Келін мен қайын ене арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады?

Келін мен қайын ене арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады?

Жоғары білімі бар заманауи қазақ қыздары келін мен қайын ене арасындағы қарым-қатынасқа жаңа өзгерістер енгізуде. Осындай пікір білдірген психологтар бойжеткендерге енесінің ескертуіне бола, шу шығармауға кеңес берді.

29 жастағы Динара – жалғызбасты ана. 22 жасында тұрмысқа шығып, ұлды болды. Алайда қайын енесімен сыйыса алмай, күйеуімен ажырасып кеткен. Кейін тағы да тұрмысқа шыққан. Күйеуі Динараны 5 жасар баласымен жылы қабылдағанына қарамастан, әйелге екінші мәрте қайын енесі жақпай қалған. Ақыры ол тағы да ажырасып тынды.

Бірінші қайын енесін ол балағаттады,  ал екіншісімен, тіпті төбелесіп қалды

«Біз өз қызымыздың мінезін жақсы білетіндіктен, оларды кінәламаймыз. Бірінші қайын енесін ол балағаттады. Ал екіншісімен, тіпті төбелесіп қалды. Біз солтүстік адамдары болғасын, дәстүрді түсіне бермейміз. Алайда қызымыз оңтүстіктің жігіттерін таңдап, сыйыса алмады. Бізге көндіккеннен басқа амал жоқ», – дейді ата-анасы.

Дегенмен бар мәселе келіндерден ғана емес, қайын енелерден де шығып жатады дейтіндер баршылық.

Динараның анасы Гүлжазира қызынан бөлек екі ұлды тәрбиелеп отыр. Олар бір келінді ұлына тең санамайтындықтан қабылдамаған. Ал кіші ұлынан әйелімен ажырасуды талап етіп отыр.

«Келін нашар, ұлым соның жетегінде кетуде. Қанша көмектесіп, қанша қаражат беріп жатсақ та, бірдеңе бола қалса, Қарағандыға ата-анасына кетіп қалуды шығарған», – дейді Гүлжазира.

Ал писхологтар болса, келінге қайын ененің “әлімжеттік көрсетуі” бұрыннан болған деп санайды.

«Ондайға шыдап келген келіндер кейін өздері де сондай “қайын енеге” айналады», – дейді психолог Сана Жұмабекова.

Мамандар мінезі қиын енеге тап болғанда шыдап жүре бермей, мәдениетті түрде жауап қайтаруды үйрену керек деген пікірде.

«Сен мені күштей алмайсың!» деп тіке айта салмай, «Сіз менімен есептеспесеңіз, мен өзімді нашар сезіне бастаймын, менің де пікіріме құлақ асқаныңызды қалаймын» деген жөн», – деп кеңесімен бөлісті Сана Жұмабекова.

Қазақ батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова болса, өз тәжірибесінде келін мен қайын ененің сыйыспай жатқанын көрмегенін айтуда.

Ол кезінде келін мен ене арасындағы қарым-қатынасқа байланысты кітап жазып шығарған. Ахметова екі тарап та бір-біріне шыдамдықпен қараса, жанжал туындамайтынына сенімді.

Әр әйел қайын ене бола алады. Ал ана болу үшін біраз тырысуға тура келеді

«Мен барлық енелерге айтамын: «Әр әйел қайын ене бола алады. Ал ана болу үшін біраз тырысуға тура келеді. Сенің бар болашақ ұрпағыңды келін тәрбиелейді. Сол себепті оны әрдайым сынап, ұрыс-керіс шығарған дұрыс емес. Жақсыға баулып, тәрбиелеудің жөні бөлек. Жақсы келіннің болуы жақсы енеге тікелей байланысты. Жаңа түскен келін де көп үйреншікті әдеттерінен арылуы тиіс. Мәселен, бұрын келіндер қонаққа күйеуінсіз бара алмайтын. Біздің тәрбие сондай болатын. Қазіргі аналар бұған қыздарын үйрете ме, білмедім. Біз біртіндеп дәстүрден алшақтап барамыз», – дейді Зейнеп Ахметова.

Ал 30 жастағы Айман есімді тұрғын түнгі клубтарға барғанды ұнатады екен. Тіпті тұрмысқа шыққаннан кейін де ол бұл әдетінен арыла алмаған.

Сол себепті екі жыл бұрын ол сүйікті күйеуімен ажырасып кетті. Айманның құрбылары оны осындай әуестігімен жылы қабылдай қоятын жігіт те, қайын ене де табылатынына күмәнмен қарайды.

NUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста