Ез еркекке қор болғанша,...

Осы сайттан күйеуінен қорлық көрген, жұмыс істемейтін, ақша таппайтын байын алға сүйреймін деп қажып жірген қыз-келіншектердің оқиғасын жиі оқимын. Өзім де солардың бірімін. Басымнан өткен жағдай болған соң өзім де осыған ой қосуды жөн көріп отырмын.

 

Менің жасым 23-те, ерте тұрмыс құрдым. Бірақ өкінішке орай, алғашқы некем сәтсіз болып шықты. Бұлда Алланың сынағы, бір жамандықтың артында бір жақсылықтың бары рас екен-ау. О баста жұбайымды жақсы көріп-ақ тұрмысқа шықтым, бірақ,адам аласы ішінде, мал аласы сыртында демекші бәрі мен ойлағандай болмады.

 

Уақыт өте келе күйеуімнің шамадан тыс көп өтірік сөйлейтінін байқадым, жылтыңдап көзіме тура қарай алмай, тайқақтап сөйлейді. Қарны бар еркектен қаш, өзін қанағаттандыра алмаған еркек саған қамқор бола алмас демекші,тек өтірік айтса мейлі ғой, не жарытып табыс таба алмайды. Айлығы 60 мың, 3 кредиті бар, үш жыл бойы 45 000-нан төлейді. Егер сол кредитті көлік алуға жұмсаса жақсы ғой, ең болмаса мініп жүрміз ғой деп өзіңді жұбатасың. Бірақ ол сол кредиттердің бәрін ақшалай алып, олимпке тігіп жібергеніне күйемін.

 

Мен, ақымақ сол күйеуімді адам қыламын деп оның бүкіл қарыздарын төлеп, зыр жүгіріп ақша табамын деп жүріп денсаулықты да құрттым. Күйеуімді асырап біраз уақыт шыдадым, ал ол болса намыстанатын түрі жоқ, масыл болып отырғанына былқ етпейді өзі. Одан катты көңілім калды.

 

Күйеусымағымның былықтарын жаба алмай жанталасып жүрсем, бір күні шешеміздей әйел адам отбасымызға килікті. Сөйтсем, әліг менің байым сол әйелге басы айналып қалыпты. Ол үлкен әйел сыйлық жасап, сылап-сипап біздің кісіні өзіне қаратып алған екен. Осындай қылығын білген соң бір күнде киім-кешегімді жинап кетіп қалдым, ешқашан оралмауға өзіме өзім серт бердім.

 

Уақыт өте келе өзіме өзім келдім, жұмысымды істеп жүрдім. Аллаға шүкір, қазір өзімнің жан жарымды кездестірдім, екінші рет отбасын құрдым. Менің түсінгенім талпынсы жоқ еркекпен қор болып жүргенше, ертерек басымды арашалап алғаным дұрыс болыпты. .Аққа Құдай жақ екен, мен ,өз арманымдағы иманды, сыпайы, ақкөңіл, пысық жігітті кездестірдім. Бір-бірімізді ұнатып, отбасын құрдым. Ендігі арманым сүйген адамымның ұрпағын жалғастыру.

 

Өмірде қатып қалған қағида жоқ қыздар, сендерге некелерің сəтсіз болса ажыраса беріңдер демеймін.Бірақ бір жамандықтын артында үлкен жақсылықтың тұрары хақ.

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста