Имандай сенген жігітім маған қиянат жасады

 Ассаламуалейкум баршаларыңызға. Рамазан айы мүбəрак болсын. Ораза ұстаған жан, Алла ниетіңді қабыл етсін. Алла баршаларымыздың күнəмізді кешірсін.
Менің жасым 20-да. ЖОО-ның студентімін. Намаз оқитын жігітпен арласып жүр едім. Міне бақытымды таптым. Алла маған ойымдағы жігітті жолықтырды,қолынан ұстап ол қайда жүр десе де көзімді жұмып барамын. Алла қандай сынақ берсе де бірге сабыр етеміз деп жүрген адамым мені зорламақшы болды. Сол жағдайдан кейін əлі өз-өзіме келе алмай жүрмін. Оның сол кездегі көзқарасы, айтқан ауыр сөздері есіме түсіп кете береді. Бір қорқынышты түс көргендеймін. Бір Алла абыройымды сақтады, шүкір! Содан соң жігіттерге мүлде сенуден қалдым. Жігітпен жеке  қалудан қорқам,жалғыз ешқайда  бармаймын, қашқақтаймын. Бірақ бұл жағдайды ешкімге айтпадым. Ұялдым, қорқтым.


Мінезім ашық-жарқын, бірақ махаббат сезімінен қорқамын. Кезінде жараланған жүрегім əлі жазылмады.  Жаңа танысуларды мүлдем қажет етпеймін. Себебі жүрегім ешбір жанға сенбейді. Менімен танысқысы келетін жігіттерден шаршадым. Жан дүниемді емес сұлулығымды сынайды. Көп жігіттердің ойында кəзір бір-ақ нəрсе. Неге? Өз қарындастарына сондай қиянат қалар ме екен? Ойы таза, адал жігіт барма өзі? Намаз оқығым келеді, өмірімді құлшылықпен өткізгім келеді. Алла күнəларымды кешсе. Арманым Алланың разылығын алып, соңғы сапарым Жəннат болса. Ұзын киіп, ғайбат сөз айтпай, болашақ жарымды таң намазына оятып, оның артында тұрып таң намазын оқыған қандай бақыт. Балаларымызды нағыз мұсылман қылып өсірсек. Болашақ жарымның ата анасы-менің ата анам. Оларды Меккеге қажылыққа жіберсек. Біз Алла өмір берсе барармыз. Ана өмірге аттанарда артымнан Құран бағыштап қалар ұрпақ қалса.


Əттең арманым орындаларма... Уақыт неткен тығыз...
Пенде болған соң армандаймын, мүмкін ол жасқа дейін жетпеймін... Өлім айтып келмейді ғой. Қабірде жатқандардың көбісі қартаймай көз жұмғандар. Ең болмаса басымды сəждеге иіп, ұзын кисем. Менен бақытты жан болмас еді. Алланың əмірін орындағаннан асқан қандай бақыт бар мұсылман адамға? Үйдегілерім қарсы. Оларды да түсінемін. Кəзір түрлі ағымдар көп. Бірақ саляфизм мен уахабизм қысқа балақ пен хиджаб емес. Исламды дұрыс түсінбегеннен...
Қоршаған ортам иманымды əлсіретеді. Достарымның арасында намаз оқушылар жоқтың қасы. Кейде нəпсім иманымды жеңіп кетеді. Мына дүние қандай алдамшы еді. Алданамыз...
Түзелгім келеді. Адамдардың бетіне өтірік күлуден жалықтым. Көлік, үй, байлық қажет емес. Өйткені олар бақыт əкелмейді! Машинасы, айфоны бар жігіттен жайнамазы мен тəпсісі бар жігіт қайырлы. Иманы берік, сабырлы жігітпен отбасы құрсам. Білем қиын болады, бірақ Жəннатқа жетуге тұрарлық!
Жанымды түсінер жан болса ғой...

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста