«Кеңейіп кетті...»: Қынап бұлшық етін қалай тарылтуға болады?
Қыздар тұрмысқа шығып, бірнеше баланы өмірге әкелгеннен кейін "түнгі" өмірде түрлі проблемалар туындай бастайды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы алаулап тұрған от сезім бірте-бірте өшеді. Бұның себебі неде? Мамандардың айтуынша, бұның барлығы қынап бұлшық етіне байланысты. Әйел қанша кемшіліксіз болса да жатын бөлмесінде сыртқы сұлулық пен білім емес, қынап бұлшық еттері басты рөлде ойнайды. Қынап бұлшық еттері мықты әйел кез келген ер адамды бағындыра алады.
Ақтөбедегі интимді гимнастика жаттықтырушысы Толғанай Исаева Экспресс К тілшісіне қынап бұлшық еттерін жаттықтырудың қыр-сырын айтып берді.
Толғанай Исаеваның айтуынша, қынап — бұлшық еттен тұратын мүше. Оны үнемі жаттықтырып тұрмаса, түрлі проблемалар туындайды. Әсіресе, әйел босанғаннан кейін қынаптың бұлшық еттері әлсірейді. Осыдан соң зәр ұстай алмайды, яғни отырып, тұрған сайын зәр шығып кетеді. Геморрой пайда болады, аналық без бұзылады, тамыр кеңейеді. Жыныстық қатынасқа деген құштарлық төмендейді, климакс ерте басталады. Бұның соңы әйелдің денсаулығын бұзып қана қоймайды, отбасының шайқалуына әкеледі.
Маманның айтуынша, қазақ әйелдері денсаулығына көңіл бөлмейді. Ұзақ жылдар бойы осылай жүре береді. Бала босанған әйелде бұндай жағдайдың болуы қалыпты деп ойлайды. Жатыр, қынап бұлшық еттері туралы білімі өте аз.
Бала босанғаннан кейін қайта қалыпқа келу үшін әрекет жасамайды. Себебі білмейді. Соңғы жылдары ғана қазақ әйелдерінің сауаты ашыла бастады. Ал орыстарда бұндай проблема жоқ. Олар қынаппен қалай жұмыс істеуді біледі, — дейді жаттықтырушы.
Маманның айтуынша адамның денесін ұстап тұрған екі қаңқа бар. Біріншісі, дененің жоғарғы бөлігі, яғни кеуде болса, екіншісі — жамбас. Қандайда бір ауыр затты көтеру, жамбасқа салмақ түсіреді. Бұл қынапқа, жатырға тікелей әсер етеді. Ал жатыр — әйелдің екінші жүрегі. Ауыр салмақ бұлшық етті әлсіретіп, жатырдың төмен түсуіне әкеледі. Бұл төрт сатыдан тұрады. Егер алғашқы екі сатыда жаттығу жасаса, қалпына келтіруге болады. Ал үшінші, төртінші сатыда операцияның көмегіне жүгінеді. Сондықтан маман әйелдердің, қыздардың ауыр салмақ көтеруіне болмайтынын айтады.
Бет терісінің салбырап тұрғаны сыртқа көрінеді. Оны қалпына келтіру үшін түрлі крем жағып, массаж жасаймыз. Қынап бұлшық еті де сол сияқты егер, күтім жасамасаң салбырап, қартайып кетеді. Ал бұл бұлшық ет әлсіресе, әйел жыныстық қатынасты қаламайды, — дейді маман.
Проблеманың ең үлкені — осы. Жыныстық қатынасқа түскен кезде әйел ештеңе сезбейді, ләззат алмайды, ауырсынады. Тіпті қашады. Қынаптың кеңеюі ер адамның простатитке шалдығуына әкеледі. Маманның айтуынша, қазіргі таңда ажырасудың бір себебі — осы. Өйткені ер адам төсекте бұрынғыдай от сезімді қалайды.
Ал жастары елуге жетпей ерлі-зайыптының арасындағы сезім өшсе, жұбайлық міндеттерін дұрыс атқармаса, уақыт өте келе бұның соңы қиындықтарға әкеледі. Тіпті ер адам әйелін тастамағанның өзінде сырттан ләззат алуды ойлайды, — дейді Толғанай.
Толғанайдың өзі де көп қазақ әйелінің бірі сияқты, қынап бұлшық етінің әлсіздігіннен зардап шеккен. 21 жасында тұрмысқа шыққан қыз, 4 баланы өмірге әкеледі.
Төртінші баламнан кейін, яғни 32 жасымда осы мәселелер мені де алаңдатты. Жұбайлық өмірдің қызығы осымен біткендей көрінді. Қиындықтардан қалай шығуды білмедім. Сосын іздендім. Интим жаттығулардың пайдасын көрдім. Сосын өзгелерге үйретуді ойладым, — дейді Толғанай.
Ал мәселені шешудің бір жолы — интим жаттығулар, вакуум жасау, дұрыс тыныс алу. Егер осы жаттығуларды күнделікті жасап жүрсе, әйел аталған проблемалардың барлығынан құтылады. Қынап бұлшық еттері қатаяды, құштарлығы артады, қан айналымы жақсарады.
Әйелдің энергиясы — қынапта. Толғанайдың айтуынша, Тайланд әйелдері қынап бұлшық етін жаттықтыруға ерекше көңіл бөледі екен. Олар қынабымен 20 келіге дейінгі ауыр затты көтереді.
— Қынап бұлшық еттері мықты әйел ер адамды басқарады. Ерлі-зайыптының арасындағы құштарлық сезімі сөнбейді. Әйел нәзіктігін жоғалтпайды. Әйелдің бойында ферамон гармоны бар. Егер осы гармон көбірек бөлінсе, әйел ер адамды өзіне тартады. Мәселен, кейбір әйелдердің түрі аса көрікті болмаса да ер адамдарды айналасына үйіріп жүреді. Оны әйел өзі сезбейді. Ал бұның барлығы қынап бұлшық еттеріне байланысты, — дейді жаттықтырушы.
Интимдік жаттығулардың түрі көп. Оның кейбір түрін қыздар 12 жастан бастап-ақ жасауға болады. Алайда миома, киста, ішкі құрылысқа операция жасағандарға вакуум жаттығуын жасауға болмайды.
Қазір жас келіншектер де келіп жатыр. Олардың денсаулығына көңіл бөлгені қуантады. Әйелдің жанын әйел адам ғана түсінеді, — дейді маман.
Толғанай қынапты тарылту үшін операция жасатуға кеңес береді. Бұның соңы барлық сезімталдықтан айыруы мүмкін.