Келінімен керіскен енелер көбейіп барады...

«Жалғыздық Құдайға жарасқан» деген тәмсілге қалт тұратын қазақпыз ғой. Уақытында келгенде өмірлік жарын табуға талпынады. Оны өмірдің заңы деп ұғамыз. Әрине, оған ешкімнің алып-қосары болмаса керек-ті. Десе де, соңғы уақытта некелердің сәтсіздігі жайында жиі айтылады. Кейбір дерек көздерінде отау көтерген жастардың үштен бірі дәм-тұзы жараспай, қайтадан жолдары екіге айрылып жатады екен. Былай қарағанда, біздің өміріміз үшін қалыпты жағдай саналса керек-ті. «Қазір кім-кіммен ажыраспай жатыр» дейді жұрт. Өкінішке қарай, оның астарына үңілуге шамамыз келер емес. Бұрынғы уақытта ұзатылған қызына ата-анасына «Барған жеріңе тастай батып судай сің» деп жатушы еді. Бүгінгі күні басынан сөз асырмай, үйіне қайтып келген қызына ақыл айтудың орнына соған қосылып құдалар жақты жерден алып жерге алып салатындар кездеседі. 

Осыған қарай отырып, түрліше ойға берілуге тура келеді. Отбасылық өмірдің ащы-тұщысын көрдік дегеннің өзінде үлкендердің өзі әлі де соған дайын емес секілді. Шаңырақ көтеруге талпынған қос жасты сол өмірге дайындаудың орнына өзіміз де солармен бірге басымыз қатып жатады. Босағадан келінді аттатып алғаннан кейін оған өзіңнің балаң ретінде қараған артық емес деп ойлаймын. Соған қарай отырып, жас келін де сол үйге бейімделе түседі. Болмаса, үлкендер жақтан ешқандай жылу көрмесе, әлгі келін қалайша сол үйдің адамдарына бауыр басады?
Өзіміз де кезінде желкілдеген қыз болдық. Уақыты келгенде шаңырақ көтердік. Өз үйіңде жүргенде бетіңнен ешкім қақпайды. Алақанына салып аялайды. Қазақта «Қыз жат жұрттық» деген бар емес пе? «Бізге қонақ қой» деп сыйлайды. Ата-бабадан аманатқа айналған сол ізгі дәстүр әлі күнге дейін жоғалған жоқ. Елдің ішінде әлі жасап келеді. Мен соған қуанамын. Дегенмен, екінші жағы бар енді. Уақыты келгенде қыз босаға аттап, басына орамал жауып, келін атанады. Одан кейінгі өмір ауаны сол шаңырақтағы адамдарға тікелей байланысты. Ең бастысы, енеге қатысты деп ойлаймын. Күйеуінің анасы кең жүректі адам болса, онда келген келін де сол ортаға тезірек бейімделіп кететіні тағы бар. Кезінде енелік деңгейге жеткен аналарымыз барлық жақсы қасиетті келініне үйретуге тырысатын. Соның арқасында қаншама жас қыз әулеттің құрметіне бөленіп, уақыты келгенде ақыл сұрайтын ақ жаулықты ана атанып жататын еді. Өкінішке қарай, сол ізгі дәстүр қазір жоғалып бара жатқаны алаңдатады.
Мен күйеуіммен осыдан 28 жыл бұрын бас құрадым. Жолдасым көп балалы отбасыдан екен. Шаңырақта 3 қыз, 5 ұл бар. Менің күйеуім отбасында бесінші екен. Артында 2 қарындасы, 1 інісі бар екен. Сонымен, жаңа шаңыраққа келгеннен кейінгі өмірім басталып кетті. Менің алдымда 3 келін бар емес пе? Бәрі де жылы жүзді адамдар екен. Білмегенімді үйретіп, өздеріне жақын тарта түсті. Осындай қамқорлық арқасында мен де ешқандай қобалжымастан сол отбасына сіңуге тырыстым. Айта кетерлігі, енемнің пейілінің кеңдігінен шығар, сол 3 келін бір аулада тұрады екен. Ас-ауқатын бірге ішеді. Сенікі-менікі деген жоқ. Сондай жарасымды. Қазіргі күнге дейін арасы ажыраған жоқ. Менің жолдасымның жұмысы қалада болғандықтан, біз көп тұра алмадық. Дегенмен, демалыс күндерінде дереу ауылға қарай асығып тұрамыз. Осыны енеміздің ақылды қасиетінің жемісі деп ұғынамын.
Қазір мұндай енелер мүлдем жоқ деудің реті келмес. Өзім де сол жасқа жеттім. Енемнен көргенімді өзімнің балаларыма үйретуге тырысып келемін. Қазіргі жастар да жанашыр пейіл көрсетсең, өзіңе бауыр баса түседі деп сенемін. Өйткені, өзімнің келінім қазір қызымдай болып кетті. Басында еркелігі бар секілді еді. Бірден бетін қайтарып тастамастан ақыл-кеңесімді айтуға тырыстым. Жас бала емес пе? Кейде маған да еркелеп алады. Әрине, орын-орнымен. Ондай кездерде мен де бауырыма баса түсемін. Кейде балам екеуі жұмыстармен 1-2 апта сыртқа кетіп жатса, оларды сағынып та қаламын. Олар да маған келгенше асығатынын түсінемін. Күйеуім де бұл қасиетімізді жоғары бағалайды.
Өкініштісі, осындай көрініс кей отбасында өзгеше өрбіп жатады. Келінін жерден алып, жерге салатын енелер көп. Алайда, олар өздерінің қателігін түсінгісі келмейді. Жастары жер ортасынан ауғанмен, солармен қосылып, ұрыс-керіске бейім тұрады. Содан кейін олардың ортасында қандай сыйластық болсын? Енесі келінін жамандаса, келіні де кері қайта қоймайды. Орайы келсе, жасы үлкен деп қарамайды. Бетінен алып қалуға тырысады. Мына бір оқиғаны айтайын. Мен танитын бір әйел кісі бар. Өзі дүниеге жақындау. Баласы 5-6 жыл бұрын келіншек алды. Келін жоғары оқу орнының соңғы курстарында оқитынға ұқсайды. Ақылы негізде сырттай білім алатынға ұқсайды. Соны қалталарынан төлеуге қиынсынды. Келініне несие алдыртты. Бала босанғаннан кейін келіні ол несиесін қайдан төлей қойсын? Амал жоқ, ұялғанынан ол несиені қыздың ата-анасы төлеп шықты. Содан кейін келін енесін қалай сыйлай қойсын? Бәрібір жүрегінде бір зіл қалады...
Менің өз қатарластарыма айтарым осындай. Біз де жас емеспіз. Жер ортасына келіп қалдық. Қашанға дейін жастармен желкілдеп, олардың қателігіне бола ұрыс шығара береміз? Жақсы ене келінді өзі тәрбиелеп шығарады. Қысқасы, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас әрбір отбасының өзіне байланысты деп санаймын.
Қашаннан да өзіңнен жасы кішілерге қадірсіз болғаннан сақтанған артық емес. Ол үшін өзіңнің қадіріңді жоғалтапаған дұрыс деп ойлаймын. Қынжыларлығы, қазақ халқының осы бір ізгі дәстүрі аяқ асты қалып бара жатқандығы алаңдатады. Оны бағалап, кейінгі ұрпаққа жеткізу біздер үшін зор міндет екені айдан анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста