасын асырау үшін күні- түні еңбек етті. Айымда қылтитып қыз болғалы өзінше өлең жазатын. Алғашқы махаббат сезімдері де бой көтере бастады. Сүйген жігітін əскерге шығарып салып, мектеп бітіріп ауылда совхоздың қара жұмысына қала берді. Армандары көп еді, Алматыға барып журналистикаға түсу басты арманы еді. Дегенмен қысқа жіп күрмеуге келмей, Айым жүрегіндегі армандарын совхоздың сауыншылығына айырбастап, бір күнде сауыншы боп шыға келді.
Күндер өтіп жатты.... сол бір күз Айымның өмірін мүлдем басқа арнаға бұрып жіберді. Жұмыстан келген Айым үйдегі бөтен адамдарды көріп, жатырқай амандасты. Бұл адамдар көрші ауылдан келген кісілер еді. Сөз барысынан түсінгені өзіне құда түсіп келіпті..... Айым бір күнде қыз дəуренімен қош айтысып келін боп кете барды.
Əскердегі Зейінге қысқаша ғана хат қалдырып, тағдырына қарсы тұра алмайтынын түсіндіріп тұрмыс құрып кетті. Айымның ойында тек қана ауру шешеммен бауырларымды жеткізсем,отыздан асқан ағамды аяқтандырсам деген ғана ой болды. Барған жері кемпірі өлген шал мен қайнысы жəне Айымның күйеуі бар шағын отбасы екен. Күйеуі көрікті жігіт милиция қызметкері екен. Айымның сыртынан естіп біліп осы шаңыраққа ие болады деп алса керек. Өмір өтіп жатты. Айым ағасын үйлендірді. Келген жері ауқатты екен, ауру шеше мен бауыларына көмектесіп те тұрды. Айымның тағдырының ауыр сəттері басталған еді. Себебі күйеуі қызықты сырттан іздейтін адам еді...
   Айымның барлық қуанышы да, өмірінің мəні де балалары еді. Сырт көзге бақытты боп көрінгенімен, өмірі сүреңсіз өтіп жатты. Күйеуі Ерсін алақандай ауылда ауыздыға сөз болып, көрікті əйелдердің соры болды. Ең сорақысы соңғы уақытта ішімдікке де əуестеніп кеткен еді. Үйге келіп себепсізден Айымды таяққа жығатын. Келініне араша түскен кəрі əкесі мен інісіне де жауласып алды. Ерсіннің қызметтік дəурені көп алысқа бармай ішімдік пен жеңіл жүрістің кесірінен қызметтен қуылып, басқа бір жерге қоныс аударды. 
Кезінде милиция қызметкері болған Ерсін, бір күнде қойшы боп шыға келді. Айымның балалары өзіне қолғанат болатын жасқа да жеткен. Атасы болса бақилық боп кетті. Ерсін бəрібір сол ащы суын тастамады, Айымның  да  сол екі күннің бірінде таяққа жығылумен күндері өтіп жатты. Əр жылаған күндерінде Айымды өмірден күдерін үздірмеген балалары еді.
 Осылар өссе бəрі де ұмыт болар деумен өмір өтіп жатты.... Арада бірталай жылдар өтті. Ерсін де арағын қойғанына бір жыл уақыт болды. Айымның бақытты күндері басталғандай еді, бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Ерсін аяқ астынан басына қан құйылып бір аяқ,бір қолы жұмыс жасамай мүгедек боп қалды. Апармаған жері, көрсетпеген дəрігері қалмады. Сөйтіп жүргенде ұлы үйленетінін айтып бір қуантты. Түнімен қиялға берілген Айым келінінің түрін, ол келгендегі қарым қатынасты бəрін- бəрін ой елегінен өткізіп, сөйлей алмай қалған Ерсінге қуанышын айтумен болды.
Келін келді, жалғыз ұлдың тойын елден қалыспай Айым да өткізді. Мейірімге толы жүрегі қосағы, балаларының əкесі Ерсіннің тойда бір ауыз тілек айта алмағанына іштей қынжылып, көз жасын сүртіп Айым да тойды өткізді. 
Бір кездегі Айымның өмірін өксітіп, талай таяғынан денесінде із қалған Ерсін де бұл күнде жас балаша жаутаңдап, Айымды іздейтін. Себебі оның ымына бұл үйде ешкімде түсінбейтін. Айымның көргенінен көрмегені көп екен, жалғыз келін қиялындағыдай болмады. Сұлулықты үйіп төгіп берген жаратқан, бұл келінге мінезді де берген екен. Тікбақай, аузынан сөз шықпайтын сазарып отыратын адам еді. Жалғыз ұлы да жайменен əйелдің айтқанына көне берді. Тұрмысқа кеткен қыздары келсе де жеңгелерінің мінезін біліп көп аялдамайтын. Дүниегі немересі келді, баласы мен келіні атын өздері қойды. Сонда да ештеңе айтпай жаны немересінің үстінде еді... Қырық сегіз жасында мүгедек болған Ерсін алты жыл жатып өмірден озды... Заманның аласапыран болып жатқан кезі, ауылда жұмыс жоқты сылтауратып келін мен бала немересін алып қалаға кетті. Айымда ауылда көп отырмай бар жиған тергенін сатып қалаға келіп үй алып, келін баласымен бірге тұра бастады. Бəрібір кесір келінге жақпады. Баламның бақыты үшін осылар ажыраспасын деп, Айым өзіне бөлек үй алып кете барды.
Бір кезде анашым мен сені өмір бойы бағамын, сені жылатпаймын деген жалғыз ұл əдемі келіншегінен шыға алмады. Əйтеуір қыздары келіп- кетіп тұрады. Дегенменде жалғызының орнын ешкім баса алмайтын. Немересін сағынғанда қалаға барып бір иіскеп қайтады.Қиын күндерінде үміті болған жалғызының өзін іздемейтіні жанын жейді... 
Өзін құрбандыққа шалғандай болып сүймеген адамының етегінен бауырлары мен ауру анасы үшін ұстағанына да кейкездерде өкінеді. Үміті жалғыз ұлының əйелін жұмсап, немересінің қызығын қызықтау еді, олда орындалмас арман болғалы қашан. Терезеге қарап немересін жетектеп бара жатқан кейуанаға қызғанышпен қараған Айымның өмірі осылай үміт пен өкінішке толы еді...
Ертең сенбі екені есіне түскен Айымның жүрегін қуаныш сезімі дір еткізді, себебі немересін көруге барады. Айым апа ыңылдап жүріп немересіне апаратын сыйлықтарын жол сөмкесіне салды. Немересін көруге баратын бір күні Айым апаның өмірінің ең жақсы сəті болар бəлкім.

  
                                                                  Лиза Тұрмағанбет
Дереккөз: el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста