Келіні мен құдашасына көз салды...

"Үнемі күліп жүремін, ішім қанша жерден қан жылап тұрса да, сытқа білдірмеуге тырысамын. Себебі менің проблемам, ол – менің проблемам. Жұртқа оның түкке де керегі жоқ", - дейді Айткүл есімді тараздық келіншек. Айткүл ханымның күйеуіне деген өкпесі қара қазандай екен. Ол өзінің ішіндегі жан сырын ERNUR.KZ тілшісіне баяндап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

«Бірге істейтін әріптесім «Айткүл әпке, күлімдеген көздеріңізге, ашық-жарқын мінезіңізге қарап, сізді ең бақытты жан деп санаймын. Дым уайым көрмеген адам сияқтысыз» деп мақтай бастады. Ол менің ішімде «ит өліп» жатқанын қайдан білсін. Сыртым бүтін, ішім түтін адаммын ғой.

 

Баяғыда біздің кезімізде мақта, жүзім терім деген болушы еді ғой, мектепті бітіріп, техникумға оқуға түскенбіз. Қалыптасқан тәртіп бойынша оқу орнындағылар бізді күзде жүзім теруге жіберді. Сол жерде жүргенде мені ауылдың бір жігіті алып қашты.

 

Арманым асқақ еді, оқуымды бітіріп, қалаға жұмысқа тұрсам деуші едім, бірақ тағдырдың салғанына көндігіп, ата-енемнің жанында қалдым. Күйеуім де жаман адам емес. Рең-басы, сөйлеген сөзі әжептеуір. Пысық, малтабар. Әрі мені шын сүйетін, айтқанымды екі етпейтін.

 

Ата-енем де менің бетіме келген емес, көздерін жұмғанша «Гүлжаным» деп еркелетіп кетті. Мен де оларға жақсы келін болу үшін барымды салдым. Бірінен кейін бірін, төрт ұлды тауып бердім.

 

Жылдар өте берді, қырықтан асып, балалардың у-шуынан ажырап, енді оң-солымызды тани бастаған шақта біздің айрандай ұйып отырған отбасымыздың шырқы бұзылды. Алақандай ауылда әңгіме деген жатсын ба? «Сенің күйеуің пәленшемен кездесіп жүр екен» деген әңгіме әп-сәтте маған да келіп жетті.

 

Күйеуім бізге ағайын келін болып келетін бір жесірмен шатасыпты. Төрт баламның әкесіне деген сезімім су сепкендей басылып қалды. Ол келін бұрыннан-ақ атағы жер жарған келіншек еді. Қайынағалары осы жүріскерлігі үшін талай мәрте тіл тигізіп, тіпті ұрыпты деп естігенбіз.

 

Сонда да нәпсісін тыя алмай, бір қауым елден менің күйеуіме көз сүзгенін қарамайсыз ба? Ішім удай ашыды, күйеуім екеуміз осы үшін талай мәрте ұрыстық. Тіпті төбелесуден де тайынбадық. Ержетіп қалған балаларым ажыратып алатын. Балаларымды да, мені де аямаған сормаңдай қайынағасының қойнына кіріп ала салды. Ауылымыз «қайынағасы мен келіні жүріп кетіпті» деп талайға дейін сөз етті. Мен күйеуімді үйден қуып шықтым.

 

Қайынжұрты қанша мәрте қуса да елден кетпеген арсыз әйел ақыры менің күйеуімді алып, біржола қарасын батырды. Сол сәтте елдің бәрі мені мүсіркейтіндей, кейбірі мазақтап, өсек еткендей күй кештім. Бар ашуымды, ыза-кегімді арақтан алдым. Бірте-бірте араққа салына бастадым. Үйден береке кетті, балаларым да азып-тозып кетті.

 

Мұндай жағдай әлі де жалғаса берер ме еді, туған әпкем үйге келіп, «Байынан айырылған жалғыз сен бе? Мұншалықты жігерсіз болармысың?! Балаларыңды аясаң болады ғой» деп жер-жебіріме жеткізіп ұрысты. Ауылда қалсам арақтан ажырамайтынымды білді-ау деймін. Үйімізді сатқызып, үстінен өзі ақша қосып, бізді қалаға көшіріп алды.

 

Сол әпкем мені өмірге қайта әкелді десем болады. Емдетіп, арақтан арылтты. Жоғары оқу орнына түсіріп, бәрімізді адам қатарына қосты. Ақырындап ел қатарына қосылдық.

 

Аллаға шүкір, ұлдарым ақылды боп ержетті. Өз күштерімен оқуға түсіп, жұмысқа тұрды. Шетінен үйлендіре бастадым. «Тойға әкемізді шақырайық» дейтін шығар деп ойлағам. Бірақ ұлдарым әкелерін естеріне алмады, көңілдері қатты қалып кеткен-ау. Бағыма орай келіндерім де өте жақсы болып шықты.

 

«Құдай менің бағымды байдан емес, баладан салған екен-ау» деп осы күні шүкіршілік етуден шаршамаймын. Содан күндердің бір күнінде баяғы күйеуімді арбап әкеткен әйел жүрек талмасынан қайтыс болды деп естідім. Жүрегімде оған деген титтей де жанашырлық қалмаған екен. «Құдайдың алдында күнәсі үшін жауап беретін болыпты» дедім де қойдым.

 

Арада бір жыл өткенде күйеуім үйге келіп, кешірім сұрап, аяғыма жығылды. Артынан бір қауым ел болып ауылдағы қайынағаларым, абысындарым келді. Шынымды айтсам, солардың сөзін жерге тастай алмадым, күйеуімді үйіме кіргіздім. Бірақ бір қалған көңілді қайта сендіру, ояту мүмкін емес екен. Қанша жерден өзімді басып, күйеуіме жылы сөйлейін десем де, оған деген өкпе-ренішім есіме түсіп кете береді.

 

Қатты-қатты сөйлеуге келіндерімнен ұяламын. Бірақ ол жас шағында істерін істеп болып, түк болмағандай үйге кіруге ұялмады. Ұятсыздығы сондай, жақында құда-құдағи, құдашаларды соғымға шақырып, үйімізде қонақ күткенбіз. Сонда күйеуім құдамның күйеуден ажырасқан қарындасына көз салып, кейін соны кездесуге шақырып, ел-жұрттың алдында масқара етті. Ол құдаша болған жайды келініме бастан-аяқ баяндап беріпті. Ұяттан жерге кіріп кете жаздадым. Енді құдаларымыздың алдында қарабет болып отырмыз.

 

Қуып жіберейін десем аяймын, қартайғанда кімге керек? Істеген тірлігі мынау, елге абыройымызды айрандай төгіп, бұрынғы әдетіне қайта басып отыр. Не істерімді білмеймін.

 

Көпті көрген кісілер болса, жол сілтеп, ақыл кеңестеріңізді айтсаңыздар екен. Ал мен өз тарапымнан қыз-келіншектерге «Еркек сені бір мәрте сатып кетті ме, екінші мәрте кешірім берме. Бір рет опасыздық жасаған адамның өзгеруі мүмкін емес» деп айтар едім...»

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста