Келінім анамызды сыйламайды
Сəлеметсіздер ме қыз-келіншектер, бəріміздің проблемамыз басымыздан асады. Менін айтайын дегенім, өзімнің жанұямда екі ағам, бір інім бар, бəрімізде отбасын құрғанбыз, аллаһым берген бала-шағамыз бар, оғанда құдайға шүкір. Мені мазалап жүрген қара шаңырақтағы інімнің келіншегі анамды сыйламайды. Үлкен адам айтып жатыр екен демейді, құлағына қыстырмайды.
Осы уакытқа дейің міне 4-жыл болады, мінезіне үйренісе алмай жүрміз, не ол бағынғысы келмейді, не біз оны түсіне алмай қойдық. інім кімнің сөзің сөилерін білмеи ойланады, болмаса ұрыс кезінде əбден ұрудай ұрады келіншегін. Бірақ біразга деиін келіншегі ерсі қылығын қояды, біраз уақыт өткеннен кейін тағы солаи қайталанады.
Келінге бірдеңе жақпай қалса болды, тымырайып отырып алады не болмаса қыздарына бас салып айқайлайды, үлкен отыр, қонақ отыр демейді. Кейде қыздарын қызғанып бөлмелерінен шығармай қояды, әжелерінің жанына жолатқысы келмейді. Мен үйде жалғыз қызбын, анаммен кейде сырласамын. Келінімнің қылығын көргенде оған ойымдағын айтып тастағым келеді. бірақ мамам басу айтып, інімнің отбасна араластырмайды. "Сен кеткен қызсың, келінге сөйлеп сыйыңды кетірме" деп отырады. бірақ менің ашуыма тиетіні, келініміздің анамызды адам құрлы көрмейтіні.
Осындай жағдайда не істеу керек. Ақыл тыңдамайтын, сөз ұқпайтын келіннің сөзіне, ісіне көніп қаартайған анамыз отыра беруі керек пе?
Аноним
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу